"Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 743 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.12.2018 № 804 Жарлығымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193

      Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38,

      384-құжат; 2008 ж., № 31, 309-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру

      енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесінің банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасында:

      13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1. Банкноттардың бет немесе сырт жағында банкноттардың дайындалған кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қойылған қолы болуы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Коллекциялық және инвестициялық монеталардың дизайнында ұлттық валютаны шет елдерде танымал ету мақсатында дүниежүзілік тарихпен, жалпыәлемдік мәдениетпен, құндылықтармен және игілікпен байланысты бейнелерді пайдалануға жол беріледі.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


О внесении изменения и дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 25 сентября 2003 года № 1193 "Об утверждении Концепции дизайна банкнот и монет национальной валюты - казахстанского тенге"

Указ Президента Республики Казахстан от 29 января 2014 года № 743. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 12 декабря 2018 года № 804

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 12.12.2018 № 804.

      В соответствии со статьей 3 Закона Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 25 сентября 2003 года № 1193 "Об утверждении Концепции дизайна банкнот и монет национальной валюты - казахстанского тенге" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 38, ст. 384; 2008 г., № 31, ст. 309) следующее изменение и дополнение:

      в Концепции дизайна банкнот и монет национальной валюты - казахстанского тенге, утвержденной вышеназванным Указом:

      пункт 13-1 изложить в следующей редакции:

      "13-1. Лицевая или оборотная сторона банкнот должна содержать подпись Председателя Национального Банка Республики Казахстан, при котором осуществляется изготовление банкнот.";

      дополнить пунктом 19-1 следующего содержания:

      "19-1. В дизайне коллекционных и инвестиционных монет в целях популяризации национальной валюты в зарубежных странах допускается использование изображений, связанных с мировой историей, общемировой культурой, ценностями и достоянием.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

Президент


Республики Казахстан

Н. НАЗАРБАЕВ