Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат; 2010 ж., № 7, 94-құжат; № 24, 173-құжат; № 38, 327-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; № 71, 1025-құжат; 2013 ж., № 6, 120-құжат; № 16, 274-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің басшылығымен осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.";
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
Майлыбаев - Қазақстан Республикасы
Бағлан Асаубайұлы Президенті Әкімшілігі Басшысының
орынбасары,
Шәженова - Қазақстан Республикасы Экономика
Дина Мэлсқызы және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің жауапты хатшысы,
комиссияның хатшысы
енгізілсін;
"Мәсімов - Қазақстан Республикасы
Кәрім Қажымқанұлы Президенті Әкімшілігінің
Басшысы, төраға",
"Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы
Ғабидолла Рахметоллаұлы Президенті Әкімшілігі Басшысының
орынбасары, төраға орынбасары",
"Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақыт Тұрлыханұлы Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі"
деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға",
"Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы
Ғабидолла Рахметоллаұлы Президенті Әкімшілігі Басшысының
орынбасары",
"Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақыт Тұрлыханұлы Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының Қаржы
министрі, төраға орынбасары";
көрсетілген комиссияның құрамынан А.Т. Манасова шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |