"Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 873 Жарлығы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат; № 38, 405-құжат; № 43, 481-құжат; 2009 ж., № 27-28, 234-құжат;’ № 33, 309-құжат; 2010 ж., № 45, 402-құжат; 2011 ж., 47, 630-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелерінде:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы конкурстың ұйымдастырушылары (бұдан әрі – ұйымдастырушылар) болып табылады.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Конкурс жыл сайын осы ережелердің 13-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.
      Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.»;
      56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
      6. Конкурсқа катысуға:
      1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
      2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
      3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
      4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
      5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
      6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.»;
      89-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Конкурсты өткізу мерзімдері:
      1) қаңтар – конкурстың басталуы туралы хабарлау;
      2) жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;
      3) жыл сайын 1 қазанға дейін – жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала жасаған қорытындыларын және конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;
      4) желтоқсан – қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
      9. Жергілікті атқарушы орган:
      1) конкурсты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
      2) үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін сараптамалық жұмыс тобын құрады;
      3) конкурсты өткізу тәртібі туралы ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастырады.»;
      10-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:»;
      мынадай мазмұндағы 11-1, 11-2 және 11-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «11-1. Жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік органдардан конкурсқа қатысуға өтінімдерде үміткерлер көрсеткен мәліметтердің дәйектілігін растайтын ақпаратты сұратады және үміткерлерді осы ережелердің 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.
      Үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкессіздіктер анықталған ретте конкурсқа қатысуға өтінімнің қабылданбағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.
      11-2. Сараптамалық жұмыс топтары осы ережелердің 11-тармағында көрсетілген критерийлердің негізінде үміткерлердің өтінімдерін бағалауды жүргізеді және сараптамалық қорытындылар дайындайды.
      11-3. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялар сараптамалық жұмыс топтарының қорытындылары негізінде алдын ала қорытынды жасайды.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала қорытындыларын қарағаннан кейін түпкілікті қорытынды жасап, оны және үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсынады.»;
      13-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
      Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
      2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын».
      Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оған үміткерлердің әлеуметтік мәселелерді шешуде қол жеткізген жетістіктерін, конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімдерін, сондай-ақ лауреаттар тізімін жариялау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.»;
      мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «16-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурстың өңірлік кезеңін өткізу процесін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және конкурстың республикалық кезеңіне катысуға ұсынылатын үміткерлердің тізімін жариялауды қамтамасыз етеді.
      16-2. Ұйымдастырушылар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурс жеңімпаздарының үлгісінде әлеуметтік жауапкершіліктің үздік тәжірибелерін таратуды ұйымдастырады.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.»;
      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың алдын ала қорытындыларын қарау, түпкілікті қорытынды жасау, оны және үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсыну;»;
      3) жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:
      мына:
      «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі»,
      «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасының төрағасы (келісім бойынша)» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі»,
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)».
      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 523 "О конкурсе по социальной ответственности бизнеса "Парыз"

Указ Президента Республики Казахстан от 1 августа 2014 года № 873

Подлежит опубликованию в    
Собрании актов Президента    
и Правительства Республики Казахстан
и республиканской печати     

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 523 «О конкурсе по социальной ответственности бизнеса «Парыз» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 3, ст. 36; № 38,  ст. 405; №  43, ст. 481; 2009 г., № 27-28, ст. 234; № 33, ст.  309; 2010 г., №  45, ст. 402; 2011 г., № 47, ст. 630; 2012 г., № 36, ст. 476; 2014 г., № 4, ст. 29) следующие изменения и дополнения:
      1) в правилах проведения конкурса по социальной ответственности бизнеса «Парыз», утвержденных вышеназванным Указом:
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Организаторами конкурса являются Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, местные исполнительные органы, Министерство окружающей среды и водных ресурсов Республики Казахстан, Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан и Федерация профсоюзов Республики Казахстан (далее – организаторы).»;
      дополнить пунктом 4-1 следующего содержания:
      «4-1. Конкурс проводится ежегодно на региональном и республиканском уровнях по номинациям, указанным в пункте 13 настоящих правил.
      Участие в региональном и республиканском этапах конкурса является бесплатным.»;
      пункты 56 изложить в следующей редакции:
      «5. Претенденты оформляют и представляют материалы на бумажном и электронном носителях местным исполнительным органам областей, города республиканского значения и столицы, в соответствии с настоящими правилами.
      6. К участию в конкурсе допускаются претенденты, которые:
      1) осуществляют деятельность не менее трех лет;
      2) не находятся в стадии ликвидации, не признаны банкротом;
      3) не имеют не устраненных нарушений трудового законодательства Республики Казахстан, в том числе просроченную задолженность по заработной плате и другим выплатам работникам;
      4) не имеют коллективно-трудовых споров с работниками;
      5) осуществляют социальную и благотворительную деятельность на территории Республики Казахстан, которая не должна быть направлена на поддержку политических, профсоюзных и религиозных организаций;
      6) в заявке на участие в конкурсе указали достоверные сведения, а также в полном объеме представили документы.»;
      пункты 89 изложить в следующей редакции:
      «8. Сроки проведения конкурса:
      1) январь – объявление о начале конкурса;
      2) до 1 июля ежегодно – прием местными исполнительными органами заявок;
      3) до 1 октября ежегодно – направление местными исполнительными органами в Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан предварительных заключений областных комиссий по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений и заявок претендентов на участие в конкурсе в одном экземпляре;
      4) декабрь – подведение итогов, награждение победителей.
      9. Местный исполнительный орган:
      1) разрабатывает и утверждает план мероприятий по проведению конкурса;
      2) формирует экспертную рабочую группу для оценки заявок претендентов, в состав которой входят представители палаты предпринимателей областей, города республиканского значения и столицы, территориальных объединений профессиональных союзов;
      3) организует информирование организаций о порядке проведения конкурса.»;
      абзац первый пункта 10 изложить в следующей редакции:
      «10. Для участия в конкурсе претенденты направляют местным исполнительным органам материалы в двух экземплярах, которые включают в себя:»;
      дополнить пунктами 11-1, 11-2 и 11-3 следующего содержания:
      «11-1. Местный исполнительный орган запрашивает у соответствующих государственных органов информацию, подтверждающую достоверность сведений, указанных претендентами в заявках на участие в конкурсе, и проверяет претендентов на предмет соответствия требованиям, указанных в пункте 6 настоящих правил.
      При выявлении несоответствия требованиям, предъявляемым к претендентам, направляется письменное уведомление об отклонении заявки на участие в конкурсе.
      11-2. Экспертные рабочие группы на основании критериев, указанных в пункте 11 настоящих правил, проводят оценку заявок претендентов и готовят экспертные заключения.
      11-3. Областные комиссии по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений на основании заключений экспертных рабочих групп формируют предварительное заключение.»;
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      «12. После рассмотрения предварительных заключений областных комиссий по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан формирует итоговое заключение и представляет его с материалами претендентов на рассмотрение Комиссии.»;
      подпункты 1) и 2) пункта 13 изложить в следующей редакции:
      «1) «Лучшее социально ответственное предприятие».
      В данной номинации рассматривается деятельность претендентов, реализующих социальные программы, направленные на поддержку собственного персонала, социальную адаптацию людей с ограниченными возможностями и улучшение благосостояния общества в целом (организация оплаты труда и социальных выплат, системы профессиональной подготовки и переподготовки кадров, трудоустройство наибольшего количества людей с ограниченными возможностями и так далее);
      2) «Лучшее предприятие в области охраны труда».
      В данной номинации рассматривается деятельность претендентов, создающих условия труда, позволяющие сохранить здоровье работников в процессе трудовой деятельности;»;
      пункт 16 изложить в следующей редакции:
      «16. Публикация в средствах массовой информации объявления о проведении конкурса, достижений его претендентов в решении социальных вопросов, процедуры награждения победителей конкурса, а также списка лауреатов осуществляется при содействии Агентства Республики Казахстан по связи и информации.»;
      дополнить пунктами 16-1, 16-2 следующего содержания:
      «16-1. Местные исполнительные органы областей, города республиканского значения и столицы обеспечивают освещение в местных средствах массовой информации процесса проведения регионального этапа конкурса и опубликование списка претендентов, рекомендуемых для участия в республиканском этапе конкурса.
      16-2. Организаторы и местные исполнительные органы областей,  города республиканского значения и столицы организуют распространение лучшего опыта социальной ответственности на примере победителей конкурса.»;
      пункт 17 изложить в следующей редакции:
      «17. Лауреаты конкурса получают право использования эмблемы конкурса в рекламных целях в течение трех лет после присуждения этого звания. Не допускается повторное выдвижение на соискание звания лауреата конкурса в течение двух лет после получения этого звания в определенной номинации.»;
      2) в положении о Комиссии по присуждению званий лауреатов конкурса по социальной ответственности бизнеса «Парыз», утвержденном вышеназванным Указом:
      подпункт 2) пункта 8 изложить в следующей редакции:
      «2) рассмотрение предварительных заключений областных комиссий по социальному партнерству и регулированию социальных и трудовых отношений, формирование итогового заключения и представление его и материалов претендентов на рассмотрение Комиссии;»;
      3) в должностном составе Комиссии по присуждению званий лауреатов конкурса по социальной ответственности бизнеса «Парыз»,  образованном вышеназванным Указом:
      строки:
      «Министр культуры и информации Республики Казахстан»,
      «Председатель Национальной экономической палаты «Союз «Атамекен» (по согласованию)» изложить в следующей редакции:
      «Министр культуры Республики Казахстан»,
      «Председатель правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан (по согласованию)».
      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. НАЗАРБАЕВ