"Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 893 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 01.03.2016 № 205 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      "1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 49-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
      "1. Бағдарламаның Паспорты" деген бөлімде:
      бағдарламалық мақсаттарда:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру;";
      міндеттерінде:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;";
      жетінші абзац алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;
      республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту;
      мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау;
      мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыру;
      инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен, лифтілермен және т.б. жарақтандыру);
      оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын енгізу есебінен тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту;";
      нысаналы индикаторларда:
      "3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етілген;" деген алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2020 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз етілетін болады;";
      " 3. Ағымдағы жай-күйді талдау" деген бөлімде:
      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" деген параграф мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
      Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанда 7 жасқа дейінгі балалардың 70%-ын қамтитын Орталық Азиядағы ең үздік білім беру жүйесі болды.
      1991 жылы 8743 балабақша болды, олардың жартысынан астамы (4868) "оңтайландыру" кезеңінде жекешелендірілді, балабақша ғимараттарының бір бөлігі қараусыз қалып, бұзылды. Тұтастай алғанда, 2000 жылға дейін республикадағы балабақшалардың саны 1144-ке дейін азайды.
      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 8590 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларға 644,3 мың бала барады.
      Халықаралық (Германиядағы, Жапониядағы және т.б.) тәжірибені ескере отырып, сондай-ақ балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен көбірек қамту мақсатында белсенді түрде шағын орталықтар ашылуда (шағын орталықтар - 63,5%, балабақшалар - 36,4%).
      Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген.
      Республикада 2375 бала үшін 166 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, бұл анықталған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 14%-ын құрайды.
      Бұдан басқа, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39 арнайы балабақша мен жалпы мақсаттағы балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда 5879 баланы құрайды.
      Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтарында, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі - ППТК) түзету-педагогикалық қолдау көрсету көзделген.
      Республиканың жұмыс істеп тұрған 129 ППТК-де негізінен мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет көрсетіледі. Даму мүмкіндіктері шектеулі 43811 баланың 15244-і мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.
      2010-2014 жылдар аралығындағы үш жыл ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың саны құрылыс, жекеменшік балабақшалар ашу және бұрын жекешелендірілген балабақшалардың ғимараттарын қайтару, бос тұрғандарын ыңғайластыру, тұрғын үй кешендерінің 1-қабатында ашу сияқты өзге де енгізу тәсілдері есебінен 288,3 мың орындық 4 мыңнан астам бірлікке (1211 балабақша және 2811 шағын орталық) өсті.
      Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 2010 жылдан бастап 16,5%-ға өсіп, 71,5%-ды құрады.
      Сонымен бірге елде мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілігі өзекті проблема күйінде қалып отыр. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға деген қажеттілік барлық өңірлерде байқалды.
      2010 жылдан бастап балабақшаларда орын күтушілердің саны 34,9 мың балаға өсті және қазіргі уақытта 406,6 мың баланы құрады, олардың 3-6 жастағы 196,6 мыңы мектепке дейінгі ұйымда орын алуға тіркелген.
      Елдегі демографиялық процестер - республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында орын алуға кезектің өсуінің айқындаушы факторларының бірі.
      Қазақстанда соңғы 20 жылдағы бала тууды талдау: 1990 және 1999 жылдар аралығында туу деңгейінің төмендегенін, ал 2000 жылдан 2013 жылға дейін туу деңгейінің орташа есеппен 13 мың адамға өскенін көрсетті, бұл кейін мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға кезектің жылына 5-7%-ға өсуіне әкеледі.
      2013 жылы ең көп бала саны Астана қаласында (4978), Алматы (11254) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (20448) туылған. Жалпы республика бойынша халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2716 адамды құрады.
      Осыған байланысты мақсатқа қол жеткізуге кедергі келтіретін демографиялық процестерге байланысты тәуекелдер туындауы мүмкін.
      Демографиялық процестердің оң серпіні орын алған жағдайда, мектепке дейінгі ұйымдардағы қажеттілік туындайтын немесе өсетін елді мекендердің саны артады.
      Тәуекел деңгейін төмендету үшін балаларды қамтудың артуы және мектепке дейінгі ұйымдарды ашуды қаржыландыру көрсеткіштерін жыл сайынғы нақтылау кезінде мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін (бұдан әрі - МЖӘ) жандандыру қажет.
      Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында мектепке дейінгі білім берудің халықаралық және үздік отандық тәжірибесіне талдау жүргізілді.
      Бұл мынадай проблемаларды айқындауға мүмкіндік берді: балалармен жұмыста қолданылатын әдістер мен жұмыс нысандарының қазіргі заман талаптарына сәйкес келмеуі, мұнда балалардың танымдық қызығушылықтары, олардың білуге құмарлығы мен дербестігі ескерілмейді. Бұдан басқа, мектепке дейінгі білім беруде технологияларды енгізуде жүйеліліктің жоқтығы анықталды. Осыған байланысты қолданыстағы бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі - МЖБС) талаптарына сәйкес қайта жаңарту талап етіледі.
      Мектепке дейінгі деңгейді дамытудың маңыздылығы мен өзектілігін ескере отырып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) жобасының шеңберінде балаларды ерте дамыту бойынша зерттеулер жүргізілуде.
      Қазіргі уақытта Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, балаларды, оның ішінде ерте жастағы балаларды дамытудың әртүрлі нысандарын дамыту бойынша іс-шаралар жүргізуде:
      1) мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтерінің желісін кеңейту;
      2) консультативтік пункттер желісін кеңейту, ата-аналарға арналған телехабарлар тарату бағдарламаларын, оқыту сайттарын жасау, отбасылардың интернет-ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы ата-аналарды білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету;
      3) мектепке дейінгі білім беру жүйесінің, оның ішінде балаларды ерте жастан дамыту бойынша мазмұнын бағдарламалық-әдістемелік жаңарту;
      4) балаларды ерте жастан дамыту бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
      Қазіргі таңда Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшу кезінде мектепке дейінгі білім берудің негізгі рөлі мектеп жасына дейінгі баланың балабақшадан бастауыш мектепке қиналмай ауысуына жағдай жасау, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың білім алуының сабақтастығы мен үздіксіздігі болып табылады.
      Әлемдік тәжірибе баланың 3-тен 6 жасқа дейінгі даму кезеңі мектепте оқуға дайындау үшін ең қолайлы жас екенін көрсетіп отыр. Осылайша, Францияда мектепке дейінгі білім беру міндетті болып табылмайды, бірақ 3-6 жасқа дейінгі балалардың барлығы дерлік балабақшаға барады. Мұндай жағдай Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда орын алған. Данияда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың құрылымы қазақстандық құрылымға ұқсас: бөбекжай - бір жарым жастан 3 жасқа дейінгі балалар үшін, балабақшалар - 3-тен 6-7 жасқа дейін.
      Әлемдік үрдістерді және білім беру жүйесінің 12 жылдық оқытуға көшуін ескере отырып, балаларды мектепте оқытуға 3 жастан 6 жасқа дейін дайындауды қамтамасыз ету қажет.
      Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін республикада ата-аналарға арналған 1046 консультативтік пункт жұмыс істейді.
      Ел Президентінің халыққа жолдауы жаңа мәдениет пен миссияға ие, үш тілді (мемлекеттік, ұлтаралық келісім мен қатынас тілі ретінде орыс және шет тілі) меңгерген жаңа форматтағы адам тәрбиелеуді көздейді.
      1867 (59,6%) балабақша және жалпы контингенті 340,4 мың баланы құрайтын 3780 (69,2%) шағын орталықта тәрбиелеу-білім беру процесі қазақ тілінде жүзеге асырылады.
      310 балабақшада (9,9%) және 1682 шағын орталықта (29,8%) 92,1 мың бала орыс тілінде, 948 балабақшада (30,3%) 211,5 мың бала орыс және қазақ тілдерінде және 3 балабақшада (0,1%) 267 бала өзбек тілінде тәрбиеленуде.
      Мемлекеттік тіл мәртебесінің артуы қазақ тілінде тәрбиелейтін және оқытатын мектепке дейінгі ұйымдарда жергілікті емес ұлт балалары санының өсуіне ықпал етеді. Қазіргі таңда оларда орыс және басқа ұлттардың 93 мыңнан астам баласы тәрбиеленуде.
      Қазіргі жағдайда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуы педагог кадрларды даярлау мен қайта даярлау мәселесі қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанына негізделген.
      2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында 60422 адам (12957 - шағын орталықтардың педагогтері) еңбек етеді, оның ішінде жас педагогтер саны - 18387 адам.
      Білім деңгейі: 58%-ы жоғары білімді, бұл ретте арнайы мектепке дейінгі - 21,2%, орта арнаулы - 37,9%, оның ішінде мектепке дейінгі жоғары білімі барлар - 53%.
      Қайта даярлау курстарынан өткен педагогтердің үлесі, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлер, дефектологтер, логопедтер, психологтер және басқалары 26,1%-ды құрады.
      Мектепке дейінгі ұйымдарды ашудың және енгізудің 2014-2020 жылдарға арналған қадамдық жоспарына сәйкес 2020 жылға дейін кадрларға қажеттілік - 25607 адамды (тәрбиешілер - 14952, психологтер - 2724, басқа мамандар - 4894, басшылар - 3037) құрайды, ол колледждер (8097 адам) мен ЖОО (37200 адам) түлектері есебінен қамтамасыз етілетін болады.
      Жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдардың (мектепке дейінгі жоғары білімі бар) педагогтермен қамтамасыз етілуін талдау негізінен педагогтердің жоғары педагогикалық білімі бейіні бойынша емес екендігін көрсетіліп отыр. Бұл ретте аталған педагогтердің 5 жыл және одан көп жұмыс өтілі бар.
      Мектепке дейінгі ұйымдардың 56795 педагогі "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" акционерлік қоғамында (бұдан әрі -"Өрлеу" БАҰО" АҚ) 2020 жылға дейін қысқа мерзімді біліктілігін арттыру курстарымен жоспарлы түрде қамтамасыз етіледі.
      Мектепке дейінгі ұйымдарда 8-9 және одан да көп топтарға медициналық бикеге 1,5 мөлшерлеме және диеталық бикеге 0,5 мөлшерлеме қарастырылған. Ұйымдарда физиотерапия кабинеттері бар, балаларды дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту бойынша міндеттерді орындайтын дәрігер қызметіне бір штаттық бірлік қарастырылады.
      Шағын орталықтарда, қысқа мерзімде болатын топтардағы мектепке дейінгі жастағы балаларға медициналық қызмет көрсету аумақтық ұйымдарда бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК) арқылы жүзеге асады.
      Баяндалғанды ескере отырып, мынадай күшті және әлсіз жақтарын атап көрсетуге болады.
      Күшті жақтары: мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен толық қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік білім беру тапсырысын мектепке дейінгі ұйымдарда меншік нысанына қарамастан орналастыру жекеше секторды білім беру саласына тартуды жалғастырады. Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім беру айтарлықтай өседі (5%-дан 15%-ға дейін). Бұдан басқа, мектепке дейінгі білім беру мазмұнының сапасы, оның ішінде кадр құрамы жақсарады. Бағдарлама 120 мыңнан астам адамның жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі (2014 ж. - 17,8 мың адам, 2015 ж. - 14,8 мың адам, 2016 ж. -15,2 мың адам, 2017 ж. - 11,8 мың адам, 2018 ж. - 13 мың адам, 2019 ж. - 18,2 мың адам, 2020 ж. - 37,9 мың адам).
      Әлсіз жақтары: мектепке дейінгі ұйымдардың желісі, негізінен, үлгілік балабақшалардың құрылысын салу есебінен емес, баламалы желі (шағын орталықтар, мектепке дейінгі ұйым ашуға болатын бос тұрған ғимаратты ыңғайластыру, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында мектепке дейінгі ұйымдарды ашу және т.б.) есебінен өседі.";
      "Мүмкіндіктер" деген бөлік мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қолжетімділікті қамтамасыз ету;
      педагог кәсібіне қызығушылық тудыру;
      бүкіл қызмет уақытында оқыту, оның ішінде шетелде оқыту және кәсіби құзыреттілігін дамыту.";
      "Қауіп-қатерлер" деген бөлік мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      "еңбек уәждемесінің төмендігі және педагог кәсібінің беделсіздігі;
      демографиялық процестерге (туудың өсуі) және көші-қон жағдайына байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда орын алу кезектілігі мен орын тапшылығының өсуі.";
      "4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асырылу нәтижелерінің көрсеткіштері" деген бөлімде:
      "Нысаналы индикаторлар" деген бөліктің:
      мына:
      «

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету

40% 1 шілдеде

74%

100%

      »

      деген жетінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

1 шілдеде 40%

77,7%

100%

      »;

      "Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады" деген бөлікте:
      мына:
      «

мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардың үлесі

59,7%

60%

52,7%

ЖАО, БҒМ

мектепалды даярлықпен қамтылған 5-6 жастағы балалардың үлесі

83%

100%

100%

ЖАО, БҒМ

балабақшалардың жалпы санынан жеке-меншік балабақшалардың үлесі

10%

12%-дан кем емес

15%-дан кем емес

ЖАО, БҒМ

      »

      деген он екінші, он үшінші, он төртінші жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан мектепке дейінгі шағын орталықтардың үлесі

59,7%

60%

52,7%

ЖАО,
БҒМ

мектепалды даярлықпен қамтылған 5-6 жастағы балалардың үлесі

83%

100%

100%

ЖАО, БҒМ

балабақшалардың жалпы санынан жекеменшік балабақшалардың үлесі

10%

27,9%-дан кем емес

30%-дан кем емес

ЖАО, БҒМ

      ";

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «

жоғары және бірінші біліктілік санаттары бар педагог қызметкерлердің үлесі

-

30,5%

50%

ЖАО, БҒМ

көп тілде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі

-

15%

50%

ЖАО, БҒМ

инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі

-

8,5%

15%

ЖАО, БҒМ

педаготтердің жалпы санындағы біліктілікті арттырудан өткен педагог қызметкерлердің үлесі

-

29%

50%

ЖАО, БҒМ

балалардың инновациялық жобаларын қорғау бойынша конкурсқа қатысатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (жобалау қызметі, дойбы, шахмат, денсаулық сақтайтын технологиялар және т.б.)

-

15,5%

50%

ЖАО, БҒМ

»;

      "5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар" деген бөлімде:
      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" деген параграфта:
      "Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту" деген бөлікте:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "2020 жылы 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтамасыз ететін мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар желісі дамитын болады.";
      екінші абзац алып тасталсын;
      "Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз етуде" деген бөлікте:
      екінші, үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алғашқы қадам", "Зерек бала", "Біз мектепке барамыз" жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, сондай-ақ "Балбөбек", "Қайнар" және т.б. сияқты бірқатар баламалы бағдарламалар жаңартылатын болады;
      480408 орын енгізіледі, бұл 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз етеді;";
      "6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері" деген бөлімде:
      "Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай әлеуметтік-экономикалық әсерлер қамтамасыз етіледі:" деген бөлікте:
      "2020 жылға қарай:" деген жол мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтуды қамтамасыз ету.".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. НАЗАРБАЕВ

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118 "Об утверждении Государственной программы развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы"

Указ Президента Республики Казахстан от 12 августа 2014 года № 893. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 1 марта 2016 года № 205

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 01.03.2016 № 205.

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 7 декабря 2010 года № 1118 "Об утверждении Государственной программы развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 5, ст. 49) следующие изменения и дополнения:
      в Государственной программе развития образования Республики Казахстан на 2011 - 2020 годы, утвержденной вышеназванным Указом:
      в разделе "1. Паспорт Программы":
      в программных целях:
      абзац пятый изложить в следующей редакции:
      "удовлетворение потребности населения в качественных услугах организаций дошкольного воспитания и обучения;";
      в задачах:
      абзац шестой изложить в следующей редакции:
      "обеспечение до 2015 года полного охвата детей 5-6-летнего возраста предшкольной подготовкой;";
      абзац седьмой исключить;
      дополнить абзацами следующего содержания:
      "обеспечение равного доступа детей к различным программам дошкольного воспитания и обучения для их подготовки к школе;
      увеличение вариативной сети дошкольных организаций с учетом демографической ситуации в республике и образовательных потребностей населения;
      создание необходимых финансово-экономических условий для решения проблем дефицита дошкольных организаций;
      осуществление полного обеспечения дошкольных организаций квалифицированными кадрами и постоянное повышение их квалификации;
      развитие инклюзивного образования (оснащение дошкольных организаций пандусами, подъездами, подъемниками, лифтами и др.);
      обновление содержания воспитания и обучения за счет внедрения новых методик и технологий обучения;";
      в целевых индикаторах:
      абзац шестой "100 % детей в возрасте с 3 до 6 лет обеспечены дошкольным воспитанием и обучением;" изложить в следующей редакции:
      "в 2020 году будет обеспечен 100 % охват детей в возрасте от 3 до 6 лет дошкольным воспитанием и обучением;";
      в разделе "3. Анализ текущей ситуации":
      параграф "Дошкольное воспитание и обучение" изложить в следующей редакции:
      "Дошкольное воспитание и обучение
      До обретения независимости Казахстан обладал самой лучшей в Центральной Азии системой образования, которая охватывала около 70 % детей до 7 лет.
      В 1991 году существовали 8 743 детских сада, более половины (4 868) которых были приватизированы в период "оптимизации", часть зданий детских садов была заброшена, претерпела разрушение. В целом, до 2000-го года количество детских садов в республике уменьшилось до 1 144.
      На 1 января 2013 года в республике функционируют 8 590 дошкольных организаций, их посещают 644,3 тыс. детей.
      С учетом международного опыта (Германия, Япония и др.), а также с целью обеспечения большего охвата детей дошкольным воспитанием и обучением активно открываются мини-центры (мини-центры - 63,5 %, детские сады - 36,4 %).
      Законодательством Республики Казахстан в соответствии с основополагающими международными документами в области образования предусматривается принцип равных прав на образование для детей с ограниченными возможностями в развитии.
      В республике осуществляется инклюзивное образование в 166 детских садах для 2 375 детей, что составляет 14 % от общего количества выявленных детей с ограниченными возможностями.
      Кроме того, функционируют 39 специальных детских садов и 315 специальных групп в детских садах общего назначения для детей с ограниченными возможностями в развитии. Их контингент составляет в детских садах 4 945 детей, в спецгруппах - 5 879.
      Для детей с ограниченными возможностями, не имеющими возможности посещать специальные дошкольные организации, предусмотрено оказание коррекционно-педагогической поддержки в реабилитационных центрах, кабинетах психолого-педагогической коррекции (далее - КППК).
      В 129 действующих КППК республики обслуживаются дети, в основном, дошкольного возраста. Из 43 811 детей с ограниченными возможностями в развитии 15 244 ребенка охвачены дошкольным воспитанием.
      За три года с 2010-2014 годы число дошкольных организаций увеличилось более чем на 4 тыс. единицы (1 211 детских садов и 2 811 мини-центров) на 288,3 тыс. мест за счет строительства, открытия частных детских садов и других способов ввода, таких как возврат ранее приватизированных зданий детских садов, приспособление пустующих, открытие на 1-х этажах жилых комплексов.
      Охват детей дошкольными организациями с 2010 года вырос на 16,5 % и составил 71,5 %.
      Вместе с тем, остается актуальной проблема недостаточности дошкольных организаций в стране. Потребность в организованном дошкольном воспитании и обучении наблюдалась во всех регионах.
      С 2010 года число ожидающих места в детских садах выросло на 34,9 тыс. детей и в настоящее время составляет 406,6 тыс. детей, из них 196,6 тыс. в возрасте от 3-6 лет зарегистрированы на получение  места в дошкольной организации.
      Демографические процессы в стране - один из определяющих факторов роста очереди на получение мест в дошкольных организациях республики.
      Анализ рождаемости детей в Казахстане за последние 20 лет показывает: с 1990 по 1999 годы произошло снижение рождаемости, а с 2000 до 2013 года - рост рождаемости, в среднем, на 13 тыс. человек, что обусловит в последующем увеличение очередности на места в дошкольных организациях на 5-7 % в год.
      В 2013 году наибольшее число детей родилось в городе Астане (4 978), Алматинской (11 254) и Южно-Казахстанской областях (20 448). Естественный прирост населения в целом по республике за этот же период составляет 2 716 человек.
      В связи с чем возможно возникновение рисков, связанных с демографическими процессами, которые могут препятствовать достижению цели.
      При положительной динамике демографических процессов число населенных пунктов, в которых возникнет или возрастет потребность в дошкольных организациях, увеличится.
      Для снижения уровня риска при ежегодных уточнениях показателей роста охвата детей и финансирования открытия дошкольных организаций необходимо активизировать механизм размещения государственного образовательного заказа в дошкольных организациях и развитие государственно-частного партнерства.
      В целях обновления содержания дошкольного образования проведен анализ международного и лучшего отечественного опыта дошкольного образования.
      Это позволило выявить следующие проблемы: несоответствие используемых методов и форм работы с детьми требованиям современности, где не всегда учитывались познавательные интересы детей, их любознательность и самостоятельность. Кроме того, выявлено отсутствие системности во внедрении технологий в дошкольном образовании. В связи с чем, содержание действующих программ и учебно-методических комплексов требует обновления согласно Государственному общеобязательному стандарту образования (далее - ГОСО).
      С учетом значимости и актуальности развития дошкольного уровня в рамках проекта Организации экономического сотрудничества и развития (далее - ОЭСР) ведутся исследования по раннему развитию детей.
      В настоящее время Министерством совместно с местными исполнительными органами проводятся мероприятия по развитию различных форм развития детей, в том числе раннего возраста:
      1) расширение сети всех видов и типов дошкольных организаций;
      2) обеспечение образовательными услугами родителей через расширение сети консультативных пунктов, создание телевещательных программ для родителей, обучающих сайтов, обеспечение семьям доступа к интернет-ресурсам;
      3) программно-методическое обновление содержания системы дошкольного образования, в том числе по раннему развитию детей;
      4) организация фундаментальных и прикладных научно-исследовательских работ по раннему развитию детей.
      В Казахстане в настоящее время основополагающей ролью дошкольного образования при переходе на 12-летнее образование является создание условий для безболезненного перехода ребенка-дошкольника из детского сада в начальную школу, т.е. преемственность и непрерывность образования детей дошкольного возраста.
      Мировая практика показывает, что наиболее благоприятным возрастом для подготовки к обучению в школе является период развития ребенка с 3 до 6 лет. Так, во Франции дошкольное образование не является обязательным, но практически все дети с 3 до 6 лет посещают детский сад. Аналогичная ситуация в Германии, Канаде, Венгрии, Англии. В Дании структура дошкольного воспитания и обучения схожа с казахстанской: ясли - для детей от полугода до 3 лет, детские сады - от 3 до 6-7 лет.
      Учитывая мировые тенденции и переход системы образования на 12-летнее обучение, необходимо обеспечить подготовку детей к обучению в школе с 3-х до 6 лет.
      Для обеспечения преемственности семейного и общественного воспитания в республике функционируют 1 046 консультационных пунктов для родителей.
      Послание Президента страны народу предусматривает воспитание человека нового формата с новой культурой и миссией, владеющего тремя языками (государственным, русским, как языком межнационального согласия и общения, иностранным языком).
      Воспитательно-образовательный процесс осуществляется на казахском языке в 1 867 (59,6 %) детских садах и 3 780 (69,2 %) мини-центрах с общим контингентом 340,4 тысяч детей.
      В 310 (9,9 %) детских садах и 1 682 (29,8 %) мини-центрах воспитываются 92,1 тысяч детей на русском языке, в 948 (30,3 %) детских садах - 211,5 тысяч детей на русском и казахском языках, 267 детей в 3 (0,1 %) детских садах - на узбекском языке.
      Возросший статус государственного языка способствует росту числа детей некоренной национальности в дошкольных организациях с казахским языком воспитания и обучения. Сегодня в них воспитывается более 93 тысяч детей русской и других национальностей.
      В современных условиях развитие системы дошкольного образования в значительной степени обусловлено тем, насколько эффективно осуществляется вопрос подготовки и переподготовки педагогических кадров.
      По состоянию на 1 января 2013 года в дошкольных организациях республики трудятся 60 422 педагога (12 957 - педагоги мини-центров), в том числе молодых – 18 387.
      Образовательный уровень: 58 % имеют высшее образование, при этом специальное дошкольное - 21,2 %, среднее специальное - 37,9 %, в том числе дошкольное – 53 %.
      Доля педагогов, в том числе заведующих дошкольными организациями, методистов, дефектологов, логопедов, психологов и др., прошедших курсы повышения квалификации, составила 26,1 %.
      Согласно Пошаговому плану ввода и открытия дошкольных организаций на 2014-2020 годы потребность в кадрах до 2020 года составит 25 607 человек (воспитателей – 14 952, психологов – 2 724, других специалистов – 4 894, руководителей – 3 037), которая будет обеспечена за счет выпускников колледжей (8 097 чел.) и вузов (37 200 чел.).
      Анализ обеспеченности действующих дошкольных организаций педагогами (с дошкольным образованием) показывает, что, в основном, педагоги имеют высшее педагогическое образование не по профилю. При этом, данные педагоги имеют стаж работы 5 лет и более.
      В акционерном обществе "Национальный центр повышения квалификации "Өрлеу" (далее - АО "НЦПК "Өрлеу") до 2020 года планово будут охвачены краткосрочными курсами повышения квалификации 56 795 педагогов дошкольных организаций.
      В дошкольных организациях предусмотрены 1,5 ставки медицинской сестры и 0,5 ставки диетической сестры на 8-9 групп и более. В организациях, выполняющих задачи по охране и укреплению физического и психического здоровья детей, имеющих кабинеты физиотерапии, предусматриваются по одной штатной единице должности врача.
      Медицинское обслуживание детей дошкольного возраста в мини-центрах, группах кратковременного пребывания будет осуществляться в территориальных организациях первичной медико-санитарной помощи (далее - ПМСП).
      С учетом изложенного можно выделить следующие сильные и слабые стороны.
      Сильные стороны: реализация государственной программы позволит обеспечить полный охват детей 3-6 лет дошкольным образованием. Размещение государственного образовательного заказа в дошкольных организациях независимо от формы собственности продолжит вовлечение частного сектора в образовательную среду. Значительно расширится инклюзивное образование в дошкольных организациях (с 5 % до 15 %). Кроме того, улучшится качество содержания дошкольного образования, в том числе и кадрового состава. Программа будет способствовать трудоустройству более 120 тысяч человек (2014 год - 17,8 тыс. чел., 2015 год - 14,8 тыс. чел., 2016 год - 15,2 тыс. чел., 2017 год - 11,8 тыс. чел., 2018 год - 13 тыс. чел., 2019 год - 18,2 тыс. чел., 2020 год - 37,9 тыс. чел.).
      Слабые стороны: увеличение сети дошкольных организаций, в основном, за счет альтернативной сети (мини-центры, приспособление пустующих зданий под открытие дошкольных организаций, открытие дошкольных организаций на 1-х этажах жилых комплексов и т.д.), а не за счет строительства типовых детских садов.";
      часть "Возможности" дополнить строками следующего содержания:
      "обеспечение доступа к дошкольному воспитанию и обучению;
      привлекательность профессии педагога;
      обучение на протяжении всей деятельности, в том числе за рубежом, и развитие профессиональной компетентности.";
      часть "Угрозы" дополнить строками следующего содержания:
      "низкая мотивация труда и непрестижность профессии педагога;
      рост очередности на получение мест в дошкольных организациях и дефицита мест в связи с демографическими процессами (рост рождаемости) и миграционной ситуацией.;
      в разделе "4. Цели, задачи, целевые индикаторы и показатели результатов реализации программы":
      строку седьмую части "Целевые индикаторы":
      "

охват детей в возрасте с 3 до 6 лет дошкольным воспитанием и обучением

40 % на 1 июля

74 %

100 %

                                                             "
      изложить в следующей редакции:
      "

охват дошкольным воспитанием и обучением детей в возрасте от 3 до 6 лет

40 % на 1 июля

77,7 %

100 %

                                                             ";
      в части "Достижения задач будут измеряться следующими  показателями:";
      строки двенадцатую, тринадцатую, четырнадцатую:
      "

доля дошкольных мини-центров от общего числа дошкольных организаций

59,7 %

60 %

52,7 %

МИО,
МОН

доля детей 5-6 лет, охваченных предшкольной подготовкой

83 %

100 %

100 %

МИО,
МОН

доля частных детских садов от общего числа детских садов

10 %

не менее 12 %

не менее 15 %

МИО,
МОН

                                                             ";
      изложить в следующей редакции:
      "

доля дошкольных мини-центров от общего числа дошкольных организаций

59,7 %

60 %

52,7 %

МИО,
МОН

доля детей 5-6 лет, охваченных предшкольной подготовкой

83 %

100 %

100 %

МИО,
МОН

доля частных детских садов от общего числа детских садов

10 %

не менее 27 %

не менее 30 %

МИО,
МОН

                                                              ";
      дополнить строками следующего содержания:
      "

доля педагогических работников с высшей и первой квалификационными категориями

-

30,5 %

50 %

МИО,
МОН

доля дошкольных организаций с полиязычным обучением

-

15 %

50 %

МИО,
МОН

доля дошкольных организаций, создавших условия для инклюзивного образования

-

8,5 %

15 %

МИО,
МОН

доля педагогических работников, прошедших повышение квалификации от общего количества педагогов

-

29 %

50 %

МИО,
МОН

доля дошкольных организаций, участвующих в конкурсе по защите детских инновационных проектов (проектная деятельность, шашки, шахматы, здоровьесберегающие технологии и т.д.)

-

15,5 %

50 %

МИО,
МОН

                                                              ";
      в разделе "5. Основные направления, пути достижения поставленных целей программы и соответствующие меры":
      в параграфе "Дошкольное воспитание и обучение":
      в части "Увеличение сети дошкольных организаций":
      абзац первый изложить в следующей редакции:
      "В 2020 году будет развита сеть государственных и частных детских садов, обеспечивающая 100 % охват детей 3-6 лет дошкольным воспитанием и обучением.";
      абзац второй исключить;
      в части "Обновление содержания, обеспечение кадрами":
      абзацы второй, третий изложить в следующей редакции:
      "обновлены основные общеобразовательные учебные программы "Алғашқы қадам", "Зерек бала", "Біз мектепке барамыз", а также ряд альтернативных программ, таких как "Балбөбек", "Қайнар" и др.;
      введено 480 408 мест, что обеспечит 100 % охват детей 3-6 лет дошкольным воспитанием и обучением;";
      в разделе "6. Этапы реализации программы":
      в части "В результате реализации Программы будут обеспечены следующие социально-экономические эффекты:":
      строку "к 2020 году:"
      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:
      "1-1. Обеспечение 100 % охватом детей в возрасте от 3 до 6 лет дошкольным воспитанием и обучением.”.
      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                    Н. НАЗАРБАЕВ