"Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 24 Жарлығы.

      Ескерту. Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 25.12.2015 № 144 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      Ұлттық экономиканы жаңғырту мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1, 19-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Астана қаласының аумағында "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі - Орталық) құрылсын.

      2. Алып тасталды - ҚР Президентінің 25.12.2015 № 144 Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп:

      1) Орталықты 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында орналастыра отырып, оның 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;

      2) 2015 жылғы 1 маусымға дейін Орталықты құру және дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын бекітсін;

      3) 2015 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына:

      Орталықты құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған, оның ішінде әлемнің жетекші қаржы орталықтары стандарттары негізінде, Орталықтың іс қағаздарында, оның ішінде сот ісін жүргізуде ағылшын тілін пайдалана отырып, ағылшын құқығының қағидаттары мен нормаларында Орталықтың қатысушылары арасындағы қатынастарды реттеуді көздейтін;

      дауларды қарау кезінде, оның ішінде инвестициялық дауларды қарау құқығымен шетелдік судьяларды тарта отырып, Орталықта қаржы сотын құруды көздейтін;

      Орталықтың қатысушылары үшін Орталық аумағында алынған кірістер бойынша корпоративтік табыс салығын және дивидендтер түрінде алынған кірістер бойынша, сондай-ақ Орталықтың қатысушылары қызметкерлерінің кірістері бойынша төлем көзіне салынатын жеке табыс салығын төлеуден 10 жылға босатуды көздейтін;

      Орталықтың қатысушылары-Қазақстан Республикасының резидент емес қызметкерлері үшін Орталық аумағында тауарларды сатып алған кезде қосылған құн салығын қайтару шарттарын айқындайтын;

      тәуелсіз исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін жағдайлар жасауды көздейтін;

      Орталық қатысушыларының шетелдік жұмыс күшін рұқсат алмай тарту мүмкіндігін көздейтін;

      Орталықтың қатысушылары үшін өзге де жеңілдіктер мен артықшылықтар беру мүмкіндігін көздейтін;

      Қазақстан Республикасының заңнамасын әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына сәйкес келтіруге бағытталған Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізсін;

      4) алып тасталды - ҚР Президентінің 25.12.2015 № 144 Жарлығымен;

      5) Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Орталықты басқару жөніндегі кеңес құру бойынша ұсыныс енгізсін;

      6) ұйымдарды 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында іс жүзінде орналастыра отырып, оларды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Орталықтың қатысушылары ретінде тіркеу шараларын қабылдасын;

      7) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жекелеген объектілерін Орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жалдау төлемақысынан 2 жылға дейінгі мерзімге босата отырып беру, сондай-ақ Орталықты және оның қатысушыларын орналастыру үшін кеңсе үй-жайларын дайындау жөнінде шаралар қабылдасын;

      8) Қазақстан Республикасының ұйымдасқан нарығындағы инвесторлардың ауқымды аясы (отандық және халықаралық) үшін орналастырылған акцияларға кемінде 25% мөлшерде ІРО жүргізу үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының инвестициялық тұрғыдан барынша тартымды 5 компаниясын айқындасын;

      9) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердің, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Малайзияның және Сингапур Республикасының азаматтары үшін 30 күнге дейінге мерзімге визасыз кіру режимін енгізсін, Орталық қатысушыларының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін 5 жылға дейінгі мерзімге арнайы визалық режимді белгілесін;

      10) Орталықтың қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған акционерлік қоғамның "бір терезе" қағидаты бойынша жұмысын ұйымдастыру, Орталық қызметкерлеріне, Орталық қатысушыларының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне еңбек визаларын ресімдеу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

      11) шетелдік тасымалдаушылар үшін "ашық аспан" қағидаты бойынша Астана әуежайына әуе тасымалдарының шарттарын кезең-кезеңімен ырықтандыру арқылы Астана қаласы мен жетекші халықаралық қаржы орталықтарының арасындағы тікелей әуе қатынасын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 25.12.2015 № 144 Жарлығымен.

      4. Алып тасталды - ҚР Президентінің 25.12.2015 № 144 Жарлығымен.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

      1) Орталықтың қызметін қамтамасыз ету үшін басшы лауазымдарға (халықаралық қаржы орталықтарын басқару, аудит жүргізу саласында және басқа салаларда) жоғары білікті шетелдік қызметкерлерді тарта отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде өкілдіктері бар акционерлік қоғам құру жөнінде шаралар қабылдасын;

      1-1) заңды тұлғаны - қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуді және Орталықтағы олармен байланысты қызметті жүзеге асыратын органды (Орталық комитетін) құру жөнінде шаралар қабылдасын;

      2) 2020 жылға дейін Орталықтың 10 ең үздік Азия қаржы орталықтарының және Global Financial Centres Index нұсқасы бойынша әлемнің 30 жетекші қаржы орталықтарының қатарына кіруіне бағытталған шаралар қабылдасын;

      3) жетекші халықаралық қаржы орталықтарымен стратегиялық әріптестік туралы келісімдер жасасу жөнінде шаралар қабылдасын;

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры басқарушыларын Орталықтың аумағында орналастыру үшін шаралар қабылдасын;

      5) "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымымен бірлесіп, Орталық үшін мамандандырылған білім беру бағдарламаларының кешенін әзірлеу бойынша шаралар қабылдау;

      6) алып тасталды - ҚР Президентінің 25.12.2015 № 144 Жарлығымен;

      7) алып тасталды - ҚР Президентінің 25.12.2015 № 144 Жарлығымен;

      8) алып тасталды - ҚР Президентінің 25.12.2015 № 144 Жарлығымен;

      9) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 25.12.2015 № 144 Жарлығымен.

      5-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Орталықтың қызметін қамтамасыз ету үшін құрылатын акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркегеннен кейін, заңнамада белгіленген тәртіппен 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін осы акционерлік қоғамның акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беру жөнінде шаралар қабылдасын.

      Ескерту. Жарлық 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 25.12.2015 № 144 Жарлығымен.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


О Международном финансовом центре "Астана"

Указ Президента Республики Казахстан от 19 мая 2015 года № 24.

      Сноска. Заголовок Указа в редакции Указа Президента РК от 25.12.2015 № 144.

      Подлежит опубликованию

      в Собрании актов Президента и

      Правительства Республики Казахстан

      В целях модернизации национальной экономики и соответствии со статьями 17-1, 19 Конституционного закона Республики Казахстан "О Президенте Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Создать Международный финансовый центр "Астана" (далее - Центр) на территории города Астаны.

      2. Исключен Указом Президента РК от 25.12.2015 № 144.

      3. Правительству Республики Казахстан совместно с Национальным Банком Республики Казахстан:

      1) обеспечить функционирование Центра с 1 января 2016 года с его размещением на территории Международной специализированной выставки ЭКСПО - 2017 с 1 января 2018 года;

      2) до 1 июня 2015 года утвердить совместный план действий по созданию и развитию Центра на долгосрочную перспективу;

      3) до 1 сентября 2015 года внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан:

      направленный на обеспечение создания и функционирования Центра, в том числе предусматривающий регулирование отношений между участниками Центра на основе стандартов ведущих мировых финансовых центров, принципах и нормах английского права с использованием английского языка в делопроизводстве Центра, в том числе судопроизводстве;

      предусматривающий создание в Центре финансового суда с привлечением иностранных судей при рассмотрении споров, в том числе с правом рассмотрения инвестиционных споров;

      предусматривающий для участников Центра освобождение на 10 лет от уплаты корпоративного подоходного налога по доходам, полученным на территории Центра, и индивидуального подоходного налога, облагаемого у источника выплаты по доходам, полученным в виде дивидендов, а также по доходам сотрудников участников Центра;

      определяющий условия возврата налога на добавленную стоимость при покупке товаров на территории Центра для сотрудников-нерезидентов Республики Казахстан участников Центра;

      предусматривающий создание условий для выпуска суверенных исламских ценных бумаг;

      предусматривающий возможность привлечения участниками Центра иностранной рабочей силы без получения разрешения;

      предусматривающий возможность предоставления иных льгот и преференций для участников Центра;

      направленный на приведение законодательства Республики Казахстан в соответствие со стандартами ведущих мировых финансовых центров;

      4) исключен Указом Президента РК от 25.12.2015 № 144;

      5) внести предложение по созданию Совета по управлению Центром при Президенте Республики Казахстан;

      6) принять меры по регистрации с 1 января 2016 года организаций в качестве участников Центра с их фактическим размещением на территории Международной специализированной выставки ЭКСПО - 2017 с 1 января 2018 года;

      7) принять меры по передаче с 1 января 2018 года отдельных объектов Международной специализированной выставки ЭКСПО - 2017 для обеспечения функционирования Центра, а также подготовке офисных помещений для размещения Центра и его участников, с освобождением от арендной платы на срок до 2 лет;

      8) определить 5 наиболее привлекательных в инвестиционном плане компаний акционерного общества "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" для проведения их IPO в размере не менее 25 % к размещенным акциям для широкого круга инвесторов (отечественных и международных) на организованном рынке Республики Казахстан;

      9) ввести безвизовый режим сроком до 30 дней для граждан стран-членов Организации экономического сотрудничества и развития (ОЭСР), Объединенных Арабских Эмиратов, Малайзии и Республики Сингапур; для сотрудников Центра, сотрудников участников Центра и членов их семей установить специальный визовый режим сроком до 5 лет;

      10) принять необходимые меры по организации работы по принципу "одного окна" акционерным обществом, созданным для обеспечения деятельности Центра, по оформлению трудовых виз сотрудникам Центра, сотрудникам участников Центра и членам их семей;

      11) принять необходимые меры по обеспечению прямого воздушного сообщения между городом Астаной и ведущими международными финансовыми центрами путем поэтапной либерализации условий воздушных перевозок в аэропорт Астаны для иностранных перевозчиков по принципу "открытого неба".

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 25.12.2015 № 144.

      4. Исключен Указом Президента РК от 25.12.2015 № 144.

      5. Национальному Банку Республики Казахстан:

      1) принять меры по созданию акционерного общества для обеспечения деятельности Центра с представительствами за пределами Республики Казахстан, привлечением высококвалифицированных иностранных работников на руководящие должности (в сфере управления международными финансовыми центрами, проведения аудита и других сферах);

      1-1) принять меры по созданию юридического лица - органа, осуществляющего регулирование финансовых услуг и связанной с ними деятельности в Центре (комитета Центра);

      2) принять меры, направленные на вхождение Центра до 2020 года в число 10 лучших азиатских финансовых центров и 30 ведущих мировых финансовых центров по версии Global Financial Centres Index;

      3) принять меры по заключению соглашений о стратегическом партнерстве с ведущими международными финансовыми центрами;

      4) принять меры для локализации управляющих Национальным фондом Республики Казахстан на территории Центра;

      5) совместно с автономной организацией образования "Назарбаев Университет" принять меры по разработке комплекса специализированных образовательных программ для Центра;

      6) исключен Указом Президента РК от 25.12.2015 № 144;

      7) исключен Указом Президента РК от 25.12.2015 № 144;

      8) исключен Указом Президента РК от 25.12.2015 № 144;

      9) принять иные меры, вытекающие из настоящего Указа.

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными Указом Президента РК от 25.12.2015 № 144.

      5-1. Национальному Банку Республики Казахстан после государственной регистрации акционерного общества, создаваемого для обеспечения деятельности Центра, в установленном законодательством Республики Казахстан порядке до 1 января 2016 года принять меры по передаче прав владения и пользования пакетом акций данного акционерного общества Министерству финансов Республики Казахстан.

      Сноска. Указ дополнен пунктом 5-1 в соответствии с Указом Президента РК от 25.12.2015 № 144.

      6. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      7. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

Президент


Республики Казахстан

Н. Назарбаев