"Астана" халықаралық қаржы орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін Астана қаласына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 24 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 144 Жарлығы

Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында 
жариялануға тиіс         

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Астана» халықаралық қаржы орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін Астана қаласына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 24 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 29-30, 192-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы»;
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      4-тармақ алып тасталсын;
      5-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) заңды тұлғаны - қаржылық қызметтер көрсетуді реттеуді және Орталықтағы олармен байланысты қызметті жүзеге асыратын органды (Орталық комитетін) құру жөнінде шаралар қабылдасын;»;
      6), 7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Орталықтың қызметін қамтамасыз ету үшін құрылатын акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркегеннен кейін, заңнамада белгіленген тәртіппен 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін осы акционерлік қоғамның акциялар пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беру жөнінде шаралар қабылдасын.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады