Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 998 Жарлығы

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.

      2. Осы Жарлық Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы халықаралық шарт күшіне енгеннен кейін қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдануға қатысты нормаларды қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  2015 жылғы 6 ақпандағы
  № 998 Жарлығымен
  БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы НҰСҚАУЛЬІҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 6) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулықта жүзу құралы (бұдан әрі - жүзу құралы) - жүктерді, багажды және поштаны, жолаушыларды тасымалдау, балық немесе өзге де теңіз немесе өзен кәсіпшілігі, адамдарды құтқару, өзге де жүзетін объектілерді тіркеп сүйреу, әскери, гидротехникалық, ғылыми, оқу-жаттығу, спорттық, ойын-сауық мақсаттары үшін пайдаланылатын өздігінен жүзетін немесе өздігінен жүзбейтін жүзу құрылысы деген ұғым пайдаланылады.

      3. Терроризм актілерінің жолын кесу үшін қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдануды Қазақстан Республикасының Президенті терроризмге қарсы операция жүргізуге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүзеге асырады.

      4. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезеңінде терроризм актісін жасау үшін пайдаланылатын әуе кемесін (жүзу құралын) зақымдауға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруын, жауынгерлік техникасы мен арнайы құралдарын қолдану туралы шешімді "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмге қарсы операцияның басшысы қабылдайды.

      Қару мен жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану туралы бұйрық әуе кемесінің (әскери корабльдің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бөлімшесінің) командиріне дереу жеткізіледі.

      5. Егер қорғау күзетілетін адамдарға, басқа азаматтарға, күзетілетін объектілерге немесе әскери қызметшінің өзіне тиісу сипатына және қаупіне сәйкес келсе, терроризм актісінің жолын кесу үшін тартылатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері заңдарда көзделген жағдайларда дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды және жауынгерлік техниканы қолдануға байланысты келтірілген моральдық, материалдық зиян және дене зақымы үшін жауапты болмайды.

      6. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағында терроризмге қарсы операцияға қатысатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері террористерге қатысты қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне терроризмге қарсы операцияны жүргізу аймағында дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды қолдану және жауынгерлік техниканы пайдалану шарттарына, тәртібі мен шектеріне қатысты бөлігінде "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелері қолданылады.

      7. Қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану террористер құқыққа қарсы іс-қимылдарды тоқтату туралы талаптар мен командаларды орындаған кезде тоқтатылады.

2. Терроризм актілерінің жолын кесу үшін қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану тәртібі

      8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруы мен жауынгерлік техникасы террористерге, террористер пайдаланатын әуе кемелеріне және жүзу құралдарына:

      1) адамдардың өміріне, Қазақстан Республикасы стратегиялық объектілерінің қауіпсіздігіне қатер төнген;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында әуе, жерүсті (жерасты), суүсті (суасты) объектілеріне қолсұғушылық жасалған немесе жасауға әрекеттенген жағдайларда қолданылады.

      Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезеңінде террористерді жою, оның ішінде терроризм актісін жасау үшін пайдаланылатын әуе кемесін (жүзу құралын) зақымдау жолымен жою туралы шешімді терроризмге қарсы операцияның басшысы қабылдайды.

      9. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері терроризм актісін жасайтын адамдардың қауіпті іс-әрекеттерінің жолын кесу мақсатында арнайы құралдарды, оның ішінде қолкісендерді, резеңке таяқтарды, үй-жайларды ашуға, көлікті мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құрылғыларды, қызметтік иттерді, сондай-ақ арнайы көлік құралдарын қолданады.

      10. Әйелдер, айқын мүгедектік белгілері бар адамдар және кәмелеттік жасқа толмағандар әскери қызметшілерге, азаматтарға және күзетілетін адамдарға олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуыл жасаған, топпен шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа, оларға қатысты қару, жауынгерлік техника және арнайы құралдар қолданылмайды.

      11. Адамдардың өмірі мен денсаулығын, материалдық құндылықтарды және объектілерді сақтау, сондай-ақ күш қолданбастан терроризм актісінің жолын кесу мүмкіндігін зерделеу мақсатында террористермен келіссөздер жүргізуге жол беріледі. Келіссөздерді жүргізу жедел штаб басшысы осыған арнайы өкілеттік берген адамдарға тапсырылады.

      Егер келіссөздер барысында террористің (террористердің) терроризм актісін тоқтатуға келіспеуі себептерінен онымен (олармен) келіссөздер мақсатына қол жеткізілмесе және адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төніп тұрса, терроризмге қарсы операцияның басшысы террористі (террористерді) жою туралы шешім қабылдауға құқылы.

      12. Қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, қолданылатын шаралардың террористік қауіп дәрежесіне мөлшерлес болуы қағидаты, сондай-ақ терроризмге қарсы іс-қимылдың басқа да қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.

      13. Күзетілетін адамға немесе объектіге анық қауіп-қатер төнгені анықталған және оны өзге заңды құралдармен жою мүмкін болмаған кезде террорист (террористер) терроризмге қарсы операция басшысының өкімі бойынша келіссөз жүргізілмей және ескерту жасалмай жойылуы мүмкін.

      14. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңында терроризм актілерінің жолын кесу үшін, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қаруды, жауынгерлік техниканы және арнайы құралдарды қолдану бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі кезекші күштерінің, құралдары мен лауазымды адамдарының іс-қимыл жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде терроризм актілерінің жолын кесу кезінде қаруды және жауынгерлік техниканы қолдану тәртібі

      15. Терроризм актісінің жолын кесу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруы мен жауынгерлік техникасы, егер:

      1) әуе кемесі жерүсті басқару пункттерінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын бұзуды тоқтату радиокомандаларына және (немесе) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оны жолдан ұстап қалуға көтерілген әуе кемелерінің радиокомандалары мен көрінетін белгілеріне ден қоймаса не себебін түсіндірмей, радиокомандаларға және көрінетін белгілерге бағынудан бас тартса, көрсетілген әуе кемесін қонуға мәжбүрлеу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін;

      2) әуе кемесі қону туралы талаптарға бағынбаса және адамдардың қаза табуының не техногендік апаттың туындауының нақты қаупі төнсе, көрсетілген әуе кемесін жойып жіберу арқылы оның ұшуының жолын кесу үшін қолданылады.

      16. Террористердің әуе кемесін басып алғаны туралы ақпаратты алысымен Әуе қорғанысы күштері (бұдан әрі - ӘҚК) Бас командалық пунктінің (бұдан әрі - БКП) жедел кезекшісі ӘҚК құрамалары мен бөлімдерінің кезекші күштері мен құралдарын белгіленген әзірлік дәрежелеріне келтіреді.

      Қосымша радиолокациялық құралдар мен басқа да барлау құралдары іске қосылады, террористер пайдаланатын әуе кемесінің ұшу ауданында және ықтимал бағыттарында көріп қадағалау бекеттерінің желісі өрістетіледі.

      17. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ӘҚК БКП жедел кезекшісінің командасы бойынша жолдан ұсталатын әуе кемелеріне ілесіп ұшу, қондыруға мәжбүрлеу немесе зақымдау жолымен ұшудың жолын кесу үшін кезекші экипаждарды әуеге көтеру жүзеге асырылады.

      18. Террористер пайдаланатын әуе кемесін көріп тапқаннан кейін экипаж басқару пунктіне оның типін, мемлекеттік тиесілігін, борттық нөмірін, тану белгілерін, ұшу биіктігін, жылдамдығы мен бағытын баяндайды және маневр жасай отырып ілесіп ұшуды қамтамасыз етеді. Экипаждан алынған ақпарат Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ӘҚК БКП-ның жедел кезекшісіне беріледі.

      19. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп, террористер пайдаланатын әуе кемелерін табу мәселелері бойынша ақпарат алмасу бойынша жедел өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастырады.

      20. Егер террористтер пайдаланатын, жолдан ұсталатын әуе кемесі командаларға (белгілерге) бағынбаса және жасырынуға әрекеттенсе, жолдан ұстайтын әуе кемесі ескерту оқтарын атады.

      21. Зақымдауға қару қолдану ескерту оқтарын атқаннан кейін жүзеге асырылады.

      22. Террористтер пайдаланатын, жолдан ұсталатын әуе кемесінің қару қолдануы және әрекеттері туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жолдан ұстайтын әуе кемесі экипажының командирі дереу басқару пунктіне баяндайды, оның басшысы терроризмге қарсы операцияны жүргізу жөніндегі жедел штабқа баяндайды.

      23. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезеңінде террористтер пайдаланатын, жолдан ұсталатын әуе кемесі ескерту оғын атуына ден қоймаған кезде терроризмге қарсы операция басшысының шешімі негізінде зақымдауға қару қолданылады.

      24. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жолдан ұстайтын әуе кемесі экипажының командирі зақымдауға қару қолдану алдында:

      1) террористтер пайдаланатын, жолдан ұсталатын әуе кемесіне осы белгілерді көруге немесе естуге мүмкіндік беретін қашықтықтан халықаралық тәжірибеде қабылданған белгілерді террористтер пайдаланатын, жолдан ұсталатын әуе кемесіне береді;

      2) террористтер пайдаланатын, жолдан ұсталатын әуе кемесінің қаруды және жауынгерлік техниканы қолдануының әрбір жағдайы мен мән-жайы және әрекеттері туралы бақылауды жүзеге асыратын басқару органына дереу баяндайды.

      25. Күрделі метеожағдайлар кезінде жолдан ұстайтын әуе кемесі шабуылды барынша аз уақытта орындауды қамтамасыз ету үшін зымыран қару-жарағын қолданудың тиімді қашықтығына жақын оңтайлы қашықтыққа артқы жартылай сфераға шығарылады. Осы қашықтықта нысанаға қатысты 300 метрге төмендеумен (көтерілумен) оған тиісті шешім қабылдағанға дейін өз аумағында ілесіп ұшу жүзеге асырылады.

      26. Зақымдауға қару мен жауынгерлік техника:

      егер қолайсыз гидрометеорологиялық жағдайлардан осы аудандағы басқа да әуе кемелерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмесе;

      террористтер пайдаланатын, жолдан ұсталатын әуе кемесінде террористік актілерге қатысы жоқ жолаушылар мен өзге де адамдар бар деген анық ақпарат бар болған кезде және егер террористер пайдаланатын әуе кемесінің ұшуы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне, оның аумағындағы адамдардың өміріне және стратегиялық объектілерінің қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе, қолданылмайды.

      27. Терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезеңінде жолдан ұстайтын әуе кемелерінің зақымдауға қаруды және жауынгерлік техниканы қолдануы мүмкін болмаған жағдайда, терроризмге қарсы операция басшысының шешімі бойынша террористтер пайдаланатын, жолдан ұсталатын әуе кемесін зақымдауды ол зақымдау аймағында тұрған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да күштері мен құралдары жүргізеді.

Қазақстан Республикасының ішкі суларында, аумақтық теңізінде, континенттік қайраңының үстіндегі судағы ортада терроризм актілерінің жолын кесу кезінде қаруды және жауынгерлік техниканы қолдану тәртібі

      28. Терроризм актісінің жолын кесу кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қаруы мен жауынгерлік техникасы, егер:

      1) жүзу құралдары Қазақстан Республикасының су кеңістігін (суасты ортасын) пайдалану қағидаларын бұзуды тоқтату туралы командаларға және (немесе) белгілерге ден қоймаса не тоқтау (су бетіне шығу және тоқтау) туралы талаптарға бағынудан бас тартса, терроризм актісінің қаупін жою мақсатында жүзу құралын тоқтауға мәжбүрлеу үшін;

      2) жүзу құралы тоқтау (су бетіне шығу және тоқтау) туралы талаптарға бағынбаса және (немесе) оны тоқтауға (су бетіне шығуға және тоқтауға) мәжбүрлеу мүмкін болмаса және бұл ретте қалыптасқан мән-жайларға негізделген, оны тоқтату үшін қажетті барлық шаралар таусылса және адамдардың қаза табуының не техногендік немесе экологиялық апаттың туындауының нақты қаупі бар болса, жүзу құралын жойып жіберу арқылы оның қозғалысының жолын кесу үшін қолданылады.

      29. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері (бұдан әрі - ӘТК) БКП-ның жедел кезекшісі террористер басып алған не терроризм актісінде пайдаланылатын немесе пайдалануға жоспарланған жүзу құралдары туралы ақпаратты алысымен, кезекші корабльдердің теңізге шығуына немесе оларды хабардар етуге нұсқау береді.

      30. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ӘТК Әскери-теңіз базасы (бұдан әрі - ӘТБ) командалық пунктінің жедел кезекшісі Қазақстан Республикасының ішкі сулары, аумақтық теңізі, континенттік қайраңының үстіндегі судағы орта шегінде теңіздегі экономикалық қызмет объектілерінде терроризм актісінің қаупін жою және оның жолын кесу жөніндегі міндеттерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ӘТК ӘТБ-ның күштерімен және құралдарымен орындау кезінде, сондай-ақ теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:

      1) террористер басып алған не терроризм актісінде пайдаланылатын немесе пайдалануға жоспарланған жүзу құралдарына тексеру жүргізу туралы тапсырма қойылған әскери корабльдердің іс-қимылдарын басқарады;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Өңірлік жағалау күзеті басқармасының, барлау органдары бөлімдері мен бөлімшелерінің жедел кезекшілерімен, Қазақстан Республикасының теңіз порттары мен теңіздегі экономикалық қызмет объектілерінің кемелер қозғалысын басқару жүйесінің басқару пункттерімен байланысты және ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

      3) барлық іс-қимылдар туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ӘТК БКП-ның жедел кезекшісіне дереу баяндайды.

      31. Терроризм актісін жасау қаупі суүсті (суасты) жағдайын қадағалау мен байланыстың жағалаудағы жүйесінің бекеттерінен, жауынгерлік корабльдерден және теңіздегі басқа да кемелерден алынған:

      1) жүзу құралының қозғалыс параметрлері;

      2) жүзу құралының жүзу үшін тыйым салынған және жүзу үшін уақытша қауіпті аудандар шекараларын бұзуы және оның тоқтау (су бетіне шығу және тоқтау) туралы талаптарды орындамауы;

      3) жүзу үшін тыйым салынған және жүзу үшін уақытша қауіпті аудандар шекараларында жүзу құралының кенеттен пайда болуы;

      4) Қазақстан Республикасының ішкі суларының және аумақтық теңізінің шектеріне кірген (сонда жүзіп жүрген) сүңгуір қайықтар мен басқа да суасты көлік құралдарын суүстіндегі емес жағдайда табылғаны туралы ақпарат негізінде айқындалады.

      32. Қаруды қолдану ескерту оқ атуларын жүргізу және зақымдауға қаруды қолдану нысанында жүзеге асырылады.

      33. Ескерту оқ атулары тоқтауға (су бетіне шығуға және тоқтауға) мәжбүрлеу мақсатында жүзу құралының алдыңғы жағына бағыты бойынша оқ ату арқылы жүргізіледі.

      34. Ескерту оқтарын атқан кезде әскери корабльдің (әуе кемесінің) экипажы қарсы оқ ату жағдайында, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды.

      35. Әскери корабльдердің ескерту оқтарын атуы үшін атыс қаруын қолдануға артиллериялық қаруды қолдану қиын болған немесе мүмкін болмаған ерекше жағдайларда ғана жол беріледі.

      36. Әскери корабльдердің атыс қаруынан ескерту оқтарын атуы кезінде:

      1) оқ ату тоқтатылатын жүзу құралынан осы оқ атуды көріп қадағалауды қамтамасыз етілетін бағытта жасалады;

      2) ату жарқырағыш оқтармен түйдектете жүргізіледі.

      37. Зақымдауға қаруды қолдану ескерту оқтарын атқаннан кейін жүзеге асырылады. Мүмкіндігінше ату жүзу құралының қозғалысын тоқтату мақсатында оның артқы бөлігіне қарай жасалады. Қаруды қолдану және жүзу құралының әрекеттері туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери кораблінің (әуе кемесінің) командирі дереу командалық пунктке баяндайды.

      38. Қарудың нақты түрлерін, оларды қолдану тәсілдерін таңдауды және оларды дұрыс басқаруды әскери корабльдің (әуе кемесінің) командирі жүзеге асырады.

      39. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери корабльдерінің (әуе кемелерінің) қаруы суүсті, суасты, оның ішінде пилотсыз жүзу құралдарын зақымдау жолымен оларды тоқтату (қозғалысын тоқтату) үшін, олар тоқтау немесе бағытты өзгерту туралы талаптарды орындамаған жағдайларда, бұзушылықты тоқтату немесе оларды ұстауды басқа құралдармен жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде қолданылады.

      40. Қолайсыз гидрометеорологиялық жағдайларға байланысты осы ауданда тұрған басқа да жүзу құралдары мен әуе кемелерінің қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген жағдайда, зақымдауға қару және жауынгерлік техника қолданылмайды.

Об утверждении Инструкции о порядке применения Вооруженными Силами Республики Казахстан оружия, боевой техники и специальных средств для пресечения актов терроризма в воздушном пространстве, во внутренних водах, в территориальном море, на континентальном шельфе Республики Казахстан, при обеспечении безопасности мореплавания

Указ Президента Республики Казахстан от 6 февраля 2015 года № 998

      В соответствии с подпунктом 6) пункта 2 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 13 июля 1999 года "О противодействии терроризму" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить Инструкцию о порядке применения Вооруженными Силами Республики Казахстан оружия, боевой техники и специальных средств для пресечения актов терроризма в воздушном пространстве, во внутренних водах, в территориальном море, на континентальном шельфе Республики Казахстан, при обеспечении безопасности мореплавания.

      2. Настоящий Указ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением норм, касающихся применения оружия, боевой техники и специальных средств для пресечения актов терроризма на континентальном шельфе Республики Казахстан, которые вводятся в действие после вступления в силу международного договора о правовом статусе Каспийского моря.

Президент


Республики Казахстан

Н. НАЗАРБАЕВ

  УТВЕРЖДЕНА
Указом Президента
Республики Казахстан
от 6 февраля 2015 года № 998

ИНСТРУКЦИЯ
о порядке применения Вооруженными Силами Республики Казахстан оружия, боевой техники и специальных средств для пресечения актов терроризма в воздушном пространстве, во внутренних водах, в территориальном море, на континентальном шельфе Республики Казахстан, при обеспечении безопасности мореплавания

1. Общие положения

      1. Инструкция о порядке применения Вооруженными Силами Республики Казахстан оружия, боевой техники и специальных средств для пресечения актов терроризма в воздушном пространстве, во внутренних водах, в территориальном море, на континентальном шельфе Республики Казахстан, при обеспечении безопасности мореплавания (далее - Инструкция) разработана в целях реализации подпункта 6) пункта 2 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 13 июля 1999 года "О противодействии терроризму".

      2. В настоящей Инструкции используется понятие плавучее средство (далее - плавсредство) - самоходное или несамоходное плавучее сооружение, используемое для перевозки грузов, багажа и почты, пассажиров, рыбного или иного морского или речного промысла, спасения людей, буксировки иных плавучих объектов, военных, гидротехнических, научных, учебных, спортивных, развлекательных целей.

      3. Применение оружия, боевой техники и специальных средств для пресечения актов терроризма осуществляется Вооруженными Силами Республики Казахстан после принятия Президентом Республики Казахстан решения о применении Вооруженных Сил Республики Казахстан для участия в проведении антитеррористической операции.

      4. В период проведения антитеррористической операции решение о применении оружия, боевой техники и специальных средств Вооруженных Сил Республики Казахстан на поражение по воздушному судну (плавсредству), используемому для совершения акта терроризма, принимает руководитель антитеррористической операции в соответствии с Законом Республики Казахстан от 13 июля 1999 года "О противодействии терроризму".

      Приказ о применении оружия и боевой техники и специальных средств доводится до командира воздушного судна (военного корабля, подразделения Вооруженных Сил Республики Казахстан) незамедлительно.

      5. Военнослужащие Вооруженных Сил Республики Казахстан, привлекаемые для пресечения акта терроризма, не несут ответственности за моральный, материальный и физический вред, причиненный в связи с применением в предусмотренных законами случаях физической силы, специальных средств, оружия и боевой техники, если защита соответствует характеру и опасности посягательства на охраняемых лиц, других граждан, охраняемые объекты или самого военнослужащего.

      6. В зоне проведения антитеррористической операции военнослужащие Вооруженных Сил Республики Казахстан, участвующие в антитеррористической операции, применяют оружие, боевую технику и специальные средства в отношении террористов в соответствии с Законом Республики Казахстан от 13 июля 1999 года "О противодействии терроризму". При этом на военнослужащих Вооруженных Сил Республики Казахстан распространяются положения Закона Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года "Об органах национальной безопасности Республики Казахстан" в части, касающейся условий, порядка и пределов применения физической силы, специальных средств, оружия и использования боевой техники в зоне проведения антитеррористической операции.

      7. Применение оружия, боевой техники и специальных средств прекращается при выполнении террористами требований и команд о прекращении противоправных действий.

2. Порядок применения оружия, боевой техники и специальных средств для пресечения актов терроризма

      8. Оружие и боевая техника Вооруженных Сил Республики Казахстан по террористам, воздушным судам и плавсредствам, используемым террористами, применяются в случаях:

      1) создания угрозы жизни людей, безопасности стратегических объектов Республики Казахстан;

      2) совершения или попытки совершения посягательств на воздушные, наземные (подземные), надводные (подводные) объекты на территории Республики Казахстан.

      В период проведения антитеррористической операции решение о ликвидации террористов, в том числе путем поражения воздушного судна (плавсредства), используемого для совершения акта терроризма, принимает руководитель антитеррористической операции.

      9. Вооруженные Силы Республики Казахстан применяют специальные средства, в том числе наручники, резиновые палки, устройства для вскрытия помещений, принудительной остановки транспорта, служебных собак, а также специальные транспортные средства, в целях пресечения опасных деяний лиц, совершающих акт терроризма.

      10. Не применяются оружие, боевая техника и специальные средства в отношении женщин, лиц с явными признаками инвалидности и несовершеннолетних, кроме случаев совершения ими нападения на военнослужащих, граждан и охраняемых лиц, угрожающего их жизни и здоровью, группового нападения либо оказания вооруженного сопротивления.

      11. В целях сохранения жизни и здоровья людей, материальных ценностей и объектов, а также изучения возможности пресечения акта терроризма без применения силы допускается ведение переговоров с террористами. Ведение переговоров поручается лицам, специально уполномоченным на это руководителем оперативного штаба.

      В случае, если в ходе переговоров с террористом (террористами) цель переговоров не может быть достигнута по причинам его (их) несогласия прекратить акт терроризма, и сохраняется реальная угроза жизни и здоровью людей, руководитель антитеррористической операции вправе принять решение о ликвидации террориста (террористов).

      12. Применение оружия, боевой техники и специальных средств осуществляется на основе принципа соразмерности применяемых мер степени террористической опасности, а также других принципов противодействия терроризму, предусмотренных Законом Республики Казахстан от 13 июля 1999 года "О противодействии терроризму".

      13. При обнаружении явной угрозы охраняемому лицу или объекту и невозможности ее устранения иными законными средствами террорист (террористы) может быть (могут быть) по распоряжению руководителя антитеррористической операции ликвидирован (ликвидированы) без переговоров и предупреждения.

      14. Порядок действий дежурных сил, средств и должностных лиц Министерства обороны Республики Казахстан по применению оружия, боевой техники и специальных средств для пресечения актов терроризма в воздушном пространстве, во внутренних водах, в территориальном море, на континентальном шельфе Республики Казахстан, при обеспечении безопасности мореплавания определяется Министром обороны Республики Казахстан.

Порядок применения оружия и боевой техники при пресечении актов терроризма в воздушном пространстве Республики Казахстан

      15. При пресечении акта терроризма оружие и боевая техника Вооруженных Сил Республики Казахстан применяются, если воздушное судно:

      1) не реагирует на радиокоманды наземных пунктов управления прекратить нарушение правил использования воздушного пространства Республики Казахстан и (или) радиокоманды и визуальные сигналы поднятых на его перехват воздушных судов Вооруженных Сил Республики Казахстан либо отказывается подчиниться радиокомандам и визуальным сигналам без объяснения причин, - для пресечения полета указанного воздушного судна путем принуждения его к посадке;

      2) не подчиняется требованиям о посадке и существует реальная опасность гибели людей либо наступления техногенной катастрофы, - для пресечения полета указанного воздушного судна путем его уничтожения.

      16. С получением информации о захвате воздушного судна террористами, оперативный дежурный Главного командного пункта (далее - ГКП) Сил воздушной обороны (далее - СВО) приводит в установленные степени готовности дежурные силы и средства соединений и частей СВО.

      Дополнительно включаются радиолокационные средства и другие средства разведки, наращивается сеть постов визуального наблюдения в районе и на возможных направлениях полета воздушного судна, используемого террористами.

      17. По команде оперативного дежурного ГКП СВО Вооруженных Сил Республики Казахстан осуществляется подъем дежурных экипажей для сопровождения, пресечения полета путем принуждения к посадке или поражения перехватываемых воздушных судов.

      18. После визуального обнаружения воздушного судна, используемого террористами, экипаж докладывает на пункт управления тип, государственную принадлежность, бортовой номер, опознавательные знаки, высоту, скорость и направление его полета и маневрированием обеспечивает его сопровождение. Полученная от экипажа информация передается оперативному дежурному ГКП СВО Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      19. Министерство обороны Республики Казахстан совместно с Пограничной службой Комитета национальной безопасности Республики Казахстан организует оперативное взаимодействие по обмену информацией по вопросам обнаружения воздушных судов, используемых террористами.

      20. Если перехватываемое воздушное судно, используемое террористами, не подчиняется командам (сигналам) и пытается скрыться, перехватывающим воздушным судном производятся предупредительные выстрелы.

      21. Применение оружия на поражение осуществляется после предупредительных выстрелов.

      22. О применении оружия и действиях перехватываемого воздушного судна, используемого террористами, командир экипажа перехватывающего воздушного судна Вооруженных Сил Республики Казахстан немедленно докладывает на пункт управления, руководитель которого докладывает в оперативный штаб по проведению антитеррористической операции.

      23. В период проведения антитеррористической операции, при нереагировании перехватываемого воздушного судна, используемого террористами, на предупредительный выстрел, оружие на поражение применяется на основании решения руководителя антитеррористической операции.

      24. Командир экипажа перехватывающего воздушного судна Вооруженных Сил Республики Казахстан перед применением оружия на поражение:

      1) подает перехватываемому воздушному судну, используемому террористами, принятые в международной практике сигналы с дистанции, позволяющей перехватываемому воздушному судну, используемому террористами, увидеть или услышать такие сигналы;

      2) незамедлительно докладывает в орган управления, осуществляющий контроль, о каждом случае и обстоятельствах применения оружия и боевой техники и действиях перехватываемого воздушного судна, используемого террористами.

      25. При сложных метеоусловиях перехватывающее воздушное судно выводится в заднюю полусферу на оптимальную дальность, близкую к эффективной дальности применения ракетного вооружения, с тем, чтобы обеспечивалось выполнение атаки в минимальное время. На этой дальности с принижением (превышением) 300 метров относительно цели осуществляется ее сопровождение над своей территорией до принятия соответствующего решения.

      26. Оружие и боевая техника на поражение не применяются:

      если из-за неблагоприятных гидрометеорологических условий не обеспечивается безопасность других воздушных судов, находящихся в данном районе;

      при наличии достоверной информации, что на перехватываемом воздушном судне, используемом террористами, находятся пассажиры и иные лица, не причастные к террористическим актам, и если полет воздушного судна, используемого террористами, не создает угрозу безопасности Республики Казахстан, жизни и безопасности людей и стратегическим объектам на ее территории.

      27. В период проведения антитеррористической операции, в случае невозможности применения оружия и боевой техники на поражение перехватывающими воздушными судами, по решению руководителя антитеррористической операции, поражение перехватываемого воздушного судна, используемого террористами, производится другими силами и средствами Вооруженных Сил Республики Казахстан, в зоне поражения которых оно находится.

Порядок применения оружия и боевой техники при пресечении актов терроризма во внутренних водах, в территориальном море, в водной среде над континентальным шельфом Республики Казахстан

      28. При пресечении акта терроризма оружие и боевая техника Вооруженных Сил Республики Казахстан применяются, если:

      1) плавсредства не реагируют на команды и (или) сигналы прекратить нарушение правил использования водного пространства (подводной среды) Республики Казахстан либо отказываются подчиниться требованиям об остановке (всплытии и остановке), - для принуждения к остановке плавсредства в целях устранения угрозы акта терроризма;

      2) плавсредство не подчиняется требованиям об остановке (всплытии и остановке) и (или) невозможно принудить его к остановке (всплытию и остановке) и при этом были исчерпаны все обусловленные сложившимися обстоятельствами меры, необходимые для его остановки, и существует реальная опасность гибели людей либо наступления техногенной или экологической катастрофы, - для пресечения движения плавсредства путем его уничтожения.

      29. С получением информации о плавсредствах, захваченных террористами, либо используемых или планируемых к использованию в акте терроризма, оперативный дежурный ГКП Военно-морских сил (далее - ВМС) Вооруженных Сил Республики Казахстан дает указание на выход в море или оповещение дежурных кораблей.

      30. Оперативный дежурный командного пункта Военно-морской базы (далее - ВМБ) ВМС Вооруженных Сил Республики Казахстан при выполнении задач силами и средствами ВМБ ВМС Вооруженных Сил Республики Казахстан по устранению угрозы и пресечению акта терроризма на объектах морской экономической деятельности в пределах внутренних вод, территориального моря, водной среды над континентальным шельфом Республики Казахстан, а также для обеспечении безопасности мореплавания:

      1) управляет действиями военных кораблей, которым поставлена задача о проведении проверки плавсредств, захваченных террористами, либо используемых или планируемых к использованию в акте терроризма;

      2) осуществляет связь и обмен информацией с оперативными дежурными Регионального управления береговой охраны Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, частей и подразделений разведывательных органов, пунктами управления системы управления движением судов морских портов и объектов морской экономической деятельности Республики Казахстан;

      3) обо всех действиях немедленно докладывает оперативному дежурному ГКП ВМС Вооруженных Сил Республики Казахстан.

      31. Угроза совершения акта терроризма определяется на основании информации, полученной от постов береговой системы наблюдения и связи за надводной (подводной) обстановкой, боевых кораблей и других судов, находящихся в море, о:

      1) параметрах движения плавсредства;

      2) нарушении плавсредством границ запретных для плавания и временно опасных для плавания районов и невыполнении им требований об остановке (всплытии и остановке);

      3) внезапном появлении плавсредства в границах запретных для плавания и временно опасных для плавания районов;

      4) обнаружении подводных лодок и других подводных транспортных средств, зашедших (пребывающих) в пределы внутренних вод и территориального моря Республики Казахстан не в надводном положении.

      32. Применение оружия осуществляется в форме ведения предупредительных выстрелов и применения оружия на поражение.

      33. Предупредительные выстрелы ведутся посредством стрельбы впереди по курсу плавсредства в целях принудить к остановке (всплытию и остановке).

      34. При производстве предупредительных выстрелов экипаж военного корабля (воздушного судна) принимает меры по обеспечению собственной безопасности на случай открытия ответного огня.

      35. Применение стрелкового оружия для производства предупредительных выстрелов военными кораблями допускается только в крайних случаях, когда применение артиллерийского оружия затруднено или невозможно.

      36. При производстве военными кораблями предупредительных выстрелов из стрелкового оружия:

      1) стрельба производится в направлении, обеспечивающем визуальное (зрительное) наблюдение такой стрельбы с останавливаемого плавсредства;

      2) огонь ведется трассирующими пулями, очередями.

      37. Применение оружия на поражение осуществляется после предупредительных выстрелов. По возможности огонь ведется в кормовую часть плавсредства в целях прекращения его движения. О применении оружия и действиях плавсредства командир военного корабля (воздушного судна) Вооруженных Сил Республики Казахстан немедленно докладывает на командный пункт.

      38. Выбор конкретных видов оружия, способов их применения и правильное управление ими осуществляются командиром военного корабля (воздушного судна).

      39. Оружие военных кораблей (воздушных судов) Вооруженных Сил Республики Казахстан применяется для остановки (прекращения движения) надводных, подводных плавсредств, в том числе беспилотных, путем их повреждения, в случаях невыполнения ими требования об остановке или изменении курса, когда прекращение нарушения или их задержание не могут быть осуществлены другими средствами.

      40. В случае, когда из-за неблагоприятных гидрометеорологических условий не обеспечивается безопасность других плавсредств и воздушных судов, находящихся в данном районе, оружие и боевая техника на поражение не применяются.