"Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 1031 Жарлығы

Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс   

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережені бекіту жөніндегі» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 39, 563-құжат; 2014 ж., № 4, 29-құжат; № 28, 227-құжат; № 32, 279-құжат; № 55-56, 538-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы туралы ережеде:
      3-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) терроризмге қарсы іс-қимылдың халықаралық практикасын зерделеу;»;
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «13) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының құрамына кіретін мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілетін Қағидаларға сәйкес мемлекеттік органдардың терроризм туралы «Антитеррор» ақпараттық жүйесіндегі электронды ақпараттық ресурстарын құру, сатып алу, жинақтау, қалыптастыру, тіркеу, сақтау, өңдеу, жою, пайдалану, беру, қорғау жөнінде шаралар тұжырымдау;»;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «13-1) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының құрамына кіретін мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілетін Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының интернет-ресурсын қалыптастыру және дамыту жөнінде шаралар тұжырымдау;»;
      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «16-1) «Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының жаршысы» мерзімдік басылымын шығару;»;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен және орталықтармен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша меморандумдар мен шарттарды әзірлеуге және жасасуға қатысуға;»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына өзінің уәкілетті өкілдерін жіберген немесе іссапарға жіберген мемлекеттік органдарға марапаттау немесе оларға тәртіптік жаза қолдану жөнінде өтініш енгізеді.
      Мемлекеттік органның іссапарға жіберілген уәкілетті өкілі деп терроризмге қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына іссапарға жіберілген арнаулы мемлекеттік органның, құқық қорғау органының қызметкері және әскери қызметші түсініледі.
      Мемлекеттік органның жіберілген уәкілетті өкілі деп терроризмге қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына жіберілген арнаулы мемлекеттік органның, құқық қорғау органының қызметкері және әскери қызметші, мемлекеттік әкімшілік қызметші түсініледі.»;
      6-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
      9 және 10-тармақтар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
      «4-1. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына мемлекеттік органдардың уәкілетті өкілдерін іссапарға жіберу немесе жіберу тәртібі
      26-1. Терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына олардың уәкілетті өкілдері іссапарға жіберіледі немесе жіберіледі.
      26-2. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына мемлекеттік органның уәкілетті өкілін іссапарға жіберу «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      26-3. Мемлекеттік органның уәкілетті өкілін Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына жіберуді мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының басшысымен келісім бойынша жүзеге асырады.
      26-4. Мемлекеттік органның уәкілетті өкілін Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына жібермес бұрын мемлекеттік органның уәкілетті өкілінің жеке ісі қарау үшін ұсынылады және қажеттігіне қарай Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы жұмыс органының басшысы сұхбаттасу жүргізеді.
      26-5. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы басшысының жазбаша келісімі алынған жағдайда мемлекеттік орган он жұмыс күні ішінде өзінің уәкілетті өкілін мемлекеттік органның штатында қалдыра отырып, Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына жіберу туралы бұйрық шығарады.
      Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына қызметке жіберілген мемлекеттік органның уәкілетті өкілінің қызмет ету мерзімін мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы басшысының келісімімен айқындайды, бірақ бір жылдан кем болмауға тиіс.
      26-6. Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы жұмыс органының басшысы жіберілген уәкілетті өкілді Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органының тиісті құрылымдық бөлімшесіне уақытша есепке алуға қабылдау туралы бұйрық шығарады.
      26-7. Мемлекеттік органның жіберілген уәкілетті өкілін алмастыру қажет болған жағдайда жіберуші мемлекеттік орган осы Ереженің 26-3, 26-4 және 26-5-тармақтарында белгіленген тәртіпте басқа кандидатураны ұсына отырып, Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының басшысын жазбаша түрде хабардар етеді.»;
      мынадай мазмұндағы 28-тармақпен толықтырылсын:
      «28. Мемлекеттік органдардың іссапарға жіберілген уәкілетті өкілдерін Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органында қызмет өткеру кезеңінде қаржылай, материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу қағидаларымен белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік органдардың жіберілген уәкілетті өкілдерін Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органында қызмет өткеру кезеңінде қаржылай, материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету қызметкерлерді жіберген мемлекеттік органдарды қамтуға көзделген нормалар бойынша және қаражат есебінен жүзеге асырылады.».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 24 июня 2013 года № 588 "Об утверждении Положения об Антитеррористическом центре Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 6 апреля 2015 года № 1031

Подлежит опубликованию     
в Собрании актов Президента и  
Правительства Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 24 июня 2013 года № 588 «Об утверждении Положения об Антитеррористическом центре Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 39, ст. 563; 2014 г., № 4, ст. 29; № 28, ст. 227; № 32, ст. 279; № 55-56, ст. 538) следующие изменения и дополнения:
      в Положении об Антитеррористическом центре Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:
      в пункте 3:
      подпункт 2) изложить в следующей редакции:
      «2) изучение международной практики противодействия терроризму;»;
      подпункт 13) изложить в следующей редакции:
      «13) выработка мер по созданию, приобретению, накапливанию, формированию, регистрации, хранению, обработке, уничтожению, использованию, передаче, защите электронных информационных ресурсов, содержащихся в информационной системе государственных органов о терроризме «Антитеррор» в соответствии с Правилами, утверждаемыми совместным приказом государственных органов, входящих в состав Антитеррористического центра Республики Казахстан;»;
      дополнить подпунктом 13-1) следующего содержания:
      «13-1) выработка мер по формированию и развитию интернет-ресурса Антитеррористического центра Республики Казахстан в соответствии с Правилами, утверждаемыми совместным приказом государственных органов, входящих в состав Антитеррористического центра Республики Казахстан;»;
      дополнить подпунктом 16-1) следующего содержания:
      «16-1) выпуск периодического издания «Вестник Антитеррористического центра Республики Казахстан;»;
      пункт 4 дополнить подпунктом 7-1) следующего содержания:
      «7-1) участвовать в разработке и заключении с иностранными государствами, международными организациями и центрами меморандумов и договоров по вопросам противодействия терроризму;»;
      пункт 5 дополнить подпунктом 5) следующего содержания:
      «5) вносит в государственные органы, направившие или прикомандировавшие своих уполномоченных представителей к рабочему органу Антитеррористического центра Республики Казахстан, ходатайства о поощрении или наложении им дисциплинарных взысканий.
      Под прикомандированным уполномоченным представителем государственного органа понимается сотрудник специального государственного органа, правоохранительного органа и военнослужащий, прикомандированный к рабочему органу Антитеррористического центра Республики Казахстан для обеспечения эффективного взаимодействия государственных органов в сфере противодействия терроризму.
      Под направленным уполномоченным представителем государственного органа понимается сотрудник специального государственного органа, правоохранительного органа и военнослужащий, административный государственный служащий, направленный в рабочий орган Антитеррористического центра Республики Казахстан для обеспечения эффективного взаимодействия государственных органов в сфере противодействия терроризму.»;
      подпункт 1) пункта 6 исключить;
      пункты 9 и 10 исключить;
      дополнить главой 4-1 следующего содержания:
      «4-1. Порядок прикомандирования или направления уполномоченных представителей государственных органов в рабочий орган Антитеррористического центра Республики Казахстан
      26-1. Для обеспечения эффективного взаимодействия государственных органов, осуществляющих противодействие терроризму, их уполномоченные представители прикомандировываются или направляются в рабочий орган Антитеррористического центра Республики Казахстан.
      26-2. Прикомандирование уполномоченного представителя государственного органа к рабочему органу Антитеррористического центра Республики Казахстан осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан от 13 февраля 2012 года «О специальных государственных органах Республики Казахстан», Правилами прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан, утвержденными Указом Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124, и Правилами прикомандирования сотрудников правоохранительных органов Республики Казахстан к государственным органам Республики Казахстан и международным организациям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2011 года № 1192.
      26-3. Направление уполномоченного представителя государственного органа в рабочий орган Антитеррористического центра Республики Казахстан осуществляется государственным органом по согласованию с руководителем Антитеррористического центра Республики Казахстан.
      26-4. До направления уполномоченного представителя государственного органа в рабочий орган Антитеррористического центра Республики Казахстан представляется на рассмотрение личное дело уполномоченного представителя государственного органа и, при необходимости, с ним проводится собеседование у руководителя рабочего органа Антитеррористического центра Республики Казахстан.
      26-5. В случае получения письменного согласия руководителя Антитеррористического центра Республики Казахстан государственный орган в течение десять рабочих дней издает приказ о направлении своего уполномоченного представителя в рабочий орган Антитеррористического центра Республики Казахстан с оставлением его в штатах государственного органа.
      Срок прохождения направленным уполномоченным представителем государственного органа службы в рабочем органе Антитеррористического центра Республики Казахстан определяется государственным органом по согласованию с руководителем Антитеррористического центра Республики Казахстан, но не должен составлять менее одного года.
      26-6. Руководителем рабочего органа Антитеррористического центра Республики Казахстан издается приказ о принятии направленного уполномоченного представителя на временный учет в соответствующее структурное подразделение рабочего органа Антитеррористического центра Республики Казахстан.
      26-7. В случае необходимости замены направленного уполномоченного представителя государственного органа направляющий государственный орган письменно уведомляет руководителя Антитеррористического центра Республики Казахстан с представлением другой кандидатуры в порядке, установленном пунктами 26-3, 26-4 и 26-5 настоящего Положения.»;
      дополнить пунктом 28 следующего содержания:
      «28. На период прохождения службы в рабочем органе Антитеррористического центра Республики Казахстан прикомандированным уполномоченным представителям государственных органов финансовое, материальное и социальное обеспечение осуществляется, соответственно, в порядке, определенном Законом Республики Казахстан от 13 февраля 2012 года «О специальных государственных органах Республики Казахстан», Правилами прохождения воинской службы в Вооруженных Силах, других войсках и воинских формированиях Республики Казахстан, утвержденными Указом Президента Республики Казахстан от 25 мая 2006 года № 124, и Правилами прикомандирования сотрудников правоохранительных органов Республики Казахстан к государственным органам Республики Казахстан и международным организациям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 октября 2011 года № 1192.
      На период прохождения службы в рабочем органе Антитеррористического центра Республики Казахстан направленным уполномоченным представителям государственных органов финансовое, материальное и социальное обеспечение осуществляется по нормам и за счет средств, предусмотренных на содержание государственных органов, откуда были направлены сотрудники.».
      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев