Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.04.2023 № 202 Жарлығымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 20, 100-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына:
Бекетаев - Қазақстан Республикасының Президенті
Марат Бақытжанұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары
енгізілсін;
мына:
"Донақов - Қазақстан Республикасының Президенті
Талғат Советбекұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары"
"Назарбаева - Қазақстан Республикасының Парламенті
Дариға Нұрсұлтанқызы Мәжілісі Төрағасының орынбасары"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Донақов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Талғат Советбекұлы қызмет істері министрі"
"Назарбаева - Қазақстан Республикасы Премьер-
Дариға Нұрсұлтанқызы Министрінің орынбасары";
көрсетілген комиссияның құрамынан Е.Т. Орынбаев шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |