Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.04.2023 № 202 Жарлығымен.
Институционалдық реформаларды іске асыру, қазақстандық қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғырту мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Президенті жанында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия
(бұдан әрі - Ұлттық комиссия) құрылсын.
2. Ұлттық комиссия екі апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына:
1) Ұлттық комиссия туралы ереже жобасын;
2) Ұлттық комиссияның жұмыс жоспарының жобасын;
3) институционалдық реформаларды іске асыру жөніндегі жұмыс топтары бойынша ұсыныстар енгізсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 6 Жарлығына ҚОСЫМША |
Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның
құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 13.06.2018 № 701; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.06.2019 № 57; 22.07.2019 № 74; 19.08.2019 № 121; 28.10.2019 № 195; 05.10.2020 № 427; 26.06.2021 № 605 Жарлықтарымен.
Мамин | – | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы | – | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, төрағаның орынбасары |
Комиссия мүшелері: | ||
Смайылов | – | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Дәленов | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Жиенбаев | – | Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары |
Ахметжанов Марат Мұратұлы | - | Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы |
Сүлейменов | - |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының |
Жайылғанова Анар Нұралықызы | - | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - | Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы |