Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 277 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 9 ақпандағы № 632 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 09.02.2018 № 632 Жарлығымен.


      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      2016 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімі Баптарының 22, 33-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің (бұдан әрі - Банк) Басқарушылар кеңесіне Қазақстан Республикасының өкілдері:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Сүлейменов Тимур Мұратұлы - басқарушы;

      2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Хаиров Ерлан Қартайұлы - басқарушының орынбасары болып тағайындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 14.03.2017 № 446 Жарлығымен.

      2. Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі Келісімі Баптарын іске асыруға байланысты барлық мәселелер бойынша Банкпен байланысты қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ресми орган болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан

      Республикасының ұлттық валютадағы барлық қаражатының, сондай-ақ Банктің басқа да активтерінің депозитарийі ретінде тағайындалсын.

      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Банкті хабардар етсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев

О некоторых вопросах Азиатского Банка Инфраструктурных Инвестиций

Указ Президента Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 277. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 9 февраля 2018 года № 632

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 09.02.2018 № 632.

      Подлежит опубликованию

      в Собрании актов Президента и

      Правительства Республики Казахстан

      В соответствии со статьями 22, 33 Статей Соглашения Азиатского Банка Инфраструктурных Инвестиций, ратифицированного Законом Республики Казахстан от 27 января 2016 года, ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Назначить представителями Республики Казахстан в Совет управляющих Азиатского Банка Инфраструктурных Инвестиций (далее – Банк):

      1) управляющим – Министра национальной экономики Республики Казахстан Сулейменова Тимура Муратовича;

      2) заместителем управляющего – вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан Хаирова Ерлана Картаевича.

      Сноска. Пункт 1 в редакции Указа Президента РК от 14.03.2017 № 446.

      2. Определить Министерство национальной экономики Республики Казахстан официальным органом для поддержания связи с Банком по всем вопросам в связи с реализацией Статей Соглашения Азиатского Банка Инфраструктурных Инвестиций.

      3. Назначить Национальный Банк Республики Казахстан в качестве депозитария всех средств в национальной валюте Республики Казахстан, а также других активов Банка.

      4. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить Банк о принятом решении.

      5. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

     
      Президент
Республики Казахстан
Н.Назарбаев