ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 316 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі
мәселелері бойынша енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:
Жұмагелдиева - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар
Гүлнар Амангелдіқызы федерациясы төрағасының орынбасары
(келісім бойынша) енгізілсін;
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Қ.Қ. Айтуғанов шығарылсын.
3. Күші жойылды - ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен.4. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына:
Мырзахметов | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, |
Қасымбек | - | Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі енгізілсін; |
жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан Ә.Ө. Исекешев шығарылсын.
6. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкіміне:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамына:
Жақсыбеков - Қазақстан Республикасы Президенті
Әділбек Рыскелдіұлы Әкімшілігінің Басшысы, төраға енгізілсін;
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Н.З. Нығматулин шығарылсын.