Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 316 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 316 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
консультативтік-кеңесші және өзге де органдардың қызметі
мәселелері бойынша енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 11, 125-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:

      Жұмагелдиева - Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар

      Гүлнар Амангелдіқызы федерациясы төрағасының орынбасары

      (келісім бойынша) енгізілсін;

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Қ.Қ. Айтуғанов шығарылсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен.
      4. Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      5. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкіміне:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамына:

Мырзахметов
Асқар Исабекұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі,

Қасымбек
Жеңіс Махмұдұлы

-

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі енгізілсін;

      жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан Ә.Ө. Исекешев шығарылсын.

      6. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 323 өкіміне:

      жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамына:

      Жақсыбеков - Қазақстан Республикасы Президенті

      Әділбек Рыскелдіұлы Әкімшілігінің Басшысы, төраға енгізілсін;

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан Н.З. Нығматулин шығарылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады