Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 328 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3), 5) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-1-бабына сәйкес, Мемлекеттік қызмет жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі оны Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы болып қайта құрылсын.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аталған Агенттіктің құрылымында ведомство мәртебесіне ие болады және құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен бірлесіп бір ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті                    Н.Назарбаев

О реорганизации Министерства по делам государственной службы Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 13 сентября 2016 года № 328

Подлежит опубликованию в Собрании актов
Президента и Правительства Республики
Казахстан и республиканской печати  

      В соответствии с подпунктами 3), 5) статьи 44 Конституции Республики Казахстан, статьей 17-1 Конституционного закона Республики Казахстан «О Президенте Республики Казахстан», в целях дальнейшего совершенствования системы государственной службы и противодействия коррупции ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Реорганизовать Министерство по делам государственной службы Республики Казахстан путем его преобразования в Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействия коррупции как государственный орган, непосредственно подчиненный и подотчетный Президенту Республики Казахстан.
      Установить, что Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействия коррупции является уполномоченным государственным органом в сфере государственной службы, системного предупреждения коррупционных проявлений и контроля за соблюдением качества оказания государственных услуг.
      2. Преобразовать Национальное Бюро по противодействию коррупции Министерства по делам государственной службы Республики Казахстан в Национальное Бюро по противодействию коррупции Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействия коррупции.
      Установить, что Национальное Бюро по противодействию коррупции обладает статусом ведомства в структуре названного Агентства и является правоохранительным органом, осуществляющим выявление, пресечение, раскрытие и расследование коррупционных уголовных правонарушений.
      3. Правительству Республики Казахстан совместно с Администрацией Президента Республики Казахстан в месячный срок принять меры, вытекающие из настоящего Указа.
      4. Настоящий Указ вступает в силу со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                     Н. НАЗАРБАЕВ