2008 жылғы 30 қазанда Минск қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 3-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасынан Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті орган болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Беларусь тарапын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев