Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасынан құзыретті органды айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 378 Жарлығы

      2008 жылғы 30 қазанда Минск қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы Құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 3-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасынан Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті орган болып айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Беларусь тарапын қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады