Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 412 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі:

      әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне;

      денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне бөлу арқылы;

      2) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі экспортты ілгерілетуге жауапты ретінде айқындалып, туристік қызмет саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне беріле отырып;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі:

      халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне;

      елді мекендердің шекарасы (сызықтары) шегінде электрмен жабдықтау (0,4 кВ электр желісі объектілері), орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын, белгіленген қуаты 100 Гкал/сағаттан төмен қазандықтар (автономды қазандықтардан басқа) бөлігінде жылумен жабдықтау, газ және газбен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне;

      сәулет, қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй қатынастары, сумен жабдықтау, су бұру, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты-тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне беріле отырып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардың құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдардың штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қайта бөлуді;

      2) 2017 жылғы 1 шілдеге дейін осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі";

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.";

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі;" деген жол алып тасталсын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 25 января 2017 года № 412.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 44 Конституции Республики Казахстан в целях повышения эффективности системы государственного управления ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Реорганизовать:

      1) Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан путем разделения его на:

      Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан с передачей ему функций и полномочий в области формирования и проведения государственной политики в социально-трудовой сфере;

      Министерство здравоохранения Республики Казахстан с передачей ему функций и полномочий в области формирования и проведения государственной политики в области здравоохранения;

      2) Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан, определив его ответственным за продвижение экспорта, с передачей его функций и полномочий в области туристской деятельности Министерству культуры и спорта Республики Казахстан;

      3) Министерство национальной экономики Республики Казахстан с передачей его функций и полномочий по:

      реализации государственной политики в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения в Министерство здравоохранения Республики Казахстан;

      формированию и реализации государственной политики в области электроснабжения (электросетевые объекты 0,4 кВ), теплоснабжения, в части котельных с установленной мощностью ниже 100 Гкал/час, осуществляющих производство тепловой энергии в зоне централизованного теплоснабжения (кроме автономных котельных), газа и газоснабжения в пределах границ (черты) населенных пунктов в Министерство энергетики Республики Казахстан;

      формированию и реализации государственной политики в области архитектуры, градостроительства, строительства, жилищных отношений, водоснабжения, водоотведения, коммунального хозяйства и обращения с коммунальными отходами (за исключением твердо-бытовых отходов) в Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      2. Определить государственные органы правопреемниками прав и обязательств реорганизуемых государственных органов в соответствии с передаваемыми функциями и полномочиями.

      3. Правительству Республики Казахстан обеспечить:

      1) по согласованию с Администрацией Президента Республики Казахстан перераспределение штатной численности реорганизуемых государственных органов;

      2) до 1 июля 2017 года принятие иных мер по реализации настоящего Указа.

      4. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 22 января 1999 года № 6 "О структуре Правительства Республики Казахстан" следующие изменение и дополнение:

      в пункте 1:

      дополнить строками следующего содержания:

      "Министерство здравоохранения Республики Казахстан;

      Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.";

      строку "Министерство здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;" исключить.

      5. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      6. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

Президент


Республики Казахстан

Н. Назарбаев