Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 337 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 48, 299-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың он үшінші және он төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамын қаржылық оператор ретінде айқындай отырып, халыққа берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға - 10,0 (он) миллиард теңге;
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын қаржылық оператор ретінде айқындай отырып, құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға - 11,0 (он бір) миллиард теңге;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |