"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 337 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі № 550 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу және "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2015 - 2016 жылдарға арналған нысаналы трансферттер бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 957 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 337 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 48, 299-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың он үшінші және он төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамын қаржылық оператор ретінде айқындай отырып, халыққа берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға - 10,0 (он) миллиард теңге;

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамын қаржылық оператор ретінде айқындай отырып, құрылыс салушылардың кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға - 11,0 (он бір) миллиард теңге;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады