"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13 жəне 20-баптарына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қосымшаға сəйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.НАЗАРБАЕВ |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 583 Жарлығына ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ
1. "Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 7, 80-құжат).
2. "Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 348 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 60, 819-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 жəне "Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы" 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 866 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 458-құжат).
4. "Мемлекеттік-жекешелік əріптестікті іске асыру үшін берілмейтін объектілер тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 172 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 3-4, 11-құжат).