Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс (үзінді) |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президентi |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 643 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.
2. Күші жойылды – ҚР Президентінің 17.08.2019 № 120 Жарлығымен.
3. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:
4-1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"А" корпусының төртінші санатының лауазымдары үшін – осы өңірдің D-O-1 немесе Е-1 санаттарының нақты лауазымдары.".