Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 34-35, 248-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Жарлықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына және 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына және 21-бабына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ант беру тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік лауазымға алғаш рет тағайындалатын тұлғалар – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелерін; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысын; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысын, оның орынбасарларын; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығын; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілерін, кеңесшілерін; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын; облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер бір рет ант береді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаты антының мәтіні "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшесі антының мәтіні "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшесі антының мәтіні "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшесінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшесінің, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес лауазымды адамның, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өзге де мемлекеттік қызметшінің тиісінше ресімделген және мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде басылған ант мәтіні ант беруші адамның таңдауы бойынша осы тілдердің бірінде айтылады.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |