Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 5, 7-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 12) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Төраға қызметіне:
Ақмола облысы бойынша: | |
Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Кәкім Ілияс Қазбекұлы осы облыстың Көкшетау қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Батыс Қазақстан облысы бойынша: | |
Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Губашев Нұрлан Ерболатұлы осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Павлодар облысы бойынша: | |
Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Нұрғалиев Ардақ Темешбайұлы осы облыстың Шарбақты аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып |
тағайындалсын.
2. Судья қызметіне:
Батыс Қазақстан облысы бойынша: | |
Бөрлі аудандық сотына | Күлекешев Әмірхан Апианұлы осы облыстың Ақжайық аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Қарағанды облысы бойынша: | |
Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотына | Көкішев Марат Еркінұлы осы облыстың Жезқазған қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: | |
Тайынша ауданының № 2 аудандық сотына | Қасқырбаев Секербай Айтошұлы осы облыстың Шал ақын аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Алматы қаласы бойынша: | |
Алмалы ауданының № 2 аудандық сотына | Садырова Құралай Мұзартқызы Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып |
тағайындалсын.
3. Атқаратын қызметінен:
Маңғыстау облыстық сотының төрағасы | Аланов Жақсылық Рзабекұлы судья өкілеттігін тоқтата отырып, өз тілегі бойынша; |
Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы | Естай Берік Естайұлы судья өкілеттігін тоқтата отырып, өз тілегі бойынша; |
Астана қалалық сотының судьясы | Ниязбаева Айсұлу Мұсақызы орнынан түсуіне байланысты; |
Алматы облыстық сотының судьясы | Айымханова Нұргүл Мұхаметқалымқызы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты; |
Атырау облыстық сотының судьясы | Мадиярова Жұлдыз Нұрқашқызы орнынан түсуіне байланысты; |
Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы | Қыясова Зәуреш Темірбекқызы орнынан түсуіне байланысты; |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша: | |
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы | Рамазанов Анарбек Қожахметұлы орнынан түсуіне байланысты; |
Қарағанды облысы бойынша: | |
Теміртау қалалық сотының төрағасы | Нығметов Талғат Әлиханұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы болып қалдыра отырып; |
Ұлытау аудандық сотының төрағасы | Сағатов Сәрсен Сейіткенұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы болып қалдыра отырып; |
Қостанай облысы бойынша: | |
Жітіқара аудандық сотының судьясы | Бақтығалиева Елена Владимировна өз тілегі бойынша; |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша: | |
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы | Сатыбалдинова Бақытжан Мұхтарқызы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты; |
Мағжан Жұмабаев атындағы ауданы сотының судьясы | Морозова Лариса Николаевна орнынан түсуіне байланысты |
босатылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |