Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 735 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 5, 7-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 12) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Төраға қызметіне:

Ақмола облысы бойынша:

Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотына

Кәкім Ілияс Қазбекұлы

осы облыстың Көкшетау қалалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

Орал қаласының мамандандырылған тергеу сотына

Губашев Нұрлан Ерболатұлы

осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Павлодар облысы бойынша:

Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотына

Нұрғалиев Ардақ Темешбайұлы

осы облыстың Шарбақты аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      2. Судья қызметіне:

Батыс Қазақстан облысы бойынша:

Бөрлі аудандық сотына

Күлекешев Әмірхан Апианұлы

осы облыстың Ақжайық аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Қарағанды облысы бойынша:

Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотына

Көкішев Марат Еркінұлы

осы облыстың Жезқазған қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

Тайынша ауданының № 2 аудандық сотына

Қасқырбаев Секербай Айтошұлы

осы облыстың Шал ақын аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Алматы қаласы бойынша:

Алмалы ауданының № 2 аудандық сотына

Садырова Құралай Мұзартқызы

Алматы қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      3. Атқаратын қызметінен:

Маңғыстау облыстық сотының төрағасы

Аланов Жақсылық Рзабекұлы

судья өкілеттігін тоқтата отырып, өз тілегі бойынша;

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

Естай Берік Естайұлы

судья өкілеттігін тоқтата отырып, өз тілегі бойынша;

Астана қалалық сотының судьясы

Ниязбаева Айсұлу Мұсақызы

орнынан түсуіне байланысты;

Алматы облыстық сотының судьясы

Айымханова Нұргүл Мұхаметқалымқызы

зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;

Атырау облыстық сотының судьясы

Мадиярова Жұлдыз Нұрқашқызы

орнынан түсуіне байланысты;

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы

Қыясова Зәуреш Темірбекқызы

орнынан түсуіне байланысты;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Рамазанов Анарбек Қожахметұлы

орнынан түсуіне байланысты;

Қарағанды облысы бойынша:

Теміртау қалалық сотының төрағасы

Нығметов Талғат Әлиханұлы

өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы болып қалдыра отырып;

Ұлытау аудандық сотының төрағасы

Сағатов Сәрсен Сейіткенұлы

өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы болып қалдыра отырып;

Қостанай облысы бойынша:

Жітіқара аудандық сотының судьясы

Бақтығалиева Елена Владимировна

өз тілегі бойынша;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Сатыбалдинова Бақытжан Мұхтарқызы

зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;

Мағжан Жұмабаев атындағы ауданы сотының судьясы

Морозова Лариса Николаевна

орнынан түсуіне байланысты

      босатылсын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады