"Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 25 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 2019 жылғы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриi туралы ереже осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық 2019 жылғы 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 17 сәуірдегі
№ 25 Жарлығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2001 жылғы 26 маусымдағы
№ 643 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Сот жюриі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Сот жюриі туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң), "Қазақстан Республиканың Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Сот жюриін қалыптастыру мен оның жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Сот жюриі судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау үшін құрылады.

      3. Сот жюриінің мүшелерi өз қызметiнде тәуелсiз және Қазақстан Республикасының Конституциясын, Конституциялық заңды, Заңды және осы Ережені ғана басшылыққа алады.

      4. Сот жюриінің қызметіне араласуға және оның мүшелеріне ықпал етуге жол берілмейді. Сот жюриінің мүшесі өзінің іс жүргізуіндегі материалдар, қабылданған шешімдер бойынша қандай да бір ақпарат беруге құқылы емес.

2. Сот жюриін қалыптастыру тәртібі

      5. Сот жюриі алты судьядан тұрады, онда барлық деңгейдегі судьялардың өкілдік етуі қамтамасыз етіледі.

      Сот жюриінің құрамына сондай-ақ жұртшылықтың екі өкілі мен судьялар қатарынан Жоғары Сот Кеңесінің бір мүшесі кіреді, олардың кеңесшілік дауыс құқығы болады.

      Сот жюриінің құрамына судьялар Конституциялық заңның 22-бабының 2-1-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының ұсынымы бойынша, ал судьялар қатарынан Жоғары Сот Кеңесінің бір мүшесін және жұртшылық өкілдерін – Жоғары Сот Кеңесі үш жыл мерзімге тағайындайды.

      Кеңейтілген жалпы отырыста ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы ең көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.

      6. Сот жюриінің құрамына негізгі мүшелерден басқа, судьялар қатарынан Сот жюриінің запастағы мүшесі сайланады.

      Сот жюриінің запастағы мүшесі кворумның болмауына әкеп соққан Сот жюриінің мүшелеріне қарсылық білдірілген немесе олар өздігінен бас тартқан жағдайда Сот жюриі мүшесінің міндетін атқарады, сондай-ақ Сот жюриі мүшелерінің біреуі шығып қалған жағдайда өкілеттіктердің қалған мерзімінде Сот жюриі мүшесінің міндеттерін атқаруға кіріседі.

      Егер Сот жюриінің мүшесі шығып қалған кезде запастағы мүшелерінің резерві таусылса, Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қалған мерзімге қосымша сайлау өткізіледі.

      Сот жюриінің құрамы мен запастағы мүшесінің кандидатурасын Жоғары Сот Кеңесі бекітеді.

      Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кеңейтілген жалпы отырысы Сот жюриінің құрамына және запастағы мүшелеріне ұсынған кандидаттардан бас тарту туралы уәжді шешім қабылдауға құқылы.

      7. Судьялар қатарынан Сот жюриінің құрамына, сондай-ақ запастағы мүшелеріне ұсынылатын адамдардың кәсіби деңгейі жоғары, мінсіз беделі, қағидатшыл, судьялар қауымы арасында беделге ие және кемінде он жыл судьялық жұмыс өтілі болуға тиіс.

      Сот жюриінің құрамына жұртшылықтың өкілдерінен ұсынылатын адамдар кәсіби деңгейі жоғары, мінсіз беделі, қағидатшыл және заң мамындығы бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.

      8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары, облыстық соттардың төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Судья әдебі жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның мүшелері болып табылатын судьялар Сот жюриінің құрамына сайланбайды.

      9. Сот жюриі құрамының ұйымдастыру отырысында судьялар қатарынан көпшілік дауыспен Сот жюриінің төрағасы сайланады.

      Сот жюриінің төрағасы болып сайланған адам Жоғарғы Сот Төрағасының өкімімен Сот жюриінде төрағалық ету кезеңіне негізгі жұмыс орнындағы міндеттерін орындаудан босатылады.

      Судьялар жюриінің хатшысы болып Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының қызметкері тағайындалады.

      10. Сот жюриінің төрағасы:

      1) Сот жюриіне жалпы басшылықты қамтамасыз етеді;

      2) Сот жюриінің отырыстарын шақырады және оларда төрағалық етеді;

      3) Сот жюриінің отырысында қаралатын мәлелерді айқындайды және күн тәртібін бекітеді;

      4) Сот жюриінің шешімдері мен хаттамаларына қол қояды;

      5) комиссия құрады және Сот жюриінің мүшелеріне өтініш берілген немесе тәртіптік теріс қылық жасалған жерге барып, тексерулер жүргізуге тапсырма беруге құқылы;

      6) Сот жюриі жұмысын талдауды және практикасын жинақтап-қорытуды ұйымдастырады;

      7) Сот жюриінің атқарған жұмысы туралы ақпаратты Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады;

      8) мемлекеттік, қоғамдық және өзге де органдармен, ұйымдармен және лауазымды адамдармен қатынастарда Сот жюриінің атынан өкілдік етеді;

      9) Конституциялық заңда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      11. Сот жюриінің төрағасы уақытша болмаған жағдайда, оның тапсыруы бойынша төрағаның міндеттерін судьялар қатарынан Сот жюриі мүшелерінің бірі атқарады.

      12. Сот жюриінің отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі, Сот жюриі мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысқан жағдайда құқықтық күші болады.

      Сот жюриі отырыстарының уақытында оның мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отырыс өткізілетін жерге іссапарға жіберіледі және басқа міндеттерді атқарудан босатылады.

      Сот жюриі Жоғары Сот Кеңесі алдында есеп береді.

      13. Сот жюриі отырыстар мен тексерулерді тиісті өңірлерге барып өткізуге құқылы.

      14. Сот жюриі мүшесінің міндеттерін атқарудан босату негіздері:

      1) Сот жюриінің құрамына кіретін судьяның, Жоғары Сот Кеңесі мүшесінің, Сот жюриінің мүшесінің қызметтен босатылуы, судья өкілеттіктерінің тоқтатыла тұруы;

      2) Сот жюриі мүшесінің атына кір келтіретін теріс қылық жасауы;

      3) Сот жюриі мүшесінің сайланған мерзімінің аяқталуы;

      4) өз тілегі бойынша өтініші.

      Сот жюриінің мүшесі міндеттерін атқарудан Жоғары Сот Кеңесінің шешімімен босатылады.

3. Судьяларға қатысты тәртіптік істерді қарау тәртібі

      15. Судьялар Конституциялық заңда көзделген негіздер бойынша ғана тәртіптік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

      16. Судья тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

      Қызметтік міндеттерін атқару не қызметтен тыс кездегі кінәлі әрекет (әрекетсіздік) салдарынан Конституциялық заңның және (немесе) Судья әдебі кодексінің ережелері бұзылып, бұл сот билігі беделін түсіруге және судьяның беделіне нұқсан келтіруге алып келген тәртіптік теріс қылық болып табылады.

      17. Судья тәртiптiк жауаптылыққа:

      1) сот iстерiн қарау кезiнде заңдылықты өрескел бұзғаны үшiн;

      2) судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшiн тартылуы мүмкін.

      18. Сот төрағалары және соттардың сот алқаларының төрағалары Конституциялық заңда көзделген лауазымдық мiндеттерiн тиiсiнше орындамағаны үшін тәртiптiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.

      19. Судьялық қате, сондай-ақ сот актiсiнiң күшiн жою немесе оны өзгерту, егер бұл ретте жоғары тұрған сот сатысының сот актiсiнде көрсетiлген, заңды өрескел бұзушылықтарға жол берiлмеген болса, судьяның жауаптылығына алып келмейді.

      Заңды өрескел бұзу фактісін осы негіз бойынша сот актiсiнiң күшiн жойған немесе оны өзгерткен жоғары тұрған сот сатысы анықтауға тиіс және ол міндетті түрде сот актісінде көрсетілуге тиіс.

      Судьяның кінәлі әрекеттеріне байланысты емес, материалдық немесе процестік құқық нормаларын дұрыс түсіндірмеуге және қолданбауға алып келген іс-әрекет судьялық қате деп танылады.

      20. Әрбір судья сот билігін жүргізуші болып табылатынын сезініп, судьяның антына адал болып, судьяның ар-намысын қадірлейтін, сатылмайтын және тәуелсіз болып, қызметте және жеке өмірінде өзінің мінез-құлқын Судья әдебі кодексіне қатаң сәйкестікте ұстауға тиіс.

      21. Сот жюриінің судьяға қатысты материалдарды қарауына:

      1) облыстық соттың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының шешімдері;

      2) судья әдебі жөніндегі комиссиялардың шешімдері негіз болады.

      22. Конституциялық заңға сәйкес судьяға қатысты материалдарды Сот жюриінің қарауы үшiн негiздердiң бiрi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы болып табылады.

      Жоғарғы Сот Төрағасы Сот жюриіне Қазақстан Республикасының кез келген судьясына қатысты ұсыныс енгізе алады.

      23. Аудандық соттың судьясына, төрағасына, облыстық соттың судьясына қатысты тәртіптік іс жүргізу шеңберінде материалдарды жинау, оның толықтығы мен объективтілігі республиканың Соттар әкімшілерінің кадр қызметі басқармасына жүктеледі.

      Облыстық соттың сот алқасының төрағасына, төрағасына, Жоғарғы Соттың судьясына, сот алқасының төрағасына қатысты тәртіптік іс жүргізу шеңберінде материалдарды жинау, оның толықтығы мен объективтілігі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) персоналды басқару бөліміне (кадр қызметіне) жүктеледі.

      24. Сот жюриінің судьяға қатысты материалдарды қарауы үшін тексерулердің қорытындысы бойынша расталған, бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында қамтылған мәліметтер мен фактілер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері де негіз болып табылады.

      Аудандық соттың судьясына, төрағасына, облыстық соттың судьясына қатысты тексерулер жүргізу облыстық сотқа және судья әдебі жөніндегі комиссияға жүктеледі.

      Облыстық соттың сот алқасының төрағасына, төрағасына, Жоғарғы Соттың судьясына, сот алқасының төрағасына қатысты тексерулер жүргізу Жоғарғы Сотқа және судья әдебі жөніндегі комиссияға жүктеледі.

      25. Судьяларға қатысты тәртіптік істер және судьялардың іс-әрекеттерін тексеру нәтижелерімен бірге материалдар түскен кезде Сот жюриінің төрағасы 5 жұмыс күні ішінде:

      1) істер мен материалдарды Сот жюриінің мүшелеріне зерделеу үшін бөлу туралы;

      2) материалдарды қосымша ресімдеу үшін кері қайтару туралы;

      3) судьялар қатарынан Сот жюриінің мүшелері мен Жоғарғы Сот судьяларынан тұратын бірлескен комиссияның тексеру өткізуі туралы шешім қабылдайды.

      26. Судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініш беру жағдайларын қоспағанда, терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей және терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей басталуы мүмкiн.

      Жоғары тұрған сот сатысының заңдылықтың бұзылу фактiсi анықталған сот актiсi заңды күшiне енген күн судьяның сот iсiн қарау кезiнде заңдылықты бұзуына байланысты тәртiптiк терiс қылықтың анықталған күнi деп есептеледi, ал заңсыз сот актiсi шығарылған күн осындай терiс қылықтың жасалған күнi деп есептеледi.

      27. Жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргізу өтініш келіп түскен күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей басталуы мүмкiн.

      28. Тәртiптiк iс жүргізу қызметтік тексеру және судьяның дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақытын есептемегенде, басталған күнінен бастап екi ай мерзiмде аяқталуға тиiс.

      Сот жюриінің төрағасы тәртіптік материалды қарау үшін қабылдаған және ол бойынша баяндамашыны белгілеген күн тәртіптік іс жүргізудің басталуы деп есептеледі.

      29. Cот жюриіне келіп түскен материалдарды қабылдауды, сұраулар жіберуді, судьяға қатысты тәртіптік істі қарау тағайындалғаны туралы оған, сондай-ақ Сот жюриінің мүшелеріне отырыстың өткізілетін күні, уақыты және орны туралы хабарлауды Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты жүзеге асырады.

      30. Сот жюриінің төрағасы судьяға қатысты тәртіптік істің баяндамашысын және қарау күнін белгілейді. Істің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оны қарағанға дейін тексеру тағайындай алады.

      31. Баяндамашы Судья әдебі жөніндегі комиссиядан және соттардан қосымша құжаттар мен материалдарды, оның ішінде қаралуы кезінде заңды өрескел бұзушылықтарға жол берілген сот істерін сұрата алады.

      32. Тәртіптік істі қарау өзіне қатысты тәртіптік іс жүргізу басталған судьяның міндетті түрде қатысуымен өткізіледі.

      Судья дәлелді себеппен келмеген жағдайда (науқастануы немесе Сот жюриінің отырысына қатысуына объективті кедергі келтірген өзге де мән-жайлар) Сот жюриінің отырысы кейінге қалдырылады.

      Судья дәлелсіз себеппен келмеген кезде тәртіптік істі қарау оның қатысуынсыз өткізіледі.

      Сот жюриінің отырысы аудио-, бейнежазба қолданылып, оның ішінде бейнеконференцбайланыс пайдаланылып өткізілуі мүмкін.

      33. Өзіне қатысты тәртіптік іс жүргізу қаралып отырған судья істі қарау басталғанға дейін Сот жюриінің мүшесіне (мүшелеріне) дәлелді қарсылық мәлімдей алады.

      34. Егер Судья жюриінің мүшесi соған қатысты материалдар қаралып отырған судьямен туыстық қатынаста болса, не оның объективтiлiгi мен бейтараптығына күмән туғызатын өзге де жағдайлар болса, отырысқа қатыса алмайды.

      35. Сот жюриінің кез келген мүшесі материалдарды қарауға қатысудан дәлелді түрде өздігінен бас тартатындығы туралы мәлімдей алады.

      36. Қарсылық білдіру немесе өздігінен бас тарту туралы мәселені Сот жюриінің мүшелері оған қатысты қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) мәлімделген адамның қатысуынсыз көпшілік дауыспен шешеді.

      Мәлімделген қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) бойынша дауыс берудің нәтижелері отырыс хаттамасында көрсетіледі.

      37. Кворумның болмауына әкелетін қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қанағаттандырылған жағдайда, Сот жюриінің отырысы басқа уақытқа ауыстырылады, бұл туралы өзіне қатысты материалдар қаралып жатқан судья хабардар етіледі.

      Бұл жағдайда Сот жюриінің мүшесі Сот жюриінің запастағы мүшесімен алмастырылады.

      38. Өзіне қатысты іс қаралып жатқан судья материалдарды зерттеуге қатыса алады, мәні бойынша түсініктемелер беріп, қосымша материалдар ұсына алады, өтінішхат бере алады.

      39. Сот жюриінің отырысына түсініктемелер беру үшін судья жұмыс істейтін соттың төрағасы не тиісті сот алқасының төрағасы, сондай-ақ басқа адамдар қажетті жағдайларда шақырылуы мүмкін.

      40. Істі қарау нәтижелері бойынша шешімді Сот жюриінің мүшелері оларға қандай да бір ықпал ету мүмкіндігі болмайтындай жағдайда көпшілік дауыспен қабылдайды.

      Сот жюриінің мүшесі дауыс беруден қалыс қалуға құқылы емес. Дауыстар тең түскен жағдайда, өзіне қатысты тәртіптік іс қаралып отырған судьяның жағдайын жақсартатын шешім қабылданды деп есептеледі.

      41. Конституциялық заңның 44-1-бабына сәйкес Сот жюриі тәртіптік істі қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) Конституциялық заңның 40-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік жазаны қолдану туралы;

      2) тәртiптiк iс жүргiзудi тоқтату туралы.

      42. Судьяларға тәртiптiк жазаның мына түрлерi қолданылуы мүмкiн:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қызметтiк мiндеттерiн тиiсiнше атқармағаны үшiн сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы қызметiнен босату;

      4) Конституциялық заңда көзделген негiздер бойынша судьяны қызметінен босату.

      43. Судья жіберген әрбiр тәртiп бұзушылық үшiн Сот жюриі тәртiптiк терiс қылықтың сипатын, судьяның жеке басы туралы деректер мен оның кiнәсiнiң дәрежесiн ескере отырып, бiр ғана тәртiптiк жаза қолданады.

      44. Тәртіптік жаза қолданылған кезде жасалған тәртіптік теріс қылықтың сипаты, жасалуының мән-жайы мен салдары, тәртіптік теріс қылықты жасаған судья кінәсінің түрі, судьяның жеке басы және судьяның іс-әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) сот төрелігін жүзеге асыру қағидаттарының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу дәрежесі ескеріледі.

      45. Тәртіптік жаза қолданылған күнінен бастап бір жыл бойы күшінде болады. Егер жаза қолданылған күннен бастап бір жыл бойына судья жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, онда ол тәртіптік жазаға тартылмаған деп есептеледі.

      Судьяға бірнеше жаза берілген жағдайда, ол уақыты бойынша соңғы жаза берілген күннен бастап бір жыл мерзім өткенге дейін жазаға тартылған болып есептеледі.

      46. Судьяға қатысты тәртiптiк iс жүргiзу мынадай негiздер бойынша:

      1) судьяның іс-әрекетінде тәртіптік теріс қылық құрамы болмағанда;

      2) Конституциялық заңның 42-бабының 1-тармағында белгiленген судьяға қатысты тәртiптiк iстi қарау мерзiмдерi өтiп кеткенде;

      3) жасалған тәртіптік теріс қылықтың теріс құқықтық салдары болмай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқтырмай, маңыздылығы шамалы болып, егер Сот жюриі судьяның іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ауызша мін тағумен шектелу мүмкіндігі туралы тұжырымға келсе;

      4) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенде;

      5) тәртіптік іс жүргізуді қозғау үшін негіз болған сот актісінің күшін жоғары тұрған сот сатысы жойғанда;

      6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда;

      7) судья қайтыс болғанда немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енгенде тоқтатылады.

      47. Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 4), 5) тармақшаларына сәйкес Сот жюриінің тәртіптік жазаны қолдану туралы шешімі төрағаны, сот алқасының төрағасын және судьяны атқарып отырған қызметінен босату туралы мәселені Жоғары Сот Кеңесінің қарауы үшін негіз болып табылады.

      48. Тәртіптік жаза берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін, судьяның тәртібі мінсіз болып, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарған кезде судьяның өтінішхаты бойынша жаза мерзімінен бұрын алынуы мүмкін.

      49. Сот жюриіне тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу туралы өтінішхатты судьяның мінсіз тәртібі мен өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаратыны туралы тиісті құжаттарды қоса тіркеп, аудандық соттың судьясына, төрағасына, облыстық соттың судьясына қатысты – облыстық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасына, сот алқасының төрағасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясына, сот алқасының төрағасына қатысты – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы ұсынады.

      50. Тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу туралы судьяның өтінішхатын Сот жюриі тиісті шешім шығарып, материал қарауға түскен сәттен бастап бір ай мерзім ішінде қарауға тиіс.

      51. Сот жюриінің отырысында хаттама жүргізіледі, қажеттігіне қарай аудио-, бейнежазба қолданылады.

      Хаттамаға отырыста төрағалық етуші мен хатшы қол қояды.

      52. Cот жюриі шешімдерінің көшірмелері өзіне қатысты шешім қабылданған судьяға, сондай-ақ тиісті облыстық сотқа немесе Жоғарғы Сотқа жіберіледі.

      Судьяның тәртіптік теріс қылық жасағаны немесе Конституциялық заңның 28-бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін судья лауазымынан босату туралы шешімдердің көшірмелері Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне жіберіледі.

4. Сот жюриі шешімдерінің күшін жою және қайта қарау

      53. Сот жюриінің шешіміне судья шешімнің көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Жоғары Сот Кеңесіне шағымдана алады.

      54. Жоғары Сот Кеңесi "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Заңның 24-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған жағдайда, Сот жюриі істі қайта қарайды.

5. Сот жюриінің жұмысын ұйымдастыру

      55. Сот жюриінің қызметiн ұйымдастырудың, оның отырыстарын өткізудің шарттары мен тәртібі, сондай-ақ оның мүшелерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруының өзге де мәселелері бойынша Сот жюриінің регламентін Жоғары Сот Кеңесi бекітеді.

      56. Сот жюриінің қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық және өзге де қамтамасыз етуді Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты жүзеге асырады.

О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 26 июня 2001 года № 643 "Об утверждении положений, предусмотренных Конституционным законом Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 17 апреля 2019 года № 25.

  Подлежит опубликованию
в Собрании актов Президента и
Правительства Республики
Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 26 июня 2001 года № 643 "Об утверждении положений, предусмотренных Конституционным законом Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан" следующее изменение:

      Положение о Судебном жюри, утвержденное вышеназванным Указом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему Указу.

      2. Настоящий Указ вводится в действие с 28 апреля 2019 года.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Указу Президента
Республики Казахстан
от 17 апреля 2019 года № 25
  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 26 июня 2001 года № 643

ПОЛОЖЕНИЕ о Судебном жюри

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение о Судебном жюри (далее – Положение) разработано в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Конституционным законом Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан" (далее – Конституционный закон), Законом Республики Казахстан "О Высшем Судебном Совете Республики Казахстан" (далее – Закон) и определяет порядок формирования и организации работы Судебного жюри.

      2. Судебное жюри образуется для рассмотрения дисциплинарных дел в отношении судей.

      3. В своей деятельности члены Судебного жюри независимы и руководствуются только Конституцией Республики Казахстан, Конституционным законом, Законом и настоящим Положением.

      4. Не допускаются вмешательство в деятельность Судебного жюри и оказание воздействия на его членов. Член Судебного жюри не вправе давать какую-либо информацию по находящимся в его производстве материалам, принятым решениям.

2. Порядок формирования Судебного жюри

      5. Судебное жюри состоит из шести судей, обеспечивающих представительство в Судебном жюри судей всех уровней.

      В Судебное жюри входят также два представителя общественности и один член Высшего Судебного Совета из числа судей, имеющие право совещательного голоса.

      Судьи назначаются в состав Судебного жюри по рекомендации расширенного пленарного заседания Верховного Суда в соответствии с пунктом 2-1 статьи 22 Конституционного закона, а член Высшего Судебного Совета из числа судей и представители общественности – Высшим Судебным Советом, сроком на три года.

      Избранным считается кандидат, набравший наибольшее число голосов расширенного пленарного заседания посредством открытого или тайного голосования.

      6. В состав Судебного жюри помимо основных членов избирается запасной член Судебного жюри из числа судей.

      Запасной член Судебного жюри приступает к исполнению обязанностей члена Судебного жюри в случае отвода или самоотвода членов Судебного жюри, повлекшего отсутствие кворума, а также в случае выбытия члена Судебного жюри и исполняет обязанности члена Судебного жюри на оставшийся срок полномочий.

      Если при выбытии члена Судебного жюри резерв запасных членов будет исчерпан, проводятся довыборы на оставшийся срок в порядке, установленном Конституционным законом.

      Состав Судебного жюри и кандидатура запасного члена утверждаются Высшим Судебным Советом.

      Высший Судебный Совет вправе мотивированным решением отклонить кандидатуры в состав Судебного жюри и запасных членов, рекомендованных расширенным пленарным заседанием Верховного Суда Республики Казахстан.

      7. Лица, рекомендуемые в состав Судебного жюри из числа судей, а также запасных судей, должны обладать высокими профессиональными качествами, безупречной репутацией, принципиальностью, пользоваться авторитетом судейской общественности и иметь стаж работы судьей не менее десяти лет.

      Лица, рекомендуемые в состав Судебного жюри от представителей общественности, должны обладать высокими профессиональными качествами, безупречной репутацией, принципиальностью и иметь стаж работы по юридической специальности не менее десяти лет.

      8. В состав Судебного жюри не могут быть избраны Председатель и председатели судебных коллегий Верховного Суда Республики Казахстан, председатели и председатели судебных коллегий областных судов, судьи – члены Комиссии по судейской этике, Комиссии по качеству правосудия при Верховном Суде, Комиссии по кадровому резерву при Высшем Судебном Совете.

      9. На организационном заседании состава Судебного жюри из числа судей большинством голосов избирается председатель Судебного жюри.

      Лицо, избранное председателем Судебного жюри, распоряжением Председателя Верховного Суда освобождается от исполнения служебных обязанностей по основному месту работы на период председательствования в Судебном жюри.

      Секретарем Судебного жюри назначается работник Аппарата Высшего Судебного Совета.

      10. Председатель Судебного жюри:

      1) обеспечивает общее руководство Судебным жюри;

      2) созывает заседания Судебного жюри и председательствует на них;

      3) определяет вопросы, выносимые для рассмотрения на заседания Судебного жюри, и утверждает повестку дня;

      4) подписывает решения и протоколы Судебного жюри;

      5) создает комиссию и вправе поручать членам Судебного жюри проводить проверки с выездом на место обращения или совершения дисциплинарного проступка;

      6) организует анализ и обобщение практики работы Судебного жюри;

      7) представляет информацию о проделанной работе Судебного жюри Высшему Судебному Совету;

      8) представляет Судебное жюри в отношениях с государственными, общественными и иными органами, организациями и должностными лицами;

      9) осуществляет иные полномочия, установленные Конституционным законом.

      11. В случае временного отсутствия председателя Судебного жюри по его поручению обязанности председателя исполняет один из членов Судебного жюри, из числа судей.

      12. Заседания Судебного жюри проводятся по мере необходимости, правомочны при наличии не менее двух третей состава из числа членов Судебного жюри.

      На время заседаний Судебного жюри его члены в соответствии с законодательством Республики Казахстан командируются к месту проведения заседания и освобождаются от выполнения других обязанностей.

      Судебное жюри отчитывается перед Высшим Судебным Советом.

      13. Судебное жюри вправе проводить заседания и проверки с выездом в соответствующие регионы.

      14. Основаниями для освобождения от исполнения обязанностей члена Судебного жюри являются:

      1) освобождение судьи, члена Высшего Судебного Совета, члена Судебного жюри от должности, приостановление полномочий судьи, входящего в состав Судебного жюри;

      2) совершение членом Судебного жюри порочащего проступка;

      3) истечение срока, на который был избран член Судебного жюри;

      4) заявление по собственному желанию.

      Член Судебного жюри освобождается от исполнения обязанностей решением Высшего Судебного Совета.

3. Порядок рассмотрения дисциплинарных дел в отношении судей

      15. Судьи могут быть привлечены к дисциплинарной ответственности только по основаниям, предусмотренным Конституционным законом.

      16. Судья может быть привлечен к дисциплинарной ответственности за совершение дисциплинарного проступка.

      Дисциплинарным проступком является виновное действие (бездействие) при исполнении служебных обязанностей либо во внеслужебной деятельности, в результате которого были нарушены положения Конституционного закона и (или) Кодекса судейской этики, что повлекло умаление авторитета судебной власти и причинение ущерба репутации судьи.

      17. Судья может быть привлечен к дисциплинарной ответственности за:

      1) грубое нарушение законности при рассмотрении судебных дел;

      2) совершение порочащего проступка, противоречащего судейской этике.

      18. Председатели судов и председатели судебных коллегий судов могут быть привлечены к дисциплинарной ответственности за ненадлежащее исполнение своих должностных обязанностей, предусмотренных Конституционным законом.

      19. Судейская ошибка, а также отмена или изменение судебного акта само по себе не влекут ответственность судьи, если при этом не были допущены грубые нарушения закона, о которых указано в судебном акте вышестоящей судебной инстанции.

      Факт грубого нарушения закона должен быть установлен вышестоящим судом, отменившим или изменившим судебное решение по этому основанию, и обязательно отражен в судебном акте.

      Судейской ошибкой признается деяние, приведшее к неправильному толкованию и применению норм материального или процессуального права, не связанное с виновными действиями судьи.

      20. Каждый судья должен осознавать, что он является носителем судебной власти, быть верен судейской присяге, дорожить судейской честью, быть неподкупным и независимым и строить свое поведение на службе и в личной жизни в строгом соответствии с Кодексом судейской этики.

      21. Основаниями для рассмотрения Судебным жюри материалов в отношении судьи являются:

      1) решения пленарных заседаний областных судов и Верховного Суда;

      2) решения комиссий по судейской этике.

      22. В соответствии с Конституционным законом одним из оснований для рассмотрения Судебным жюри материалов в отношении судьи является представление Председателя Верховного Суда Республики Казахстан.

      Председатель Верховного Суда вправе внести представление в Судебное жюри в отношении любого судьи Республики Казахстан.

      23. Сбор материалов в рамках дисциплинарного производства, его полнота и объективность в отношении судьи, председателя районного суда, судьи областного суда возлагается на управление кадровой службы администраторов судов республики.

      Сбор материалов в рамках дисциплинарного производства, его полнота и объективность в отношении председателя судебной коллегии, председателя областного суда, судьи, председателя судебной коллегии Верховного Суда возлагается на отдел управления персоналом (кадровая служба) Департамента по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (Аппарат Верховного Суда Республики Казахстан).

      24. Основанием для рассмотрения Судебным жюри материалов в отношении судьи являются также сведения и факты, содержащиеся в публикациях средств массовой информации, обращения юридических и физических лиц, подтвердившиеся по итогам проверок.

      Проведение проверок в отношении судьи, председателя районного суда, судьи областного суда возлагается на областной суд и комиссию по судейской этике.

      Проведение проверок в отношении председателя судебной коллегии, председателя областного суда, судьи, председателя судебной коллегии Верховного Суда, возлагается на Верховный Суд и комиссию по судейской этике.

      25. При поступлении дисциплинарных дел в отношении судей и материалов с результатами проверок действий судей, председатель Судебного жюри в течение 5 рабочих дней принимает решение о:

      1) распределении дел и материалов членам Судебного жюри для изучения;

      2) возврате материалов для дооформления;

      3) проведении проверки совместной комиссией из членов Судебного жюри из числа судей и судей Верховного Суда.

      26. Дисциплинарное производство в отношении судьи может быть начато не позднее трех месяцев со дня обнаружения проступка, за исключением случаев обращения физических и юридических лиц, и не позднее одного года со дня совершения проступка.

      Днем обнаружения дисциплинарного проступка, связанного с нарушением судьей законности при рассмотрении судебного дела, считается день вступления в законную силу судебного акта вышестоящей судебной инстанции, которым установлен факт нарушения законности, а днем совершения такого проступка – день вынесения незаконного судебного акта.

      27. Дисциплинарное производство в отношении судьи по обращению физических и юридических лиц может быть начато не позднее шести месяцев со дня поступления обращения.

      28. Дисциплинарное производство должно быть окончено в двухмесячный срок со дня его начала, не считая времени служебной проверки и отсутствия судьи на работе по уважительной причине.

      Началом дисциплинарного производства считается дата принятия председателем Судебного жюри дисциплинарного материала на рассмотрение и определения докладчика по нему.

      29. Прием материалов, поступивших в Судебное жюри, направление запросов, извещение судьи, в отношении которого назначено рассмотрение дисциплинарного дела, а также информирование членов Судебного жюри о дате, времени и месте проведения заседания осуществляет Аппарат Высшего Судебного Совета.

      30. Председатель Судебного жюри определяет докладчика и дату рассмотрения дисциплинарного дела в отношении судьи. В целях обеспечения полноты и объективности рассмотрения дела может назначать проверку до его рассмотрения.

      31. Докладчик может истребовать дополнительные документы и материалы от Комиссии по судейской этике и судов, в том числе судебные дела, при рассмотрении которых были допущены грубые нарушения закона.

      32. Рассмотрение дисциплинарного дела производится с обязательным участием судьи, в отношении которого начато дисциплинарное производство.

      В случае неявки судьи по уважительной причине (болезнь или иные обстоятельства, объективно воспрепятствовавшие участию на заседании Судебного жюри) заседание Судебного жюри переносится.

      При неявке судьи без уважительной причины рассмотрение дисциплинарного дела производится без его участия.

      Заседание Судебного жюри может проводиться с применением аудио-, видеофиксации, в том числе с использованием видеоконференцсвязи.

      33. Судья, в отношении которого рассматривается дисциплинарное производство, может заявить мотивированный отвод члену (членам) Судебного жюри до начала рассмотрения дела.

      34. Член Судебного жюри не может участвовать на заседании если он состоит в родственной связи с судьей, в отношении которого рассматриваются материалы, либо если имеются иные обстоятельства, вызывающие сомнение в его объективности и беспристрастности.

      35. Любой член Судебного жюри может заявить мотивированный самоотвод от участия в рассмотрении материалов.

      36. Вопрос об отводе или самоотводе разрешается членами Судебного жюри в отсутствие лица, в отношении которого заявлен отвод (самоотвод), большинством голосов.

      Результаты голосования по заявленному отводу (самоотводу) отражаются в протоколе заседания.

      37. В случае удовлетворения отвода (самоотвода), повлекшего отсутствие кворума, заседание Судебного жюри переносится на другой срок, о чем извещается судья, в отношении которого рассматривается дело.

      В этом случае член Судебного жюри замещается запасным членом Судебного жюри.

      38. Судья, в отношении которого рассматривается дело, может принимать участие в исследовании материалов, давать пояснения по существу, представлять дополнительные материалы, заявлять ходатайства.

      39. В необходимых случаях на заседание Судебного жюри для дачи пояснений могут быть приглашены председатель суда, где работает судья, либо председатель соответствующей судебной коллегии, а также другие лица.

      40. Решение по результатам рассмотрения дела принимается членами Судебного жюри большинством голосов в условиях, исключающих возможность оказать любое воздействие на его членов.

      Член Судебного жюри не вправе воздерживаться от голосования. При равенстве голосов принятым считается решение, улучшающее положение судьи, в отношении которого рассматривается дисциплинарное дело.

      41. В соответствии со статьей 44-1 Конституционного закона по результатам рассмотрения дисциплинарного дела Судебным жюри выносится одно из следующих решений:

      1) о наложении дисциплинарного взыскания, предусмотренного пунктом 1 статьи 40 Конституционного закона;

      2) о прекращении дисциплинарного производства.

      42. К судьям могут быть применены следующие виды дисциплинарного взыскания:

      1) замечание;

      2) выговор;

      3) освобождение от должности председателя суда или председателя судебной коллегии за ненадлежащее исполнение служебных обязанностей;

      4) освобождение от должности судьи по основаниям, предусмотренным Конституционным законом.

      43. За каждое нарушение, допущенное судьей, Судебное жюри налагает лишь одно дисциплинарное взыскание с учетом характера дисциплинарного проступка, данных о личности судьи и степени его вины.

      44. При наложении дисциплинарного взыскания учитываются характер дисциплинарного проступка, обстоятельства и последствия его совершения, форма вины, личность судьи, совершившего дисциплинарный проступок, и степень нарушения действиями (бездействием) судьи принципов отправления правосудия, прав и свобод граждан, прав и законных интересов организаций.

      45. Дисциплинарное взыскание действует в течение одного года со дня его наложения. Если в течение года со дня наложения взыскания судья не будет подвергнут новому дисциплинарному взысканию, то он считается не подвергавшимся дисциплинарному взысканию.

      В случае наложения на судью нескольких взысканий он считается имеющим взыскание до истечения годичного срока со дня наложения последнего по времени взыскания.

      46. Основаниями для прекращения дисциплинарного производства в отношении судьи являются:

      1) отсутствие в действиях судьи состава дисциплинарного проступка;

      2) истечение сроков рассмотрения дисциплинарного дела в отношении судьи, установленных пунктом 1 статьи 42 Конституционного закона;

      3) малозначительность совершенного дисциплинарного проступка, который не имел негативных правовых последствий и не повлек нарушения прав и свобод граждан, прав и законных интересов организаций, если Судебное жюри придет к выводу о возможности ограничиться устным порицанием действий (бездействия) судьи;

      4) вступление в законную силу решения суда о признании судьи недееспособным или ограниченно дееспособным либо о применении к нему принудительных мер медицинского характера;

      5) отмена вышестоящей судебной инстанцией судебного акта, вынесение которого послужило основанием для возбуждения дисциплинарного производства;

      6) прекращение гражданства Республики Казахстан;

      7) смерть судьи или вступление в законную силу решения суда об объявлении его умершим.

      47. Решение Судебного жюри о наложении дисциплинарного взыскания в соответствии с подпунктами 4), 5) пункта 1 статьи 40 Конституционного закона является основанием для рассмотрения Высшим Судебным Советом вопроса об освобождении председателя, председателя судебной коллегии и судьи от занимаемой должности.

      48. По истечении шести месяцев со дня наложения дисциплинарного взыскания оно может быть снято досрочно по ходатайству судьи при безупречном поведении судьи и добросовестном отношении к исполнению своих обязанностей.

      49. Ходатайство о досрочном снятии дисциплинарного взыскания с приложением соответствующих документов о безупречном поведении судьи и добросовестном отношении к исполнению своих обязанностей представляется в Судебное жюри в отношении судьи, председателя районного суда, судьи областного суда – председателем областного суда, в отношении председателя, председателя судебной коллегии областного суда, судьи, председателя судебной коллегии Верховного Суда Республики Казахстан – Председателем Верховного Суда Республики Казахстан.

      50. Ходатайство судьи о досрочном снятии дисциплинарного взыскания должно быть рассмотрено Судебным жюри в месячный срок с момента поступления материала на рассмотрение с вынесением соответствующего решения.

      51. На заседании Судебного жюри ведется протокол, при необходимости аудио-, видеофиксация.

      Протокол подписывается председательствующим на заседании и секретарем.

      52. Копии решений Судебного жюри направляются судье, в отношении которого принято решение, а также в соответствующий областной суд или Верховный Суд.

      Копии решений об освобождении от должности судьи за совершение им дисциплинарного проступка или невыполнение требований, указанных в статье 28 Конституционного закона, направляются в Высший Судебный Совет Республики Казахстан.

4. Отмена и пересмотр решений Судебного жюри

      53. Решение Судебного жюри может быть обжаловано судьей в Высший Судебный Совет не позднее десяти рабочих дней со дня получения копии решения.

      54. В случае принятия Высшим Судебным Советом решения, предусмотренного подпунктом 3) пункта 3 статьи 24 Закона "О Высшем Судебном Совете Республики Казахстан", Судебное жюри повторно рассматривает дело.

5. Организация работы Судебного жюри

      55. По иным вопросам организации деятельности Судебного жюри, условий и порядка проведения заседаний, а также осуществлении полномочий его членов Высшим Судебным Советом утверждается Регламент Судебного жюри.

      56. Организационное, информационно-аналитическое и иное обеспечение деятельности Судебного жюри осуществляется Аппаратом Высшего Судебного Совета.