Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" № 151 және "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" № 152 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 16 тамыздағы № 119 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының Президенті
  мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында
  жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      15-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-2, В-2, С-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының лауазымдарында кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:

      4-1-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""А" корпусының бірінші санатының лауазымдары үшін – осы мемлекеттік органның орталық аппаратының В-1 санатындағы лауазымдар, осы мемлекеттік органның орталық аппараты департаментінің директоры, осы мемлекеттік органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ бірінші санат лауазымдарының орынбасары лауазымдары;".

      2. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 534-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, сондай-ақ аталған мемлекеттік органдардан басқа мемлекеттік органдарға;".

      3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

О внесении изменений в указы Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 151 "О некоторых вопросах поступления граждан на административную государственную службу корпуса "А" и № 152 "О некоторых вопросах прохождения государственной службы"

Указ Президента Республики Казахстан от 16 августа 2019 года № 119.

  Подлежит опубликованию в
Собрании
актов Президента и
Правительства
Республики Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. В Указе Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 151 "О некоторых вопросах поступления граждан на административную государственную службу корпуса "А" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 70-71, ст. 521):

      в Специальных квалификационных требованиях к административным государственным должностям корпуса "А", утвержденных вышеназванным Указом:

      подпункт 1) пункта 15-1 изложить в следующей редакции:

      "1) не менее семи лет стажа работы, в том числе не менее трех лет стажа государственной службы на политических государственных должностях либо на должностях корпуса "А", определенных Реестром должностей политических и административных государственных служащих, либо в статусе депутата Парламента Республики Казахстан, либо на должностях не ниже категорий А-2, В-2, С-1, D-2, D-O-1, либо на должностях не ниже заместителей председателей комитетов центральных государственных органов, руководителей департаментов центральных государственных органов, либо не ниже руководителей территориальных органов и подразделений центральных государственных органов и их ведомств в областях, городах республиканского значения, столице, либо на должностях руководителей структурных подразделений аппаратов акимов областей, городов республиканского значения, столицы;";

      в Правилах отбора в кадровый резерв административной государственной службы корпуса "А", утвержденных вышеназванным Указом:

      абзац второй части второй пункта 4-1 изложить в следующей редакции:

      "для должностей корпуса "А" первой категории – должности категории В-1 центрального аппарата данного государственного органа, директоров департаментов центрального аппарата данного государственного органа, руководителей территориальных органов и подразделений данного государственного органа в областях, городах республиканского значения, столице, а также должности заместителей должностей первой категории;".

      2. В Указе Президента Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 152 "О некоторых вопросах прохождения государственной службы"(САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 72-73-74, ст. 534):

      в Правилах занятия административной государственной должности корпуса "Б" без проведения конкурса в порядке перевода, утвержденных вышеназванным Указом:

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) на административные государственные должности корпуса "Б" Администрации Президента Республики Казахстан, Канцелярии Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы, аппаратов палат Парламента Республики Казахстан и Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, а также из данных государственных органов в другие государственные органы;".

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев