Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № 63 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамдық сенім кеңесі туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамдық сенім кеңесінің құрамы бекітілсін.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 17 шілдедегі
№ 63 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі (бұдан әрі - Ұлттық кеңес) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Ұлттық кеңес қызметінің негізгі мақсаты жұртшылықтың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның өкілдерімен кеңінен талқылау негізінде мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.

      3. Ұлттық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

2. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері

      4. Ұлттық кеңестің негізгі міндеттері:

      тұжырымдамалардың, мемлекеттік бағдарламалардың және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қоғамдық сараптама жүргізу;

      жұртшылықтың және азаматтық қоғамның пікірін ескере отырып маңызды стратегиялық проблемаларды қарау;

      жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету;

      өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.

3. Ұлттық кеңестің құрамы

      5. Ұлттық кеңес Ұлттық кеңестің төрағасынан, оның орынбасарынан және мүшелерінен тұрады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 08.02.2022 № 806 Жарлығымен.

      6. Ұлттық кеңестің төрағасы (бұдан әрі - Төраға) Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.

      7. Төраға:

      Ұлттық кеңестің қызметіне жалпы басшылық жасайды;

      Ұлттық кеңестің отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;

      Ұлттық кеңес төрағасының орынбасарына және мүшелеріне тапсырма береді.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 08.02.2022 № 806 Жарлығымен.

      8. Ұлттық кеңестің құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы өз лауазымы бойынша Ұлттық кеңестің құрамына кіреді және Ұлттық кеңес төрағасының орынбасары болып табылады.

      Ұлттық кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы бекітеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 08.02.2022 № 806 Жарлығымен.

      9. Ұлттық кеңестің шешімдерімен қоғам дамуының жекелеген салалары бойынша жұмыс топтары құрылуы мүмкін.

      Жұмыс топтары Ұлттық кеңестің құрамынан құрылады.

      10. Ұлттық кеңестің мүшелері:

      Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі мен мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;

      Ұлттық кеңестің отырыстарына материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға;

      Ұлттық кеңестің отырысында қаралатын мәселелерді қоғамда талқылауға және түсіндіруге қатысуға құқылы.

      Ұлттық кеңестің мүшелерінде Мемлекет басшысы қол қойған, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшесінің куәлігі болады.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 08.02.2022 № 806 Жарлығымен.

      11. Ұлттық кеңес төрағасының орынбасары:

      Ұлттық кеңестің жұмыс жоспары жобасының әзірленуін қамтамасыз етеді;

      оның отырыстарының күн тәртібі жобасын жасайды;

      Ұлттық кеңес отырыстары материалдарының, сондай-ақ хаттамалық шешімдер жобаларының дайындалуын ұйымдастырады;

      Ұлттық кеңес мүшелеріне Ұлттық кеңестің кезекті отырысының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;

      жекелеген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін сарапшыларды, ғалымдарды және мамандарды белгіленген тәртіпте тартады;

      өңірлерде көшпелі консультативтік кеңестер өткізеді;

      Төрағаның тапсырмалары бойынша өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 08.02.2022 № 806 Жарлығымен.

4. Ұлттық кеңестің қызметін ұйымдастыру

      12. Ұлттық кеңестің отырыстары қажеттігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына үш реттен жиі өткізілмейді.

      Ұлттық кеңестің отырыстары жалпы пленарлық және тақырыптық болып бөлінеді.

      Ұлттық кеңестің отырысында мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, оның құқықтық күші бар деп есептеледі.

      13. Алып тасталды – ҚР Президентінің 08.02.2022 № 806 Жарлығымен.

      14. Ұлттық кеңестің шешімдері Төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

      15. Ұлттық кеңестің ұсынымдарын алған мемлекеттік орғандар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер оларды қарайды және қабылданған шешімдер туралы Ұлттық кеңеске Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте хабарлайды.

      16. Ұлттық кеңесте талқыланатын мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері мен Ұлттық кеңестің отырыстарында қабылданған шешімдер жұртшылықтың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі, сондай-ақ Интернет желісінде орналастырылады.

      17. Ұлттық кеңестің отырыстарына Төрағаның шешімі бойынша Ұлттық кеңестің мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

5. Ұлттық кеңестің қызметін қамтамасыз ету

      18. Ұлттық кеңестің жұмыс орғаны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      19. Ұлттық кеңестің жұмыс органы:

      Ұлттық кеңес қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұратады және алады; жұмыс топтарының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

      Ұлттық кеңес қабылдаған шешімдердің орындалу барысына бақылауды жүзеге асырады;

      Ұлттық кеңестің қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 17 шілдедегі
№ 63 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің
ҚҰРАМЫ

Тоқаев
Қасым-Жомарт Кемелұлы

-

Қазақстан Республикасының Президенті, төраға

Көшербаев
Қырымбек Елеуұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға орынбасары

Қарин
Ерлан Тынымбайұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, хатшы

Ұлттық кеңестің мүшелері:

Арыстанбеков
Қайырбек Төлендіұлы

-

Экономикалық саясат институтының президенті (келісім бойынша)

Ахметбеков
Жамбыл Әужанұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Әбдіғалиұлы
Берік

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің "Архив-2025" ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы (келісім бойынша)

Әбенов
Мұрат Абдуләмитұлы

-

қоғам қайраткері, "Серпін" Ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы (келісім бойынша)

Әміртаев
Азаматхан Сайлауұлы

-

"Байтақ болашақ" экологиялық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Әшімбаев
Данияр Рахманұлы

-

қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)

Байтасов
Арманжан Мерекеұлы

-

Қазақстан Медиаодағының тең құрылтайшысы (келісім бойынша)

Бұқарбай
Бақытжан

-

қоғам қайраткері, "Мен ояндым" акциясының қатысушысы (келісім бойынша)

Дорофеев
Михаил Викторович

-

журналист, "Informburo.kz" мультимедиялық ақпараттық-талдау порталының бас редакторы (келісім бойынша)

Еспаева
Дания Мәдиқызы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Жандосов
Ораз Әлиұлы

-

"Ракурс" экономикалық талдау орталығының директоры (келісім бойынша)

Жолдыбайұлы
Қайрат

-

қоғам қайраткері, дінтанушы (келісім бойынша)

Жұмалы
Расул

-

қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)

Илеуова
Гүлмира Тоқшалыққызы

-

әлеуметтанушы, "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы" қоғамдық қорының басшысы (келісім бойынша)

Иса
Қазыбек Жарылқасынұлы

-

қоғам қайраткері, "Қазақ үні" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісім бойынша)

Кенжеханұлы
Рауан

-

"Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)

Қалиев
Талғат Бегімұлы

-

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры (келісім бойынша)

Қожахметов
Асылбек Базарбайұлы

-

"Қазақстанның Азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

Қожық
Жәнібек

-

қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Қуат
Дәурен

-

журналист, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы (келісім бойынша)

Құттықадам
Сейдахмет Рысқожаұлы

-

қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Мусин
Бағдат Батырбекұлы

-

кәсіпкер, ІТ-маман (келісім бойынша)

Мұқибек
Ауыт

-

қоғам қайраткері, "Nur Otan" партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты (келісім бойынша)

Мырзахметов
Абылай Исабекұлы

-

"Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Нұрбек
Саясат

-

саясаттанушы, "BTS Digital" білім беру жобаларының басшысы (келісім бойынша)

Нұров
Қанат Ильяұлы

-

Алматы жоғары басқару мектебінің және "Аспандау" ғылыми-білім беру қорының президенті (келісім бойынша)

Омарова
Айман Мұратқызы

-

адвокат, "Құқық қорғаушылар" қоғамдық қорының тең құрылтайшысы (келісім бойынша)

Орынбек
Айгүл

-

құқық қорғаушы қайраткер (келісім бойынша)

Ошақбаев
Рахым Сәкенұлы

-

"Талап" қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, "Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

Рақымбеков
Төлеутай Сатайұлы

-

"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Садырбай
Асхат Мұратұлы

-

"Team Qazaqstan" жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)

Саиров
Ерлан Бияхметұлы

-

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Сарым
Айдос Әміроллаұлы

-

қоғам қайраткері, саясаттанушы (келісім бойынша)

Споткай
Максим Александрович

-

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының жетекшісі (келісім бойынша)

Тайжан
Мұхтар Болатханұлы

-

қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)

Тұрмағамбетова
Жеміс Өтегенқызы

-

"Адам құқықтары хартиясы" қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша)

Тұрсынов
Ермек Кәрімжанұлы

-

Қазақстан киноматографистер одағының төрағасы, режиссер (келісім бойынша)

Тілеухан
Бекболат Қанайұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, қоғам қайраткері (келісім бойынша)

Чеботарев
Андрей Евгеньевич

-

"Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры (келісім бойынша)

Шибұтов
Марат Мақсұмұлы

-

"Транспаренси Казахстан" қоғамдық қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Шораев
Арман Төлегенұлы

-

"Қазақстан барысы" даму қоры Қамқоршылар кеңесінің торағасы (келісім бойынша)


Об утверждении положения и состава Национального совета общественного доверия при Президенте Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 17 июля 2019 года № 63.

  Подлежит опубликованию в
Собрании актов Президента и
Правительства Республики
Казахстан

      В соответствии с подпунктом 20) статьи 44 Конституции Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Положение о Национальном совете общественного доверия при Президенте Республики Казахстан;

      2) Состав Национального совета общественного доверия при Президенте Республики Казахстан.

      2. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 17 июля 2019 года № 63

ПОЛОЖЕНИЕ о Национальном совете общественного доверия при Президенте Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Национальный совет общественного доверия при Президенте Республики Казахстан (далее - Национальный совет) является консультативно-совещательным органом при Президенте Республики Казахстан.

      2. Основной целью деятельности Национального совета является выработка предложений и рекомендаций по актуальным вопросам государственной политики на основе широкого обсуждения с представителями общественности, политических партий, гражданского общества.

      3. Национальный совет руководствуется в своей деятельности Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим положением.

2. Основные задачи Национального совета

      4. Основными задачами Национального совета являются: проведение общественной экспертизы проектов концепций,

      государственных программ и нормативных правовых актов;

      рассмотрение значимых стратегических проблем с учетом мнения общественности и гражданского общества;

      обеспечение конструктивного диалога между представителями общественности, политических партий, неправительственного сектора и государственных органов;

      осуществление иной деятельности в рамках своей компетенции, не противоречащей законодательству Республики Казахстан.

3. Состав Национального совета

      5. Национальный совет состоит из председателя Национального совета, его заместителя и членов.

      Сноска. Пункт 5 – в редакции Указа Президента РК от 08.02.2022 № 806.

      6. Председателем Национального совета (далее - Председатель) является Президент Республики Казахстан.

      7. Председатель:

      осуществляет общее руководство деятельностью Национального совета;

      определяет место и время проведения заседаний Национального совета;

      дает поручения заместителю председателя и членам Национального совета.

      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 08.02.2022 № 806.

      8. Состав Национального совета формируется из числа известных государственных и общественных деятелей, представителей политических партий, неправительственного сектора.

      Государственный секретарь Республики Казахстан входит в состав Национального совета по должности и является заместителем председателя Национального совета.

      Состав Национального совета утверждается Государственным секретарем Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 8 – в редакции Указа Президента РК от 08.02.2022 № 806.

      9. Решениями Национального совета могут создаваться рабочие группы по отдельным сферам развития общества.

      Рабочие группы формируются из состава Национального совета.

      10. Члены Национального совета вправе:

      вносить предложения по плану работы Национального совета, повестке дня его заседаний и порядку обсуждения вопросов;

      участвовать в подготовке материалов к заседаниям Национального совета, проектов его решений;

      принимать участие в обсуждении и разъяснении вопросов в обществе, рассматриваемых на заседании Национального совета.

      Члены Национального совета имеют подписанные Главой государства удостоверения члена Национального совета общественного доверия при Президенте Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 10 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 08.02.2022 № 806.

      11. Заместитель председателя Национального совета:

      обеспечивает разработку проекта плана работы Национального совета;

      формирует проект повестки дня его заседаний;

      организует подготовку материалов к заседаниям Национального совета, а также проектов протокольных решений;

      оповещает членов Национального совета о месте, времени проведения и повестке дня очередного заседания Национального совета, своевременно обеспечивает их необходимыми материалами;

      привлекает в установленном порядке для осуществления отдельных видов работ экспертов, ученых и специалистов;

      проводит выездные консультативные совещания в регионах;

      осуществляет иные полномочия по поручениям Председателя.

      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным Указом Президента РК от 08.02.2022 № 806.

4. Организация деятельности Национального совета

      12. Заседания Национального совета проводятся по мере необходимости, но не реже трех раз в год.

      Заседания Национального совета подразделяются на общие пленарные и тематические.

      Заседание Национального совета является правомочным, если на нем присутствует не менее половины от общего числа его членов.

      13. Исключен Указом Президента РК от 08.02.2022 № 806.

      14. Решения Национального совета оформляются протоколом, который подписывает Председатель.

      15. Государственные органы, а также общественные объединения, получившие рекомендации Национального совета, рассматривают их и уведомляют Национальный совет о принятых решениях в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      16. Обсуждаемые Национальным советом актуальные вопросы государственной политики и принятые на заседаниях Национального совета решения доводятся до сведения общественности через средства массовой информации, а также размещаются в сети Интернет.

      17. На заседания Национального совета по решению Председателя могут приглашаться должностные лица, не являющиеся членами Национального совета, а также представители общественных организаций, средств массовой информации.

5. Обеспечение деятельности Национального совета

      18. Рабочим органом Национального совета является соответствующее структурное подразделение Администрации Президента Республики Казахстан.

      19. Рабочий орган Национального совета:

      осуществляет информационно-аналитическое обеспечение деятельности Национального совета;

      запрашивает и получает от государственных органов и организаций информацию, документы и материалы, необходимые для выполнения возложенных задач;

      осуществляет координацию деятельности рабочих групп; осуществляет контроль за ходом выполнения принятых Национальным советом решений;

      осуществляет иные полномочия, необходимые для обеспечения деятельности Национального совета.

     

  УТВЕРЖДЕН
Указом Президента
Республики Казахстан
от 17 июля 2019 года № 63

СОСТАВ
Национального совета общественного доверия при Президенте Республики Казахстан

Токаев Касым-Жомарт Кемелевич

-

Президент Республики Казахстан, председатель

Кушербаев Крымбек Елеуович

-

Руководитель Администрации Президента Республики Казахстан, заместитель председателя

Карин Ерлан Тынымбайулы

-

советник Президента Республики Казахстан, секретарь

члены Национального совета

Арыстанбеков
Каирбек Тулендиевич

-

президент Института экономической политики (по согласованию)

Ахметбеков Жамбыл Аужанович

-

депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

Абдыгалиулы Берик

-

руководитель научно-методического центра "Архив-2025" Национального архива Республики Казахстан (по согласованию)

Абенов Мурат Абдуламитович

-

общественный деятель, президент Национальной палаты образования и инноваций "Серпін" (по согласованию)

Амиртаев Азаматхан Сайлауович

-

президент Республиканского общественного объединения "Экологический альянс "Байтақ болашақ" (по согласованию)

Ашимбаев Данияр Рахманович

-

общественный деятель, политолог (по согласованию)

Байтасов Арманжан Мерекеевич

-

соучредитель Медиасоюза Казахстана (по согласованию)

Бухарбай Бахытжан

-

общественный деятель, участник акции "Мен ояндым" (по согласованию)

Дорофеев Михаил Викторович

-

журналист, главный редактор мультимедийного информационно-аналитического портала "Informburo.kz" (по согласованию)

Еспаева Дания Мадиевна

-

депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

Жандосов Ораз Алиевич

-

директор Центра экономического анализа "Ракурс" (по согласованию)

Жолдыбайулы Кайрат

-

общественный деятель, религиовед (по согласованию)

Жумалы Расул

-

общественный деятель, политолог (по согласованию)

Илеуова Гульмира Токшалыковна

-

социолог, руководитель Общественного фонда "Центр социальных и политических исследований "Стратегия" (по согласованию)

Иса Казыбек Жарылкасынулы

-

общественный деятель, президент товарищества с ограниченной ответственностью "Қазақ үні" (по согласованию)

Кенжеханулы Рауан

-

исполнительный директор Общественного фонда "Национальное бюро переводов" (по согласованию)

Калиев Талгат Бегимович

-

директор научно-исследовательского центра "Молодежь" (по согласованию)

Кожахметов Асылбек Базарбаевич

-

президент Объединения юридических лиц "Гражданский альянс Казахстана" (по согласованию)

Кожык Жанибек

-

общественный деятель (по согласованию)

Куат Даурен

-

журналист, главный редактор газеты "Қазақ әдебиеті" (по согласованию)

Куттыкадам Сейдахмет Рыскожаулы

-

общественный деятель (по согласованию)

Мусин Багдат Батырбекович

-

предприниматель, IT-специалист (по согласованию)

Мукибек Ауыт

-

общественный деятель, консультант республиканской общественной приемной партии "Nur Otan" (по согласованию)

Мырзахметов Аблай Исабекович

-

председатель правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию)

Нурбек Саясат

-

политолог, руководитель образовательных проектов "BTS Digital" (по согласованию)

Нуров Канат Ильич

-

президент Алматинской высшей школы управления и научно-образовательного фонда "Аспандау" (по согласованию)

Умарова Айман Муратовна

-

адвокат, соучредитель Общественного фонда "Правозащитники" (по согласованию)

Орынбек Айгуль

-

правозащитный деятель (по согласованию)

Ошакбаев Рахим Сакенович

-

директор Центра прикладных исследований "Талап", член Политсовета партии "Nur Otan" (по согласованию)

Рахимбеков Толеутай Сатаевич

-

Председатель правления некоммерческого акционерного общества "Национальный аграрный научно-образовательный центр" (по согласованию)

Садырбай Асхат Муратович

-

лидер молодежного движения "Team Qazaqstan" (по согласованию)

Саиров Ерлан Бияхметович

-

заместитель председателя Федерации профсоюзов Республики Казахстан (по согласованию)

Сарым Айдос Амироллаевич

-

общественный деятель, политолог (по согласованию)

Споткай Максим Александрович

-

член Ассамблеи народа Казахстана, лидер республиканского молодежного движения "Жаңғыру жолы" (по согласованию)

Тайжан Мухтар Болатханулы

-

общественный деятель, кандидат экономических наук (по согласованию)

Турмагамбетова Жемис Утегеновна

-

исполнительный директор Общественного фонда "Хартия за права человека" (по согласованию)

Турсынов Ермек Каримжанович

-

председатель Союза кинематографистов Казахстана, режиссер (по согласованию)

Тлеухан Бекболат Канайулы

-

депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан, общественный деятель (по согласованию)

Чеботарев Андрей Евгеньевич

-

директор Центра актуальных исследований "Альтернатива" (по согласованию)

Шибутов Марат Максумович

-

председатель Попечительского совета Общественного фонда "Транспаренси Казахстан" (по согласованию)

Шураев Арман Тулегенович

-

председатель Попечительского совета Фонда развития "Қазақстан барысы" (по согласованию)