Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Əлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;
Бейбіт Бəкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;
Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;
Дəурен Əскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі;
Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Əділет министрі;
Елжан Амантайұлы Біртанов – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі;
Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі;
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.НАЗАРБАЕВ |