Экономиканы тұрақтандырудың кейбір шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 308 Жарлығы

      "Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге:

      1) заңды тұлғаларға банктік шоттардан күнтізбелік ай ішінде алуына рұқсат етілетін қолма-қол ақша сомасының шекті мөлшерін;

      2) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген талап қолданылмайтын заңды тұлғалардың санаттарын;

      3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес айқындалған заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу, оның ішінде осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алуды регламенттейтін тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне заңды тұлғалардың осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес белгіленген шекті мөлшерден артық қолма-қол ақшаны алуы туралы ақпаратты ұсыну тәртібін айқындасын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын қаржы ұйымдары заңды тұлғалардың банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алуының осы Жарлықтың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

О некоторых мерах по стабилизации экономики

Указ Президента Республики Казахстан от 21 апреля 2020 года № 308

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 286 "О мерах по обеспечению социально-экономической стабильности" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Национальному Банку Республики Казахстан определить на период по 31 декабря 2020 года:

      1) предельные размеры сумм наличных денег, которые допускается снимать юридическим лицам в течение календарного месяца с банковских счетов;

      2) категории юридических лиц, на которые не распространяется требование, предусмотренное подпунктом 1) настоящего пункта;

      3) совместно с Министерством финансов Республики Казахстан и Агентством Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка порядок снятия юридическими лицами наличных денег с банковских счетов, за исключением юридических лиц, определенных в соответствии с подпунктом 2) настоящего пункта, в том числе регламентирующий снятие наличных денег сверх установленных в соответствии с подпунктом 1) настоящего пункта предельных размеров, а также порядок предоставления в Министерство финансов Республики Казахстан информации о снятии юридическими лицами наличных денег сверх установленных в соответствии с подпунктом 1) настоящего пункта предельных размеров.

      2. Агентству Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка осуществлять контроль за соблюдением финансовыми организациями, осуществляющими открытие и ведение банковских счетов юридических лиц, порядка снятия юридическими лицами наличных денег с банковских счетов, предусмотренного подпунктом 3) пункта 1 настоящего Указа.

      3. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      4. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. ТОКАЕВ