Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 19, 183-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:
168-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) әскери қызмет міндеттерін атқару кезінде медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған психикалық белсенді затты пайдалану және масаң күйде болу, сондай-ақ одан өтуден бас тарту немесе жалтару фактісінің анықталуына байланысты – қызметтік тергеп-тексеру қорытындысы негізінде;".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |