ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т.қараңыз.
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 3-тармағына, 6-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес мамандандырылған ауданаралық және мамандандырылған әкімшілік соттар қайта аталсын.
2. Қайта аталатын соттардың төрағалары мен судьялары қайта аталған соттардың төрағалары мен судьялары деп есептелсін.
3. Мынадай:
1) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары;
2) Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары;
3) Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары құрылсын.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 500 Жарлығына ҚОСЫМША |
Мыналар:
1) Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып;
2) Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып;
3) Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып;
4) Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
5) Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып;
6) Алматы облысының Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы облысының Талдықорған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып;
7) Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы облысының Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып;
8) Атырау облысы Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Атырау облысы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
9) Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
10) Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
11) Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
12) Жамбыл облысы Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
13) Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
14) Қарағанды облысы Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Қарағанды облысы Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып;
15) Қарағанды облысы Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
16) Қарағанды облысы Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
17) Қарағанды облысы Шахтинск қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
18) Қостанай облысы Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
19) Қостанай облысы Рудный қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қостанай облысы Рудный қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
20) Қызылорда облысы Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
21) Маңғыстау облысы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
22) Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
23) Павлодар облысы Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Павлодар облысы Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
24) Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
25) Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
26) Түркістан облысы Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Түркістан облысы Түркістан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып;
27) Түркістан облысы Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты болып қайта аталсын.