"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 527 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
  Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
  жинағында жариялануға тиiс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 51-52, 399-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Агенттіктің миссиясы:

      қаржы нарығын реттеу мен дамыту, қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу, тұтастай алғанда қаржы жүйесіне деген сенімді қолдау және қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі үшін қаржы нарығындағы адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған тең құқылы жағдайлар жасау.";

      14-тармақтың 1), 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржы нарығын реттеу мен дамыту, оның ішінде қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру;

      2) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мониторингтеу;";

      "4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін, сондай-ақ халық үшін қаржылық сауаттылық деңгейін және қаржылық қолжетімділікті арттыруды қамтамасыз ету;";

      15-тармақтың 1), 2), 4), 5), 9), 10), 13), 15), 17) және 18) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), олардың филиалдарын және үлестес тұлғаларын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, Қазақстанның Даму Банкін, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерін, бағалы қағаздар эмитенттерін, кредиттік бюроларды, банк холдингтерін, банк конгломераттарын, банктердің ірі қатысушыларын, сақтандыру холдингтерін, сақтандыру топтарын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерді, арнайы қаржы компанияларын, исламдық арнайы қаржы компанияларын, инвестициялық қорларды, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларын, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаларды, кәсіби ұйымдарды, коллекторлық агенттіктерді, уақытша әкімшіліктерді (уақытша әкімшілерді), банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;

      2) қаржылық көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды өткізеді;";

      "4) қаржы ұйымдары мен өзге де ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып санкцияларды және өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де шараларды қолданады;

      5) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, сақтандыру топтарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау мен қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолданады, оның ішінде Заңның 13-5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдаланады;";

      "9) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының функцияларын жүзеге асырады;

      10) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелеріндегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары жөніндегі ақпаратқа талдау жүргізеді;";

      "13) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзушылықтарды болдырмау шараларын іске асырады;";

      "15) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;";

      "17) қаржылық қызметтерді тұтынушылар, тексерілетін субъектілер үшін Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;

      18) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың қаржылық сауаттылығы мәселелері бойынша халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықта болады;";

      16-тармақта:

      бірінші бөліктің 1), 2) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, басқа да жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді өзінің құзыреті шеңберінде әзірлеуге және қабылдауға;

      2) кез келген жеке және заңды тұлғалардан, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға және өтеусіз алуға;";

      "5) банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокерлеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына қатысты уәжді пайымдауды пайдалануға;";

      екінші бөліктің 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;

      4) бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, коллекторлық агенттіктер және кредиттік бюролар туралы мәліметтерді (қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда), оның ішінде оларға қабылданған шаралар туралы ақпаратты жариялау;";

      22-тармақтың екінші бөлігінің 2), 3), 7), 8), 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мыналарға:

      банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға;

      банктердің және (немесе) банк холдингтерінің еншілес ұйымды құруына және сатып алуына;

      банктердің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына;

      банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) не рұқсатты кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды;

      3) мыналарға:

      банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөлініп шығуға, қайта құруға, конвертациялауға) немесе банктерді ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын (сақтандыру холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөлініп шығуға, қайта құруға) немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға;

      ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе ерікті түрде таратуға;

      исламдық арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды;";

      "7) банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы шешім қабылдайды;

      8) банкті төлем жасауға қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының санатынан шығару туралы шешім қабылдайды;

      9) банкті консервациялау режимін енгізу, банктің депозиторлары мен кредиторларының талаптарын қанағаттандыруға мораторий енгізу, төлем жасауға қабілетсіз банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын реттеу шараларын қолдану, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын консервациялау туралы шешім қабылдайды;".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 2019 года № 203 "О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 27 февраля 2021 года № 527.

  Подлежит опубликованию
в Собрании актов Президента и
Правительства Республики
Казахстан

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 17-1 и подпунктом 1) пункта 2 статьи 21 Конституционного закона Республики Казахстан от 26 декабря 1995 года "О Президенте Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 11 ноября 2019 года № 203 "О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан 2019 г., № 51-52, ст. 399) следующие изменения:

      в Положении об Агентстве Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка, утвержденном вышеназванным Указом:

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Миссия Агентства:

      регулирование и развитие финансового рынка, содействие обеспечению финансовой стабильности финансового рынка и финансовых организаций, поддержание доверия к финансовой системе в целом и создание равноправных условий для деятельности финансовых организаций, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан, направленных на поддержание добросовестной конкуренции на финансовом рынке.";

      подпункты 1), 2) и 4) пункта 14 изложить в следующей редакции:

      "1) регулирование и развитие финансового рынка, в том числе установление стандартов деятельности финансовых организаций, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан, создание стимулов для улучшения корпоративного управления финансовых организаций;

      2) мониторинг финансового рынка и финансовых организаций, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан в целях сохранения устойчивости финансовой системы;";

      "4) обеспечение надлежащего уровня защиты интересов потребителей финансовых услуг, полноты и доступности информации для потребителей о деятельности финансовых организаций, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан и оказываемых ими финансовых услугах, а также повышения уровня финансовой грамотности и финансовой доступности для населения;";

      подпункты 1), 2), 4), 5), 9), 10), 13), 15), 17) и 18) пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "1) осуществляет в соответствии с Законом и иными законами Республики Казахстан в пределах своей компетенции государственное регулирование, контроль и надзор финансового рынка и финансовых организаций (за исключением юридических лиц, осуществляющих деятельность исключительно через обменные пункты на основании лицензии Национального Банка Республики Казахстан на обменные операции с наличной иностранной валютой, и юридических лиц, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей), их филиалов и аффилированных лиц, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан, Банка Развития Казахстан, юридических лиц, осуществляющих деятельность на рынке ценных бумаг, иных субъектов рынка ценных бумаг, эмитентов ценных бумаг, кредитных бюро, банковских холдингов, банковских конгломератов, крупных участников банков, страховых холдингов, страховых групп, крупных участников страховых (перестраховочных) организаций, организации, гарантирующей осуществление страховых выплат, актуариев, имеющих лицензию на осуществление актуарной деятельности на страховом рынке, специальных финансовых компаний, исламских специальных финансовых компаний, инвестиционных фондов, крупных участников управляющих инвестиционным портфелем, лиц, обладающих признаками крупного участника банка, страховой (перестраховочной) организации, управляющего инвестиционным портфелем, банковского холдинга, страхового холдинга, профессиональных организаций, коллекторских агентств, временных администраций (временных администраторов), ликвидационных комиссий банков, страховых (перестраховочных) организаций и ликвидационных комиссий филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан;

      2) проводит мероприятия по повышению качества финансовых услуг;";

      "4) применяет к финансовым и иным организациям, филиалам банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалам страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалам страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан ограниченные меры воздействия, меры надзорного реагирования, в том числе с использованием мотивированного суждения, санкции и иные меры, предусмотренные законами Республики Казахстан, по вопросам, входящим в его компетенцию;

      5) применяет риск-ориентированный подход в рамках контроля и надзора за деятельностью банков, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, банковских конгломератов, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, страховых (перестраховочных) организаций, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, страховых групп, организаций, осуществляющих брокерскую и (или) дилерскую деятельность на рынке ценных бумаг, деятельность по управлению инвестиционным портфелем, в том числе использует мотивированное суждение в случаях, предусмотренных пунктом 2 статьи 13-5 Закона;";

      "9) осуществляет функции отраслевого центра информационной безопасности финансового рынка и финансовых организаций, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан;

      10) проводит анализ информации об инцидентах информационной безопасности банков, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, включая сведения о нарушениях, сбоях в информационных системах;";

      "13) реализует меры по недопущению нарушений прав и законных интересов потребителей финансовых услуг;";

      "15) реализует мероприятия, направленные на развитие системы защиты прав потребителей финансовых услуг;";

      "17) осуществляет разъяснительную работу для потребителей финансовых услуг, проверяемых субъектов по вопросам, входящим в компетенцию Агентства;

      18) сотрудничает с международными и иностранными организациями по вопросам защиты прав потребителей финансовых услуг и финансовой грамотности населения;";

      в пункте 16:

      подпункты 1), 2) и 5) части первой изложить в следующей редакции:

      "1) разрабатывать и принимать в пределах своей компетенции нормативные правовые акты, обязательные для исполнения финансовыми организациями, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалами страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалами страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан, потребителями финансовых услуг, другими физическими и юридическими лицами на территории Республики Казахстан;

      2) запрашивать и получать безвозмездно от любых физических и юридических лиц, их ассоциаций (союзов), филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан, а также государственных органов необходимую информацию, в том числе сведения, составляющие служебную, коммерческую, банковскую и иную охраняемую законом тайну;";

      "5) использовать мотивированное суждение в отношении банков, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций, банковских холдингов, крупных участников банка, страховых (перестраховочных) организаций, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, страховых холдингов, крупных участников страховой (перестраховочной) организации, страховых брокеров, филиалов страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан, организации, гарантирующей осуществление страховых выплат, профессиональных участников рынка ценных бумаг (за исключением организаций, осуществляющих трансфер-агентскую деятельность), крупных участников управляющих инвестиционным портфелем;";

      подпункты 3) и 4) части второй изложить в следующей редакции:

      "3) обеспечение надлежащего уровня защиты прав и законных интересов потребителей финансовых услуг;

      4) публикация в средствах массовой информации сведений о финансовых организациях, филиалах банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалах страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалах страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан, коллекторских агентствах и кредитных бюро (за исключением сведений, составляющих служебную, коммерческую, банковскую или иную охраняемую законом тайну), в том числе информации о мерах, принятых к ним;";

      подпункты 2), 3), 7), 8), 9) части второй пункта 22 изложить в следующей редакции:

      "2) принимает решение о выдаче (отказе в выдаче) либо отзыве разрешения на:

      открытие банков, филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых брокеров-нерезидентов Республики Казахстан;

      создание страховых (перестраховочных) организаций;

      создание и приобретение банками и (или) банковскими холдингами дочерней организации;

      создание или приобретение банками дочерней организации, приобретающей сомнительные и безнадежные активы родительского банка;

      значительное участие банка и (или) банковского холдинга в капитале организаций;

      создание или приобретение страховыми (перестраховочными) организациями и страховыми холдингами дочерней организации;

      значительное участие страховой (перестраховочной) организации и (или) страхового холдинга в капитале организаций;

      3) принимает решение о выдаче (отказе в выдаче) разрешения на:

      добровольную реорганизацию (слияние, присоединение, разделение, выделение, преобразование, конвертация) банков (банковских холдингов) или добровольную ликвидацию банков, добровольное прекращение деятельности филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан;

      добровольную реорганизацию (слияние, присоединение, разделение, выделение, преобразование) страховых (перестраховочных) организаций (страховых холдингов) или добровольную ликвидацию страховых (перестраховочных) организаций, добровольное прекращение деятельности филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан;

      добровольную реорганизацию или добровольную ликвидацию добровольного накопительного пенсионного фонда;

      добровольную реорганизацию или ликвидацию исламской специальной финансовой компании;";

      "7) принимает решение об отнесении банка к категории неплатежеспособных банков, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан к категории неплатежеспособных филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан;

      8) принимает решение об исключении банка из категории неплатежеспособных банков, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан из категории неплатежеспособных филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан;

      9) принимает решение о введении режима консервации банка, введении моратория на удовлетворение требований депозиторов и кредиторов банка, применении мер по урегулированию неплатежеспособного банка, филиала банка-нерезидента Республики Казахстан, проведении консервации страховых (перестраховочных) организаций;".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев