Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 8-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1 және 19-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi одан Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;

      2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.

      3. Агенттіктің жалпы штат саны 595 бірлік болып бекітілсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 28.03.2023 № 157 Жарлығымен.

      4. Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      6. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      8. Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 2, 3-тармақтарын және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 11 қарашадағы
№ 203 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 06.06.2022 № 909 Жарлығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қаржы нарығын дамытуға жәрдемдесетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Агенттік республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жазылған рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шоттары бар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 29.07.2024 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Агенттік, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Басқармасының қаулыларымен, Агенттік Төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Агенттіктің құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      8. Агенттіктің орналасқан жері: А15С9Т5, Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй.

      9. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 29.07.2024 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      11. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттік өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Агенттіктің міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Міндеттері:

      1) қаржы нарығын реттеу мен дамыту, оның ішінде қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары қызметінің стандарттарын белгілеу, қаржы ұйымдарын корпоративтік басқаруды жақсарту үшін ынталандыру жасау;

      2) қаржы жүйесінің орнықтылығын сақтау мақсатында қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын мониторингтеу;

      3) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының тәуекелдерге барынша ұшырағыш салаларына қадағалау ресурстарын шоғырландыру;

      4) қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін және ол үшін қаржылық қолжетімділікті арттыруды қамтамасыз ету;

      5) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасының басқа заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың, басқа да жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді өзінің құзыреті шеңберінде әзірлеу және қабылдау;

      кез келген жеке және заңды тұлғалардан, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұрату және өтеусіз алу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде тексерулерді және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, аудиторлық ұйымдарды, бағалаушыларды және қаржылық технологиялар саласындағы мамандарды тарта отырып жүргізу;

      бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерге, банк холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға Агенттік өз қызметкерлері қатарынан тағайындайтын өз өкілін жіберу;

      Қазақстан Республикасының қаржы саласындағы заңнамасын және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті бұзушылық анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау;

      банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, банк холдингтеріне, банктің ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру топтарына және (немесе) сақтандыру топтарының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру брокерлеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерге, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылардың ірі қатысушыларына, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының (трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) басшы қызметкерлеріне, басшы қызметкерлері лауазымдарына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды пайдалану;

      Агенттіктің ішкі қызметін реттейтін нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдау;

      Заңда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын, сондай-ақ құзыреті шегінде өзге де тұлғаларды мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;

      бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, коллекторлық агенттіктер және кредиттік бюролар туралы мәліметтерді (қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда), оның ішінде оларға қабылданған шаралар туралы ақпаратты жариялау;

      жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;

      Заңда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 09.08.2022 № 972 (12.09.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2022 № 1070 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      14. Функциялары:

      1) Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өз құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), олардың филиалдарын және үлестес тұлғаларын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын, Қазақстанның Даму Банкін, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігін, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, бағалы қағаздар нарығының өзге де субъектілерін, бағалы қағаздар эмитенттерін, кредиттік бюроларды, банк холдингтерін, банк конгломераттарын, банктердің ірі қатысушыларын, сақтандыру холдингтерін, сақтандыру топтарын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының ірі қатысушыларын, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийлерді, арнайы қаржы компанияларын, исламдық арнайы қаржы компанияларын, инвестициялық қорларды, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларын, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы белгілеріне ие тұлғаларды, кәсіби ұйымдарды, коллекторлық агенттіктерді, уақытша әкімшіліктерді (уақытша әкімшілерді), банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларын және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға (құруға), оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды беру тәртібін айқындау;

      2-1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру талаптары мен тәртібін белгілеу, мемлекеттің, ұлттық әл-ауқат қорының және (немесе) уәкілетті органның қатысуымен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізу ерекшеліктерін айқындау;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, банк холдингтерінің, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру не келісім беруден бас тарту, келісімді кері қайтарып алу, мінсіз іскерлік беделінің болмау өлшемшарттарын, келісімді алуға қажетті құжаттарды, сондай-ақ халықаралық сертификаттармен расталған кәсіби біліктілікке ие басшы қызметкерлер лауазымдарына кандидаттар үшін еңбек өтілінің болуы жөніндегі ерекшеліктерді және осындай сертификаттардың тізбесін қоса алғанда, көрсетілген келісімді беру тәртібін айқындау;

      3-1) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға үміткер немесе лицензиялары бар заңды тұлғалардың, орталық депозитарийдің және бірыңғай оператордың, банк, сақтандыру холдингтерінің, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) берілген қолданыстағы келісімдердің тізілімін жүргізу";

      4) құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялауды жүзеге асыру, құзыреті шегінде қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті лицензиялау тәртібін айқындау;

      5) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және Қазақстанның Даму Банкінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру тәртібін сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және аудиторлық ұйымды тарта отырып, қаржы ұйымдарының және Заңның 15-1-бабының 1-тармағында көрсетілген өзге де тұлғалардың қызметін тексеру;

      7) қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру туралы Агенттікке өтініш білдірген заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде тексеру;

      8) қаржы ұйымдарының, олардың ірі қатысушыларының, банк және сақтандыру холдингтерінің, банк конгломераты мен сақтандыру тобына кіретін ұйымдардың, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қашықтықтан қадағалауды, оның ішінде шоғырландырылған негізде жүзеге асыру;

      9) банктердің, банк холдингтерінің, банк конгломераттарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, сақтандыру холдингтерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінде туындайтын тәуекелдерді бағалау әдістерін қолдану;

      10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісе отырып, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдау;

      11) бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, коллекторлық агенттіктер, кредиттік бюролар туралы мәліметтерді (қызметтік, коммерциялық, банк немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда), оның ішінде оларға қолданған шаралар туралы ақпаратты жариялау;

      12) Агенттiктiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектiлерiмен интеграцияланбайтын ақпараттық жүйелерiмен интеграцияланатын ақпараттық жүйелерiн құру, оларды пайдалану және ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгiлеу;

      12-1) Агенттікті цифрлық трансформациялауды жүргізу;

      13) өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтанушылардың және сақтандыру нарығына өзге де қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу;

      15) сақтандыру нарығын реттеу қағидаттары мен әдістерін, сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртібін айқындау;

      16) жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуына келісім беру және келісім беруден бас тарту, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды құруына және оған ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуға ие болуына рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, аталған келісімдерді және рұқсаттарды беру не оларды беруден бас тарту тәртібін, еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алу тәртібін айқындау;

      17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру резервтерін қалыптастыруына, сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптарды белгілеу;

      18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтерді орналастыру және инвестициялау тәртібін айқындау;

      19) сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      20) актуарийлік қорытынды және оның мазмұнына талаптар негізінде аннуитет шарттарын қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін көбейту тәртібі мен талаптарын айқындау;

      21) жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздарды беру және сатып алу сомасын есептеу тәртібін, сондай-ақ сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының өз сақтанушыларына қарыздар беру жөніндегі қызметтерді көрсету тәртібі мен талаптарын айқындау;

      22) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы белгiленген (шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында) мерзімдерді бұза отырып орындаған шарттарды есепке алу тәртібін айқындау;

      23) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, актуарийлердің тізілімін жүргізу;

      24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау;

      25) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдау;

      26) міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне міндетті ұжымдық кепілдік беру тәртібін айқындау;

      27) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру топтары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындау;

      28) сақтандыру портфелін беру тәртібін және ерекшеліктерін айқындау;

      29) сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптарды белгілеу, олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

      30) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындау;

      31) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттілігін талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асыру;

      32) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына талаптар қою;

      33) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, шығындар коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындау;

      33-1) "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылықтың, анықтық факторының және түзету коэффициенттерінің мөлшерлерін бекіту;

      33-2) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін "бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібін айқындау;

      33-3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындау;

      34) мыналарға:

      ақпараттық процеске;

      қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа ең төмен талаптарды белгілеуге;

      дерекқордың сақталуына;

      үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, сақтандыру жөніндегі дерекқорды (бұдан әрі – дерекқор) қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      35) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды белгілеу;

      36) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      37) қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктерін айқындау;

      38) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келісу;

      39) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушының, сақтандырушы мен сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібін айқындау, сондай-ақ сақтандыру ұйымы әріптестерінің электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды белгілеу;

      40) сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру;

      41) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда, сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу;

      42) тәуелсіз актуарийлердің актуарлық есеп-қисаптарды тағайындау шарттарын және оларды жүргізу тәртібін белгілеу;

      42-1) сақтандыру омбудсманын сайлау және оның қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      42-2) жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптарды белгілеу;

      42-3) сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтердің құнын айқындау шарттарын, әдістемесін және тәртібін айқындау;

      42-4) сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді, сақтандыру ұйымын ерікті түрде, мәжбүрлеп тарату немесе сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылар арасында бөлу ерекшеліктерін белгілеу;

      42-5) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару қағидаларын бекіту;

      42-6) сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдау;

      42-7) сақтандыру жағдайларын реттеу тәртібін, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жеке сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларацияның нысанын және оған қоса берілетін құжаттар мен мәліметтерді ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындау;

      42-8) міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекіту;

      42-9) сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі сайлауға ұсынған, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кемінде үш кандидаттың арасынан сақтандыру омбудсманы лауазымына сайлау, сақтандыру омбудсманы өз қызметінде Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының және (немесе) сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларының талаптарын жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) бұзған жағдайда, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;

      42-10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің жай және (немесе) артықшылықты акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) бойынша дивидендтер төленген жағдайда пайда болуы мүмкін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторды (факторларды) белгілеу;

      43) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін, оның ішінде кепілдік төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      44) талаптары барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшiн стандартты болып табылатын сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шартын бекіту;

      45) активтерді инвестициялау тәртібін және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу;

      46) алып тасталды – ҚР Президентінің 09.08.2022 № 972 Жарлығымен (12.09.2022 бастап қолданысқа енгізіледі);

      47) міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы сақтандыру ұйымдарының шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібін бекіту;

      48) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлеуіне жататын, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі белгілеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және қосымша жарналарының мөлшерлемелерін, сондай-ақ шартты міндеттемелерін келісу;

      49) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жарғысын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу;

      50) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының стратегиясын, оның тәуекелдерді басқару жөніндегі, ішкі аудит жөніндегі саясатын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының есепке алу саясатын келісу;

      51) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      51-1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының меншікті активтері, "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қаржы активтерін бағалау тәртібін белгілеу;

      51-2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының директорлар кеңесі бекіткен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының ішкі құжаттарын, сондай-ақ "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 10-4) тармақшасында айқындалған мәселелер бойынша оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келісу;

      51-3) білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша есеп айырысу сомасын есептеу тәртібін, сақтандыру төлемдерінің есептемесін және оларды жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      51-4) сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартын жасасу тәртібі мен ерекшеліктерін, сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;

      51-5) сақтандыру ұйымының сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібін айқындау;

      51-6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібін айқындау;

      52) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау;

      53) Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзу;

      54) қаржы нарығының активтерiн бағалы қағаздар ретінде тану;

      55) бағалы қағаздар, оның ішінде туынды бағалы қағаздар шығарылымдарын мемлекеттік тіркеу, оларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ олардың күшін жою шарттары мен тәртібін белгілеу;

      56) мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздардың, исламдық бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;

      57) акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы акционерлік қоғамның акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есептерді, исламдық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау және бекіту;

      58) акциялар мен облигациялар шығарылымдарының күшін жоюды жүргізу;

      59) бағалы қағаздарды, оның iшiнде туынды бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу шарттары мен тәртiбiн айқындау;

      60) бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру және қайта бастау шарттары мен тәртібін айқындау, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыруды және олардың айналысын тоқтата тұру және қайта бастау, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар шығарылымдарының күшін жою шарттары мен тәртібін айқындау;

      61) Бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін, лицензиардың электрондық тізілімін және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттардың тізілімін жүргізу;

      62) бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың жарғылық капиталының ең аз мөлшерін, оны қалыптастыру тәртібін және оның құрамын белгілеу;

      63) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру шарттары мен тәртібін, оның ішінде бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен операциялар жасау шарттары мен тәртібіне, осы мәмілелерді есепке алуға қойылатын талаптарды белгілеу;

      64) инвестициялық портфельді басқарушының және институционалдық инвесторлардың инвестициялау тәртібін белгілеу;

      65) инвестициялық портфельді басқарушының салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілеу;

      66) бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және кәсіптік ұйымдардың қызметін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;

      67) бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының, оның ішінде туынды бағалы қағаздар мен шетел валюталарының бағаларымен (бағамдарымен) айла-шарғы жасауға, бағалы қағаздар нарығында инсайдер ақпаратын немесе қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты пайдаланып, мәмілелер жасауға бақылауды жүзеге асыру;

      68) инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;

      69) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің болуы жөніндегі талаптарды белгілеу;

      70) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес міндетті түрде жариялануға тиіс бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері мен оларға қойылатын талаптарды айқындау;

      71) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi кәсiби қызмет ретiнде мойындау;

      72) бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi туралы өзiнiң қолындағы мәлiметтердi пайдалана отырып (бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), бағалы қағаздар нарығының мәселелерi жөнiндегi ақпаратты, сондай-ақ Агенттіктің бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялау;

      73) қор биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қалпына келтірудің шарттары мен тәртібін айқындау;

      74) номиналды ұстаушылардың электрондық көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәртібі мен талаптарын айқындау;

      74-1) шетелдік кәсіби ұйымдардың тізбесін бекіту;

      74-2) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарындағы және облигациялардың жекеше меморандумдарындағы акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептің бекітілгені туралы, акциялар шығарылымының күші жойылғаны туралы ақпаратты ашып көрсету, сондай-ақ оны жария ету тәртібі мен шарттарын айқындау;

      74-3) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың білікті инвесторлар болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызметтер көрсету ерекшеліктерін белгілеу;

      74-4) "жасыл", әлеуметтік облигацияларды, орнықты даму облигацияларын және орнықты дамуға байланысты облигацияларды орналастырудан түсетін кірістер мен қаражатты пайдалану мен бөлуге және олардың облигацияларды шығару жөніндегі негіздемелік бағдарламада және (немесе) облигацияларды шығару шарттарында мәлімделген мақсаттарға сәйкестігіне қатысты бағалау мен талдау жүргізу (верификация) үшін ұйымдарды айқындау;

      74-5) орталық депозитарийдің эмитенттің мемлекеттік емес облигацияларды өтеуі туралы Агенттікті хабардар ету тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;

      74-6) дара инвесторға инвестициялық ұсыным беру тәртібін белгілеу;

      74-7) листинг комиссиясының құрамына қойылатын талаптарды белгілеу;

      74-8) эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының ресми тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды белгілеу;

      74-9) сенімгерлік басқаруға берілген және талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотта есепке алынатын активтерді басқарудан түсетін инвестициялық кірісті бөлу тәртібін айқындау;

      74-10) бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танудың тәртібі мен шарттарын белгілеу;

      75) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілеу;

      76) зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, сондай-ақ бір ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын әзірлеу және бекіту, зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға байланысты сатып алу сомаларын бір сақтандыру ұйымынан басқа сақтандыру ұйымына, зейнетақы аннуитетінің шарты бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ауыстыру тәртібін айқындау;

      76-1) қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қайта ұйымдастырылған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртібін белгілеу;

      77) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындау;

      78) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      78-1) зейнетақы активтері есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында жариялау тәртібін және мерзімдерін, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін ашу тәртібін және көлемін белгілеу;

      78-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының нысаналы талаптарды, нысаналы жинақтар мен нысаналы активтерді есепке алуды жүргізу тәртібін бақылауды жүзеге асыру;

      79) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 37-бабына сәйкес зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтерінің есебінен алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;

      80) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін талаптарға сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімін жүргізу және Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыру;

      81) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алуы қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      82) зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу;

      82-1) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың үлгілік шартын бекіту;

      82-2) зейнеткерлік алдындағы аннуитет сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу тәртібін айқындау;

      82-3) зейнеткерлік алдындағы аннуитет сақтандыру шартына қойылатын талаптарды және сақтандырушының жасалатын зейнеткерлік алдындағы аннуитет сақтандыру шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін белгілеу;

      82-4) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша зейнеткерлік алдындағы аннуитет сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату тәртібін айқындау;

      82-5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін бірлесіп сақтандырудың үлгілік шартын келісу;

      82-6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган әзірлеп, бекітетін медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын келісу;

      83) зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      84) инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық кірістілігі мен зейнетақы активтері кірістілігінің ең аз мәні арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының теріс айырманы өз капиталы есебінен өтеу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      84-1) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және зейнетақы жинақтарын (сатып алу сомасын) зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      84-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен сақтандыру ұйымы арасындағы, бір сақтандыру ұйымы мен екінші сақтандыру ұйымы арасындағы зейнетақы аннуитеті шартын жасасу және бұзу, қолданыстағы зейнетақы аннуитеті шарттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу кезінде ақпарат алмасу тәртібін айқындау;

      84-3) сақтандыру ұйымының сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен жасалған зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша деректер алмасуды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

      85) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге де ақпарат аудитін жүргізуді талап ету;

      86) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді және аудиторлық және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесін, өзге де ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсынуы мерзімдеріне қойылатын талаптарды, аудиторлық ұйымның құрамындағы өзге де ақпарат аудитіне тартылатын аудиторларға қойылатын талаптарды белгілеу;

      87) қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғалу деңгейін бағалау тәртібін айқындау;

      88) қаржы ұйымдарын ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі бойынша саралау тәртібін қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау әдістемесін айқындау;

      89) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамдардың біліктілігін арттыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлерінің құзыретіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      90) қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтеріне, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ішкі тергеп-тексерулер жүргізуге қойылатын талаптарды белгілеу;

      90-1) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін айқындау;

      90-2) қаржы нарығында биометриялық сәйкестендіру өткізу тәртібін айқындау;

      91) қаржылық қызметтердің сапасын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;

      92) қаржы нарығында заңсыз қызметті болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

      93) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, жеке және заңды тұлғалардың банктің және банк холдингінің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуіне келісім беру және беруден бас тарту, банктердің және банк холдингтерінің еншілес ұйым құруына және иеленуіне рұқсат беру, сондай-ақ банктердің және банк холдингтерінің заңды тұлғалардың капиталына қомақты қатысуын сатып алуына рұқсаттарды беру не көрсетілген келісімдер мен рұқсаттарды беруден бас тарту;

      94) банктердің резервтік капиталын қалыптастыру жөніндегі талаптарды белгілеу;

      95) активтерді және шартты міндеттемелерді сыныптау және банктер (акцияларының бақылау пакеті Ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің және банктік қарыз операцияларын жүргізуге берілген лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың филиалдары үшін оларға қарсы провизиялар құру тәртібін белгілеу үшін оларға қарсы провизиялар құру тәртібін белгілеу, сондай-ақ мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салықтық бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органмен келісу бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқызу, сондай-ақ бас банктердің еншілес ұйымдарға берген активтеріне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртібін айқындау;

      95-1) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру талаптары мен тәртібін айқындау;

      95-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, айыру туралы шешімдер қабылдау;

      96) банктің үлестес тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібін айқындау және оларды қолдану туралы шешім қабылдау;

      96-1) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу тәртібін айқындау;

      97) Қазақстан Республикасы банктерінің, бейрезидент-банктері филиалдарының тізілімін жүргізу;

      98) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және Ұлттық пошта операторының үй-жайларды жайластыруға қойылатын талаптарды сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      99) банктердің, банк холдингтерінің және банк конгломераттарының қабылдайтын тәуекелдерін ескере отырып, олардың Агенттіктің талаптарын орындауын айқындауға арналған ішкі рәсімдерді белгілеу;

      100) қаржы ұйымдарына және өзге де тұлғаларға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолдану, сондай-ақ көрсетілген шараларды қолдану тәртібін, уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілеу;

      100-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына шектеулі ықпал ету шараларын қолданудың тәртібі мен шарттарын айқындау;

      100-2) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту тәртібін айқындау;

      101) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және істерді қарау, өз құзыреті шегінде әкімшілік жазалар қолдану;

      102) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ қаржы ұйымдарын таратуды жүзеге асыру, бейрезидент-банктер филиалдарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібін, аталған субъектілердің тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды белгілеу;

      102-1) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратуды жүргізу, ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін беру қағидаларын айқындау;

      103) алып тасталды – ҚР Президентінің 02.03.2024 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;

      104) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, банк конгломераттарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру топтарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) брокерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау және қадағалау шеңберінде тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану, оның ішінде Заңның 13-5-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда уәжді пайымдауды пайдалану;

      105) өзі дербес және (немесе) олардың құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ ұйымдармен бірлесіп исламдық қаржы құралдарының және исламдық қаржылық көрсетілетін қызметтердің халықаралық стандарттарын ескере отырып, исламдық қаржыландыруды дамытуды жүзеге асыру;

      106) екінші деңгейдегі банктерді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты есебінен қаржыландырылатын банктерді қалпына келтіру жөніндегі шараларды іске асыруды, сондай-ақ банктердің осы шаралар шеңберінде қабылданған міндеттемелерді орындауын бақылау;

      107) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының функцияларын жүзеге асыру;

      107-1) салалық ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және алмасу жөніндегі ақпараттандыру объектісін қосу және пайдалану тәртібін айқындау;

      107-2) өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      108) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігінің оқыс оқиғалары туралы ақпаратқа талдау жүргізу;

      109) ерекше реттеу режимін енгізу және оның күшін жою, ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      110) банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құнын белгілеу;

      111) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болу қажеттілігі талап етілетін заңды тұлғалар және елдер үшін ең төменгі рейтингті, осы рейтингті беретін рейтингтік агенттіктердің тізбесін белгілеу;

      112) банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингі қомақты қатысатын ұйымдарға тиесілі банк конгломераты бас ұйымының, банктің немесе банк холдингінің акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу;

      113) облигацияларын банктер және банк холдингтері меншікке сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін және банктер мен банк холдингтері меншікке сатып алатын облигацияларға қойылатын талаптарды белгілеу;

      114) банктің немесе банк холдингінің меншікті облигацияларымен және банк немесе банк холдингі міндеттемелеріне кепілдік берген осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған облигациялармен мәмілелер жасау тәртібін айқындау;

      115) банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету тәртібін айқындау;

      116) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздар мен банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарды белгілеу;

      117) екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және Қазақстан Республикасының резиденттері және бейрезиденттері заңды тұлғаларға барлық берілген банктік қарыздарының және банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу тәртібін айқындау;

      118) банкке немесе банк холдингіне еншілес ұйымды құруға немесе оған ие болуға, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын еншілес ұйымды банктің құруына немесе оған ие болуына, банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру, сондай-ақ банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымды құруына, оған ие болуына, банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың капиталына қомақты қатысуына рұқсатты кері қайтарып алу және (немесе) күшін жою тәртібін айқындау;

      119) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйым қызметінің тәртібін, еншілес ұйым сатып алған күмәнді және үмітсіз активтерді басқаратын мерзімді, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) күмәнді және үмітсіз активтерге қойылатын талаптарды айқындау;

      120) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымының алуына жататын кірістерді Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістерге жатқызу тәртібін айқындау;

      121) банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен инвесторларға міндетті түрде сату тәртібін айқындау;

      122) банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар қызметінің және бағалы қағаздар нарығындағы лицензияланатын өзге де қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу;

      122-1) шетелдік кәсіптік ұйымдардың тізбесін айқындау;

      123) банктің және банк конгломератының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды, сондай-ақ ерте ден қою шараларын көздейтін іс-шаралар жоспарын және Банктің (банк конгломератының), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін мақұлдау тәртібін белгілеу;

      124) автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қол жеткізу мүмкіндігі бар банктердің меншікті үй-жайына қойылатын талаптарды белгілеу;

      125) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақыны, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу бойынша ішкі саясатына қойылатын талаптарды белгілеу;

      126) деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының жеке үй-жайына қойылатын талаптарды белгілеу;

      127) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтаруға, оларды басқа банкке немесе депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына аударуға рұқсат беру тәртібін айқындау;

      127-1) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібін, сондай-ақ микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға уәкілетті органның рұқсатын беру үшін қажетті құжаттар тізбесін, рұқсат алу үшін өтініш нысандарын, микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға уәкілетті органның рұқсатын және мәліметтер нысандарын айқындау;

      128) банктік кепілдіктер мен кепілгерліктер беру тәртібін айқындау;

      129) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тәртібін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Банк операцияларын жүргізу бойынша біліктілік талаптарды және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін айқындау;

      130) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу;

      131) банк қызметтерін ұсыну және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банк қызметтерін ұсыну процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау тәртібін айқындау;

      132) банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына клиенттерді тарту, олардың банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына беру жөнінде қызметтер көрсету тәртібін айқындау;

      133) қаржы өнімдерінің тізбесін белгілеу, қаржы ұйымы олардың бекітілгені жөнінде Агенттікті хабардар етеді;

      134) қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекіту туралы Агенттікті хабардар ету тәртібін, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттар тізбесін айқындау;

      135) банктік қарыз шартын жасасу тәртібін, оның ішінде банктік қарыз шартының мазмұнына, ресімделуіне, міндетті талаптарына қойылатын талаптарды, қарызды өтеу графигінің нысандарын және қарыз алушы-жеке тұлғаға арналған жадынаманы айқындау;

      136) қамтамасыз етусіз кредит (бланкілік кредит) өлшемшарттарын белгілеу;

      137) банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау тәртібін айқындау;

      138) банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін қарыздар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғаларға беретін және өтеу кестесінің, сондай-ақ осындай қарыздар (микрокредиттер) бойынша сыйақыны есептеу үшін уақытша базалардың болуын көздейтін микрокредиттер бойынша тұрақты төлемдерді есептеу әдістемелерін айқындау;

      139) өзгермелі сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, қолданыс талаптарын айқындау;

      140) банктік салым шарттары бойынша өзгермелі сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, қолданыс талаптарын айқындау;

      141) жеке тұлғаға банктік қарыз берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін белгілеу;

      142) қарыздар мен салымдар бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемелерін (нақты құнын) есептеу тәртібін айқындау;

      143) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін айқындау;

      143-1) тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарды белгілеу;

      143-2) жеке тұлғаға банктік қарызды немесе микрокредитті беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу тәртібін, жеке тұлғаға банктік қарызды немесе микрокредитті алуға жұбайының (зайыбының) келісімі қажет болатын банктік қарыздың немесе микрокредиттің ең төмен мөлшерін айқындау;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      143-3), 143-4) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР Президентінің 29.07.2024 № 606 (21.12.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      143-5) банк омбудсманының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы анықталған жағдайларда банк омбудсманының қызметі туралы ұсынымдарды банк омбудсманы өкілдерінің кеңесіне жіберу;

      143-6) микроқаржы омбудсманын сайлау, оның қызметін мерзімінен бұрын тоқтату және жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      143-7) микроқаржы омбудсманының ішкі қағидаларын, микроқаржы омбудсманының шешімдерін есепке алу, қарау, қабылдау және орындау тәртібін келісу;

      143-8) микроқаржы омбудсманының әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы анықталған жағдайларда микроқаржы омбудсманының қызметі туралы ұсынымдарды микроқаржы омбудсманы өкілдерінің кеңесіне жіберу;

      143-9) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару, оларда банктік қарыздың және (немесе) микрокредиттің бар-жоғы, банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша төлемді кейінге қалдырудың ұсынылуы туралы мәліметтерді алмасу тәртібін айқындау;

      144) банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларға жеңілдік талаптарын беруге тыйым салу белгілеудің кейбір мәселелерін айқындау;

      145) банк конгломератымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың тізбесін белгілеу;

      146) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындау;

      147) пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемесін, банк конгломераты капиталының мөлшерін айқындау;

      148) банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты айқындау;

      149) қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және оны Агенттіктің мақұлдау тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау;

      150) пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін, банк капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияның есептеу ережелері мен лимиттерін белгілеу;

      150-1) қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету және (немесе) сауықтыру үшін мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымдарының қаражаты пайдаланылатын екінші деңгейдегі банктің пайданы бөлу, қарапайым және (немесе) артықшылықты акциялар және (немесе) мерзімсіз қаржы құралдары бойынша дивидендтерді есепке жазу, сондай-ақ өз акцияларын кері сатып алуды жүргізу талаптарын айқындау;

      151) ислам банктері үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және ислам банктері үшін пруденциялық нормативтер мен сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді есептеу әдістемелерін белгілеу;

      152) пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар мен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептіліктің тізбесін, нысандары мен ұсыну қағидаларын белгілеу;

      153) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары) үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібін, олардың ең төменгі мөлшерін қоса алғанда, олардың нормативтік мәндері мен есеп айырысу әдістемелерін белгілеу;

      154) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу;

      155) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу;

      156) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оның ішінде резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін қалыптастыру тәртібін және олардың ең төменгі мөлшерін белгілеу;

      157) Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің нормативтік мәндері мен есептеу әдістемелерін және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, оның ішінде резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін қалыптастыру тәртібінің және олардың ең төменгі мөлшерінің нормативтік мәндерін белгілеу;

      158) лицензиаттың сақтауы міндетті пруденциялық нормативтердің түрлерін, қаржылық тұрақтылықтың өзге де нормалары мен лимиттерін, бағалы қағаздар нарығындағы әрбір қызмет түріне қатысты олардың мәндерін есептеу тәртібі мен әдістемелерін белгілеу;

      159) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу;

      160) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, инвестициялық портфельді басқарушыға тиесілі банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын банк холдингіне, сақтандыру холдингіне не банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының, банк холдингінің, сақтандыру холдингінің белгілерін иеленуші тұлғаға сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру, сондай-ақ сенімгерлік басқару кезеңіндегі Агенттіктің не ұлттық басқарушы холдингінің іс-әрекеттері тәртібін айқындау;

      161) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкімшісін) тағайындау тәртібі мен өкілеттіктерін айқындау;

      162) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) есептілікті және өзге де ақпаратты ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін белгілеу;

      163) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты ұсыну тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;

      164) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алу тәртібін айқындау;

      165) акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті жариялау тәртібін айқындау;

      166) банк және сақтандыру холдингтерінің қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

      167) екінші деңгейдегі банктерде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында сақталуы тиіс негізгі құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу;

      168) банктің активтері мен міндеттемелерінің бір бөлігін не толық мөлшерде басқа банкке (банктерге) бір мезгілде беру жөніндегі операцияны, оның ішінде бас банк пен еншілес банк арасындағы активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу және осы операцияларды, сондай-ақ көрсетілген операцияларды жүргізу кезінде берілуге жататын активтер мен міндеттемелердің түрлерін Агенттікпен келісу тәртібін айқындау;

      169) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігі мен үздіксіз жұмысына қойылатын талаптарды белгілеу;

      170) банктердің Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіру орталығына ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындау;

      171) олардың жасалуы банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын нарықтық емес талаптардағы мәмілелердің тізбесін айқындау;

      172) төлемге қабілетсіз банктің міндеттемелерін мәжбүрлеп қайта құрылымдау тәртібін айқындау;

      173) банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы банкке, сондай-ақ банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) барлық банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы банкке мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін беруді жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      174) тұрақтандыру банкін басқару, жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу, төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу, тұрақтандыру банкінің активтер мен міндеттемелерді Агенттік айқындайтын басқа банкке беру тәртібін айқындау;

      175) тұрақтандыру банкінің жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшерін, тұрақтандыру банкін құру, оның жарғылық және меншікті капиталдарын қалыптастыру, сондай-ақ тұрақтандыру банкінің банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу тәртібін белгілеу;

      176) екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) тәртібін айқындау;

      177) ерікті түрде таратылатын банктердің және қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін айқындау;

      178) мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібін және мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптарды айқындау;

      179) алып тасталды – ҚР Президентінің 02.03.2024 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;

      180) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      181) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшерін белгілеу;

      182) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциялық нормативтердi және сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін белгілеу;

      183) берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша айқындау;

      184) электрондық тәсілмен микрокредиттер беру тәртібін айқындау;

      185) микрокредит беру туралы шарт жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сомасы, микрокредит нысанасы) туралы ақпаратты қамтитын бірінші бетінің мазмұнына, ресімделуіне микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын айқындау;

      186) алып тасталды – ҚР Президентінің 29.07.2024 № 606 (20.08.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      187) берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындау;

      188) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыш жүктемесі коэффициентін есептеу тәртібін және оның шекті мәнін айқындау;

      189) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау тәртібін айқындау;

      190) микрокредит алуға қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнаманы жүргізу тәртібін белгілеу;

      191) ломбардта заттарды сақтау, ломбардтардың үй-жайларының қауіпсіздігін және техникалық нығайтылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, ломбардтарда заңсыз алынған заттардың айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды белгілеу мәселелерін қоса алғанда, ломбардтардың қызметін ұйымдастыру тәртібін уәкілетті ішкі істер органының келісімі бойынша айқындау;

      192) коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыру;

      193) коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу;

      194) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлғалар туралы мәліметтерді коллекторлық агенттіктің ұсыну тәртібін айқындау;

      195) коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу;

      196) есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындау;

      197) коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу;

      197-1) коллекторлық қызметті жүзеге асыратын салық төлеушіге қатысты құқықтың (талап етудің) өту жағдайларын қамтитын шарттар жөніндегі мәліметтерді салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға Агенттікпен келісу арқылы салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей ұсыну;

      197-2) коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу тәртібін айқындау;

      198) ақпарат берушiлердiң кредиттiк бюроларға ақпарат беру тәртiбiнiң шарттары мен ең төмен талаптарын бекіту;

      199) кредиттiк тарих субъектiлерiнiң өздерi туралы ақпаратты кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келiсiмiн ресiмдеу, кредиттік бюродан кредиттiк есептi басқа тұлғаларға беруге келiсiмiн ресімдеу тәртібін айқындау;

      200) кредиттiк есептi берудiң шарттары мен тәртібін айқындау;

      200-1) ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін өзге де мәліметтерді айқындау;

      200-2) ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін мәліметтер тізбесін айқындау;

      201) кредиттік бюроның кредиттік скорингті есептеу шарттары мен тәртібін айқындау;

      202) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың деректер базасын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актіні беру тәртібін айқындау;

      203) кредиттік бюролардың, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер болып табылатын ақпарат берушілердің және кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу;

      204) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес кредиттік бюролардың ақпаратты берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қойылатын талаптарды белгілеу;

      205) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, қор биржасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды белгілеу;

      206) банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, қор биржасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, орталық депозитарий, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар іскерлік қатынастарды қашықтан орнатқан жағдайда клиенттерді тиісінше тексеруге қойылатын талаптарды белгілеу;

      207) салық және бюджетке төлемдер түсімін қамтамасыз ету саласында уәкілетті органмен бірлесе отырып, еңбекпен табылмаған сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну тәртібін айқындау;

      207-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыру шарттарын келісу;

      207-2) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтерді қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есептеулер жүргізу қағидаларын келісу;

      208) ипотекалық ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      209) инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындау;

      210) қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау тәртібін және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесін айқындау;

      211) бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялық қордың активтері есебінен жасалатын инвестициялардың жинақталған мөлшерін белгілеу;

      211-1) инвестициялық пай қорының қағидаларына өзгерістер мен толықтыруларды келісу;

      211-2) акционерлік инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, сондай-ақ оларды тіркеуге ұсыну тәртібін белгілеу;

      212) инвестициялық қор активтерінің, инвестициялық қордың таза активтерінің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау тәртібін, талаптарын және әдістемесін белгілеу;

      213) жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезде бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілеу;

      214) кастодиандық үлгілік шарттың нысанын бекіту;

      215) кастодиан-банктің арнайы қаржы компаниясы активтерінің нысаналы орналастырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      216) сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабардар ету, сақтандыру шартының қолданылу мерзімінің өтуі туралы алдын ала хабардар ету тәртібін белгілеу;

      217) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға) берілетін сыныпты "бонус-малус" жүйесі бойынша есептеу тәртібін бекіту;

      218) көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау тәртібін бекіту;

      219) түзету коэффициентін қолдану тәртібін бекіту;

      220) аннуитет шарты бойынша аннуитеттiк төлемдерді есептеу тәртібін бекіту;

      221) аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеу;

      222) сақтандырушы сақтандырылушыға ассистанс беру туралы шарт жасасатын ассистанс компанияға қойылатын талаптарды, сондай-ақ сақтандырушының ассистанс компаниямен өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеу;

      223) туристі міндетті сақтандыру бағдарламалары бойынша сақтандыру аумағын белгілеу;

      224) ассистанс компаниямен келісу бойынша сақтандырылушыға медициналық және өзге де мекеме көрсеткен қызметтер құнын төлеу тәртібін белгілеу;

      225) арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтерін жаңа инвестициялық портфель басқарушысына беру тәртібін белгілеу;

      226) арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан-банкке беру тәртібін белгілеу;

      227) өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдарымен қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша ақпарат алмасуды қоса алғанда, өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      228) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары арқылы жүзеге асырылатын жеке тұлғалардың тұрғын үй қарыздарын және ипотекалық қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламаларын іске асыру, сондай-ақ банктердің осы бағдарламалар шеңберінде қабылдаған міндеттемелерін орындауына бақылауды жүзеге асыру;

      229) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін бұзушылықтарды болдырмау шараларын іске асыру;

      230) халықтың қаржылық сауаттылығын және халық үшін қаржылық қолжетімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

      231) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

      231-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелік проблемаларға талдау жүргізу және анықтау;

      232) коллекторлық агенттіктердің тарапынан заңсыз іс-әрекеттерден борышкерлердің құқықтарын және мүдделерін қорғауға, коллекторлық қызметтің ашықтығын, берешекті өндіріп алу бойынша жұмыста тиімділік пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

      232-1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін сервистік компаниялардың тізілімін жүргізу және Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыру;

      232-2) бас банктің күмәнді және үмітсіз активтеріне ие болатын банктің еншілес ұйымдарына және сервистік компаниялар ретінде әрекет ететін, банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптарды айқындау;

      233) қаржылық қызметтерді тұтынушылар, тексерілетін субъектілер үшін Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;

      234) Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асыру;

      234-1) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдау жүргізу;

      235) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен:

      Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге қарыздар, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыздар беру, сондай-ақ банк олар бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, оларды қайта құрылымдау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру мәселелері бойынша;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      235) тармақшаның үшінші абзацы 01.01.2026 дейін қолданылады - ҚР Президентінің 07.12.2023 № 407 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымында, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінің (шығыстар сметасының) қаражаты есебінен ақпараттық жүйелер құру арқылы автоматтандыру, оларды дамыту және сүйемелдеу мәселелері бойынша;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Агенттіктің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктері шеңберінде, оның ішінде ақпараттық жүйелерге өзара қол жеткізу жолымен ақпарат алмасу арқылы өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;

      235-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ұсынымдық сипаттағы қорытындысын ескере отырып, кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктіліктерді тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша, реттелетін саладағы кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту;

      235-2) "Кәсіптік біліктіліктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында көзделген кәсіптік біліктіліктерді тану саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      236) Заңда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 09.08.2022 № 972 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 12.11.2022 № 1070 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.08.2023 № 296 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 07.12.2023 № 407 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 02.03.2024 № 492 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 29.07.2024 № 606 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Жарлықтарымен.

3-тарау. Агенттіктің бірінші басшысының, алқалы органдардың мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Агенттікке басшылықты Төраға жүзеге асырады, ол Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      16. Агенттік Төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Агенттік Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төрт орынбасары болады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 26.08.2024 № 631 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      18. Агенттік Төрағасының өкілеттіктері:

      1) Заңда және Агенттік Басқармасы үшін осы Ережеде айтылған өкiлеттiктердi қоспағанда, Агенттік қызметiнің барлық мәселелері бойынша жедел және атқарушы-өкiмдік шешімдер қабылдайды;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің тағайындауы үшін Агенттік Төрағасы орынбасарларының лауазымына кандидатуралар ұсынады;

      3) Агенттіктен сайланған Агенттіктің Басқарма мүшелерін тағайындайды және босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік Аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Агенттіктің құрылымы негізінде Агенттік бөлімшелерінің құрылымын бекітеді;

      6) Агенттіктің лауазымды тұлғаларын тағайындайды және оларды жұмыстан босатады, ерекшеленген қызметкерлерді көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;

      7) Агенттіктен сайланған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесін тағайындайды және босатады;

      8) өз құзыреті шегінде Агенттіктің атынан республикада және шетелдерде өкілдік етеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Агенттіктің нормативтік құқықтық актілері, Агенттік Басқармасының қаулылары негізінде және (немесе) оларды орындау үшін Агенттік қызметінің мәселелері бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады, Агенттік Басқармасының қаулыларына қол қояды;

      10) Агенттік Басқармасының отырыстарын жүргізеді;

      11) Агенттік Төрағасының орынбасарлары мен Агенттік Аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөледі, өз орынбасарларының, Агенттік Аппараты басшысының және Агенттік бөлімшелері басшыларының тапсырылған жұмыс учаскесіндегі істің жай-күйі үшін жауаптылық дәрежесін белгілейді;

      11-1) Қазақстан Республикасының Президентінің не оның уәкілеттік беруімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының келісуі бойынша Агенттіктің стратегиялық жоспарын бекітеді;

      12) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Агенттіктің жалпы штат саны негізінде Агенттіктің штат кестесін бекітеді;

      13) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені қоспағанда, Агенттіктің бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      14) ішкі аудит бөлімшесінің есептерін қоспағанда, Агенттік бөлімшелерінің атқарған жұмысы туралы есептерін тыңдайды;

      15) Агенттіктің атынан шарттар (келісімдер, келісімшарттар) жасасады;

      16) Агенттіктің атынан сенімхаттар береді, міндеттемелерге қол қою және сенімхаттар беру тәртібін белгілейді;

      17) Агенттік бөлімшелерінің ішкі аудитінің нәтижелерін қарайды;

      18) Агенттіктің ішкі қызметі, оның ішінде Агенттікке бекітіліп берілген мүлікті пайдаланумен, еңбек қатынастарымен және еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастармен байланысты мәселелер бойынша және Агенттік Басқармасының айрықша құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелер бойынша актілерді бекітеді;

      18-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Агенттіктің бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібін, шоттардың үлгілік жоспарын және қаржылық есептілік нысандарын бекітеді;

      18-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды;

      19) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды және осы міндетті орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады;

      20) Агенттік қызметкерлерін жұмысқа қабылдаған және лауазымын өсірген кезде гендерлік баланстың сақталуын қамтамасыз етеді;

      Агенттік Төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 12.08.2023 № 296; 29.07.2024 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      19. Агенттік Төрағасы өз орынбасарларының және Агенттік Аппараты басшысының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

      20. Агенттік Аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Агенттік Аппаратының басшысы басқарады.

      21. Басқарма Агенттіктің жоғары алқалы органы болып табылады.

      Агенттік Басқармасының өкілеттіктері:

      1) қаржы нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;

      2) Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттейтін, қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың, Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

      3) мыналарға:

      банктерді, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға;

      банктердің және (немесе) банк холдингтерінің еншілес ұйымды құруына және сатып алуына;

      банктердің бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына;

      ұйымдардың капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қомақты қатысуына;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына;

      ұйымдардың капиталына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің қомақты қатысуына рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) не рұқсатты кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды;

      4) мыналарға:

      банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөлініп шығуға, қайта құруға, айналдыруға) немесе банктерді ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын (сақтандыру холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (біріктіруге, қосуға, бөлуге, бөлініп шығуға, қайта құруға) немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға;

      ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе ерікті түрде таратуға;

      исламдық арнайы қаржы компаниясын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға;

      микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды;

      5) мыналарға:

      банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесін иеленуге;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге;

      инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру (келісім беруден бас тарту) және келісімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдайды;

      6) мыналарға:

      банктік, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өзге де операцияларды жүргізуге (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға берілген лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданылуын тоқтата тұру, қолданылуын қайта бастау не олардан айыру туралы шешімдерді қоспағанда);

      сақтандыру нарығында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін, актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына;

      ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметін жүзеге асыруға;

      бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, қолданылуын қайта бастау не лицензиядан айыру туралы шешім қабылдайды;

      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;

      8) Агенттіктің халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдайды;

      9) уәкілетті органның консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды;

      10) банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы шешім қабылдайды;

      11) банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалын төлем жасауға қабілетсіз Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының санатынан шығару туралы шешім қабылдайды;

      12) банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын оның депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы шешім қабылдайды;

      13) банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын оның депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатынан алып тастау туралы шешім қабылдайды;

      14) банк холдингін консервациялау жүргізу туралы шешім қабылдайды;

      15) банкті консервациялау режимін енгізу, банк депозиторлары мен кредиторларының талаптарын қанағаттандыруға мораторий енгізу, төлем жасауға қабілетсіз банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын реттеу жөніндегі шараларды қолдану туралы шешім қабылдайды;

      16) реттеудің айырықша режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;

      17) алып тасталды – ҚР Президентінің 09.08.2022 № 972 Жарлығымен (12.09.2022 бастап қолданысқа енгізіледі);

      18) мына:

      банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне не банктің, банк холдингінің ірі қатысушысының белгілері бар тұлғаға тиесілі банктің акцияларын сенімгерлік басқаруды құру;

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің белгілері бар тұлғаға тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сенімгерлік басқаруды құру;

      инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды құру мәселесі туралы шешім қабылдайды;

      19) тұрақтандыру банкін құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      20) егер қолданылған шаралар банктің қаржылық жай-күйін жақсартуға әкелмеген жағдайда, банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында:

      Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен, банктің қаржылық жай-күйін жақсарту және банктің пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауы үшін қажетті мөлшерде жариялаған акцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің не ұлттық басқарушы холдингтің сатып алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады;

      банкте капиталдың теріс мөлшері болған кезде банктің қаржылық жай-күйін қажетінше жақсартуға кепілдік беретін жаңа инвесторға сатып алу бағасы бойынша міндетті түрде кейіннен дереу өткізу талабымен банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды;

      21) қаржы нарығының активтерін бағалы қағаздар ретінде тану туралы шешім қабылдайды;

      21-1) әрекеттерді бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелерін қарау жөніндегі сараптама комитеті туралы ережені бекітеді;

      22) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы акт беру туралы шешім қабылдайды;

      23) кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсаттың және кредиттік тарихтардың дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді қорғау және олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға және үй-жайларға қойылатын талаптарға кредиттік бюроның сәйкестігі туралы актінің қолданылуын тоқтата тұру, қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды;

      24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      25) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етумен байланысты қызметтерді Агенттіктің сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      26) Агенттіктің регламентін бекітеді;

      27) Басқарманың регламентін бекітеді;

      27-1) ішкі аудит бөлімшесі туралы ережені бекітеді;

      28) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Агенттік қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін, сондай-ақ Агенттік қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету шарттарын бекітеді;

      29) Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша белгіленген, Агенттік Төрағасы мен оның орынбасарларының лауазымдық жалақыларының мөлшерін бекітеді;

      30) Агенттік қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен жасалған еңбек шарттарын тоқтату қағидаларын бекітеді;

      31) уәкілетті органның құрылымын, жалпы штат санын және уәкілетті орган туралы Ережені, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;

      32) уәкілетті органның жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады;

      32-1) Агенттіктің ішкі аудитінің стандарттарын бекітеді;

      32-2) аудиторлық тексерулердің орта мерзімді жоспарын және ішкі аудит бөлімшесінің жылдық есебін бекітеді;

      33) Агенттік Басқармасының құзыретіне жатқызылған, Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Агенттік Басқармасы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және осы Ережеде айқындалған, Агенттіктің құзыретіне кіретін кез келген мәселені қарауға және ол бойынша шешім қабылдауға құқылы.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 09.08.2022 № 972 (12.09.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.07.2024 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

4-тарау. Агенттіктің мүлкі

      22. Агенттіктің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

      Агенттік мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Агенттік Қазақстан Республикасының атынан Агенттіктің құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен өзіне бекітілген, өз балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын дербес жүзеге асырады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 29.07.2024 № 606 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

5-тарау. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 11 қарашадағы
№ 203 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ҚҰРЫЛЫМЫ

      Ескерту. Құрылым жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.08.2023 № 296 Жарлығымен.

      1. Департаменттер.

      2. Басқармалар.

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 11 қарашадағы
№ 203 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын, оның филиалдарын және өкілдіктерін қоса алғанда жалпы штат саны 2078 адам болып бекітілсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды, статистикалық қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз құзыреті шегінде қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын және өзге де тұлғаларды және Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасы саласындағы мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.";

      13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын, өзге қорлар мен ұйымдардың активтерін басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға көрсетілетін банктік және өзге де қызметтер үшін ақы алмайды.";

      15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Міндеттері:

      1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

      2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      3) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

      4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      5) ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығы статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де міндеттер.

      16. Функциялары:

      Қазақстан Ұлттық Банкі:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлейді және жүргізеді;

      2) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарады;

      3) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының жалғыз эмитенті болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақша айналысын ұйымдастырады;

      4) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды, сақтауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттардың, монеталардың және құндылықтардың резервтiк мемлекеттік қорларын құрады;

      5) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалардың үй-жайларды орналастыруға қойылатын талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      6) банкаралық ақша аударымдары жүйесін, банкаралық клиринг жүйесін және пайдаланушылар арасында Қазақстан теңгесімен ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ететін басқа да төлем жүйелерін реттейді және қадағалауды (оверсайт) жүзеге асырады;

      7) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақша төлемдерi мен аударымдарын реттеу мақсатында банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар және кәсіпкерлік қызмет субъектілері банк шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезектiлiгiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң келiсімі бойынша белгiлейді;

      8) Қазақстан Республикасында валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

      9) шетел валютасындағы және бағалы металдардағы активтерді басқаруды қамтамасыз етеді;

      10) бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асырады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асырады;

      12) меншік иелері қаржы ұйымдары, бағалы металдармен және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар өзге де тұлғалар болып табылатын, олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларын (үлгілерін) сақтауды және сынауды жүзеге асырады;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (келіп түскен) бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды тасымалдауды, қабылдауды, есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады;

      14) дербес және (немесе) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен бірлесіп, олардың құзыреті шеңберінде жүйелік тәуекелдерді реттеуді жүзеге асырады;

      15) Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Қазақстан Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге қарыз беруі, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыздар беру мәселелері бойынша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, оның ішінде ақпараттық жүйелерге өзара қолжетімділік арқылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

      16) Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің жұмыс органының функцияларын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңестің функцияларына жататын мәселелер бойынша ұсыныстар қалыптастырады;

      17) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында:

      қаржы жүйесінің тұрақтылығына әсер ететін макроэкономикалық және макроқаржылық факторларға тұрақты мониторингтеу жүргізеді;

      макропруденциялық саясатты қалыптастырады;

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) және Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттарда соңғы сатыдағы қарыздар береді;

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген тәртіппен, шарттарда және мерзімдерде екінші деңгейдегі банктермен туынды қаржы құралдарымен операциялар жүргізеді;

      18) Ұлттық Банк туралы заңда және Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және шарттарда қарыздар береді;

      19) қаржы ұйымдарының сыртқы борышын реттеуге қатысады;

      20) статистикалық әдіснама әзірлейді және қолма-қол ақша айналысы, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығы статистикасы, төлем балансы, сыртқы борыш, халықаралық инвестициялық позиция, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы статистикалық деректердің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен оларды ұсыну тәртібін айқындайды;

      21) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласында бақылауды жүзеге асырады;

      22) қаржы нарығына шолу жасау, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығы статистикасы, төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және сыртқы борыш жөніндегі статистикалық ақпаратты қалыптастырады және таратады, төлем балансын болжамдық бағалауды әзірлеуге қатысады;

      23) валюталық реттеу, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығы статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер мен төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын және олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды және коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;

      24) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және өзге де адамдарды реттеуді, сондай-ақ Ұлттық Банк туралы заңға, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      25) мыналарға:

      өз қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға – қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына;

      айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауына лицензия береді, (беруден бас тартады), қайта ресімдейді, тоқтата тұрады және лицензиясынан айырады;

      26) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкіне арналған бухгалтерлік есеп саясаты мен әдістерін айқындайды;

      27) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарын, бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыру қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      28) қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғалардың және төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар туралы ақпаратты тіркеу, сақтау және беру, клиенттерді (олардың өкілдерін) және бенефицарлық меншік иелерін тиісінше тексеру, қаржы мониторингіне жататын операцияларды тоқтата тұру және оларды жүргізуден бас тарту, өз қызметі процесінде алынған құжаттарды қорғау бөлігінде орындауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі бақылаудың ұйымдастырылуын және орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      29) құзыреті шегінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүргізетін тексерілетін субъектілердің қызметін тексеруге қатысады;

      30) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын және қаржы ұйымдары болып табылмайтын резиденттерге және бейрезиденттерге, төлем жүйелері операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге шектеулі ықпал ету шараларын, қызметін Қазақстан Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларға қадағалап ден қою шараларын, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды және өзге де шараларды қолданады;

      31) төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру мақсатында төлем ұйымдарына және (немесе) қаржы ұйымдары болып табылмайтын өзге де заңды тұлғаларға қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді және құзыреті шегінде олардың қызметін реттейді;

      32) Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісу бойынша оның мемлекетттік борышына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік борышына қызмет көрсетеді;

      33) Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы айқындайтын тізбеге және тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгілейді және жариялайды;

      34) мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша шарттарға мониторингтеуді жүзеге асырады;

      35) сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ шетел валютасын ішкі валюта нарығында пайдалану бағыттарына мониторингтеуді жүзеге асырады;

      36) банк қызметiн, бағалы қағаздар нарығындағы кәсiптік қызметті және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;

      37) Қазақстан Ұлттық Банкiнің клиенттеріне банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

      38) Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын және мерзімді баспа басылымдарында жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;

      39) Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Үкiметімен немесе заңды тұлғалармен жасайтын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар мерзімді баспа басылымдарында жарияланады;

      40) Қазақстан Ұлттық Банкі мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;

      41) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтеріне қатысты кастодиан функцияларын жүзеге асырады;

      42) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынады;

      43) мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшiн кадрлар даярлауға және қайта даярлауға қатысады;

      44) Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;

      45) банктік сәйкестендіру кодтарын береді, күшін жояды және оның пайдаланылуын айқындайды, банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын береді және күшін жояды, олардың құрылымын белгілейді, сондай-ақ Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргізеді;

      46) Қазақстан Ұлттық Банкінің консультативтік-кеңесші органдарын құрады;

      47) кредиттік тарихтардың дерекқорында қамтылған ақпараттың толықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік тарих субъектілері туралы ақпарат береді;

      48) Қазақстан Ұлттық Банкіне бекітілген мүлікті иеліктен шығару және пайдалануға беру тәртібін айқындайды;

      49) Қазақстан Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы, сенімгерлік басқарушысы) болып табылатын мемлекеттің бақылауындағы акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және ол құрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеуді, бекітуді, оларды іске асыруды мониторингтеу және бағалау тәртібін айқындайды;

      50) Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақы төлемдерінің мөлшерлерін және тәртібін айқындайды;

      51) Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;

      52) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізеді;

      53) Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық және операциялық тәуекелдерін басқару жүйесінің болуын және өзектілендіруді қамтамасыз етеді;

      54) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты, құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт негізінде және соларға сәйкес құзыреті шегінде басқа мемлекеттердің орталық банктерімен, бақылау және қадағалау органдарымен, халықаралық және өзге де ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және құпиялылықты сақтай отырып, бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банктік құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажет ақпаратпен алмасуға құқылы.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген өзге де ұйымдар деп банктік сектор қызметін, бағалы қағаздар нарығын және сақтандыру нарығын реттеудің бірыңғай стандарттарын әзірлеу мақсатында құрылған басқа мемлекеттер орталық банктерінің, бақылау және қадағалау органдарының бірлестіктері түсініледі;

      55) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      17. Қазақстан Ұлттық Банкінің құқықтары мен міндеттері:

      Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағындағы қаржы ұйымдарының, басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және қабылдауға;

      2) кез келген жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты, оның ішінде қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға және өтеусіз алуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде тексерулер және бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізуге;

      4) Қазақстан Ұлттық Банкінің ішкі қызметін, сондай-ақ ол құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалардың қызметін жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейтін нормативтік және нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдауға;

      5) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттері:

      1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді қамтамасыз ету;

      2) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

      3) ақша-кредит статистикасы, қаржы нарығының статистикасы және сыртқы сектор статистикасы саласында статистикалық қызметті жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының бөлімшелеріне, филиалдарына, өкілдіктеріне және ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі жалғыз акционері болып табылатын акционерлік қоғамдарға ішкі аудитті және қызметін тексеруді жүзеге асыру;

      5) Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттер.";

      21-тармақтың 17) тармақшасы алып тасталсын;

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Басқарма мен Директорлар кеңесі (Директорат) Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары болып табылады.

      Басқарма Қазақстан Ұлттық Банкінің жоғары органы болып табылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы Ұлттық Банк туралы заңның 15-бабында көзделген функциялардан басқа:

      1) Қазақстан Ұлттық Банкінің акционерлік қоғамдарының жарғылық капиталын ұлғайтуға және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға не азайтуға, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуға не иеліктен шығаруға келісім береді;

      2) Қазақстан Ұлттық Банкі берген қарыздар бойынша банктердің және басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкінің алдындағы берешегін қайта құрылымдау шарттарын айқындайды;

      3) Қазақстан Ұлттық Банкінің соңғы сатыдағы қарыздар бойынша талаптарын соттан тыс тәртіппен қанағаттандыру мәселелері бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды;

      4) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы негізінде Қазақстан Ұлттық Банкінің орталық аппараты бөлімшелерінің, филиалдарының және өкілдіктерінің атаулары бар тізбесін, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі ұйымдарының жалпы штат санын бекітеді;

      5) жарғылық және (немесе) резервтік капиталдарды қалыптастыруға жіберілетін, бөлінбеген таза кіріс мөлшерін белгілейді;

      6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы мөлшерін жыл сайын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жарғысымен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлері (жалғыз акционері) жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      8) Қазақстан Ұлттық Банкі заңды тұлғалармен жасайтын сенімгерлік басқару туралы шарттар негізінде активтерді сенімгерлік басқаруға қабылдау туралы шешім қабылдайды;

      9) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      10) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының құзыретіне жатқызылған, Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы Ұлттық Банк туралы заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында және Ережеде айқындалған Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін кез келген мәселені қарауға және сол бойынша шешім қабылдауға құқылы.

      Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының отырыстары Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес қажеттілігіне қарай өткізіледі. Басқарма отырыстарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам жүргізеді.

      Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының жұмыс тәртібі оның регламентінде айқындалады.";

      24-тармақтың бесінші бөлігінде:

      7) тармақша алып тасталсын;

      12) тармақшада:

      алтыншы абзац алып тасталсын;

      он екінші абзацта "бекітеді" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "соңғы сатыдағы қарыз бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілетін активтердің құнына дисконт мөлшерлерін бекітеді.";

      13) тармақша алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 116-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі".

      4. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:

      Қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізілетін орталық мемлекеттік органдардың тізбесінде:

      "Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуы" блогын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық дамуы" блогын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі".

      5. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      15-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі талап етіледі.".

      6. "Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 34-35, 248-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, осы тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда, ант қабылдаған мемлекеттік саяси қызметші оны тиісті мемлекеттік органның ұжымына лауазымды адам таныстырған кезде ант береді.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағаларының, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағаларының, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлерінің антын Қазақстан Республикасының Президенті өзі қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты және Мәжілісі депутаттары Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палаталарының отырыстарында ант береді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелері мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін өзге мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ Парламенттің депутаттары Қазақстан Республикасының Президентіне ол айқындайтын тәртіпте ант бере алады.

      Мәслихат немесе оның келісімі бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар тиісті мәслихаттың отырысында ант береді.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады