Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 545 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 429 Жарлығымен

      Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруды, мемлекеттiк билiк органдарының сыртқы саясат саласындағы қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды және Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. Қоса берiлiп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiленген тәртiппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының Президенті       Қ. Тоқаев

      Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 5 сәуірдегі
№ 545 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі туралы ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілінің мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін айқындайды.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі (бұдан әрі – Арнаулы өкіл) мемлекеттік саяси қызметшi болып табылады.

      2. Арнаулы өкілді Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi Басшысының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Арнаулы өкіл Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.

      3. Арнаулы өкіл лауазымына орналасуға кандидатураларды Президенттің халықаралық қызметінің мәселелеріне жауапты Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары (бұдан әрі – Президент Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары) Қазақстан Республикасы Президентiнің Әкiмшiлiгi Басшысының қарауына енгізеді.

      4. Арнаулы өкіл өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, халықаралық шарттарды және осы Ережені басшылыққа алады.

      5. Арнаулы өкілдің белгіленген үлгідегі бланкiлерi болады.

      2-тарау. Арнаулы өкілдің негізгі міндеттері мен функциялары

      6. Арнаулы өкілдің негізгі міндеттері:

      1) саяси, экономикалық, гуманитарлық және экологиялық салаларда халықаралық байланыстарды жолға қою;

      2) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және Қазақстан Республикасы Президентiнің бастамаларын ілгерілетуді қамтамасыз ету болып табылады.

      7. Арнаулы өкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

      8. Арнаулы өкіл заңнамада бекітілген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасының Президентiне сыртқы саясат пен халықаралық ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан Республикасы Президентiнiң халықаралық бастамаларын iске асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      2) өзінің құзыреті шегінде шет елдердің саяси және қоғам қайраткерлерімен, іскер топтарының және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен келіссөздерді ұйымдастырады және өткізеді, сауда-экономикалық, инвестициялық, технологиялық және басқа да салаларда басым жобаларды ілгерілетуге қатысады;

      3) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты тұжырымдамасының жобасын дайындауға және оны кейіннен іске асыруға қатысады;

      4) Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бөлігінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының жобасын дайындауға қатысады;

      5) әлемдік даму процестерін, сондай-ақ халықаралық қатынастардың өзекті проблемаларын мониторингтеуді, талдауды және болжауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Президентiне оның сыртқы саяси өкілеттіктерін іске асыру жөнінде ұсынымдар тұжырымдайды;

      6) Президент Әкiмшiлiгiнің Басшысы орынбасарының үйлестіруімен Қазақстан Республикасы Президентiнiң шет елдердің мемлекеттік органдарымен және олардың лауазымды адамдарымен, шетелдік саяси және қоғам қайраткерлерімен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

      7) Қазақстан Республикасы Президентiнiң шет елдік сапарларының және шет мемлекеттер басшыларының Қазақстан Республикасына сапарларының, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттары мен компаниялардың басшыларымен кездесулердің мазмұндық бөлігін дайындауға жәрдемдеседі;

      8) шетелдік инвестицияларды, озық тәжірибе мен технологияларды тартуға, отандық өнімдердің әлемдік нарықтарға экспортын ілгерілетуге жәрдемдеседі;

      9) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі бағыттарын және Қазақстан Республикасы Президентiнің бастамаларын ілгерілету мақсатында халықаралық сарапшылардың пулын қалыптастырды және онымен өзара іс-қимыл жасайды;

      10) Қазақстан Республикасы Президентiнің саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформаларын шет елдерде танымал етеді және түсіндіреді, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кеңесші және консультативтік органдардың жұмысына қатысады;

      11) Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша сыртқы саясат пен халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі өзекті бағыттары бойынша арнаулы миссияларды жүзеге асырады;

      12) Президент Әкiмшiлiгiнің Басшысы орынбасарының үйлестіруімен Қазақстан Республикасы Президентiнің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу үшін сыртқы саясат саласындағы заң жобаларын дайындауға қатысады;

      13) Қазақстан Республикасы Президентiнің тапсырмаларын орындайды.

      3-тарау. Арнаулы өкілдің құқықтары

      9. Негізгі міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында арнаулы өкілдің заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) мемлекеттiк органдардан және лауазымды адамдардан қажеттi ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

      2) мемлекеттiк, оның ішінде үкіметтік байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалануға;

      3) өз құзыретiндегі мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасуды жүргізуге;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, шетелдік әріптестермен, оның ішінде Қазақстан Республикасының екіжақты және көпжақты халықаралық шарттарын жасасу мәселесі бойынша келіссөздерге және/немесе консультацияларға қатысуға, қажет болған жағдайда делегацияны басқаруға;

      5) Қазақстан Республикасының мүдделi орталық және жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдары өкілдерінің қатысумен кеңестер өткізуге, сондай-ақ өзге де іс-шараларға қатысуға;

      6) өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қоюға;

      7) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша шет елдердің өкілдеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсыруға:

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      4-тарау. Арнаулы өкілдің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету

      10. Арнаулы өкіл қойылған міндеттердің орындалуына жауапты болады, еңбектi ұйымдастыру мен тиiстi еңбек тәртiбiн қамтамасыз етедi.

      11. Арнаулы өкілдің қызметін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің 5 мемлекеттік әкімшілік қызметшіден тұратын секторы қамтамасыз етеді.

      12. Арнаулы өкілдің қызметін қамтамасыз ету мен қаржыландыруды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 5 сәуірдегі
№ 545 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

      Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк протоколында:

      1-қосымша мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі";

      2-қосымшада:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Президент Әкімшілігі Басшысының халықаралық мәселелер жөніндегі орынбасары";

      16-1, 16-2 және 16-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкiлi

      16-2. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары

      16-3. Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесі Басшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)";

      мынадай мазмұндағы 16-4-тармақпен толықтырылсын:

      "16-4. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары (лауазымға тағайындалған күні бойынша)".

      3. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны 414 бірлік мөлшерінде белгіленсін.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы:

      "Президент Кеңсесі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі";

      "Спичрайтинг тобы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету секторы".

      4. "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Әкімшіліктің құрылымына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (бұдан әрі – Әкімшілік Басшысы), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Әкімшілік Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де қызметкерлері кіреді.";

      24-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Президенттің қарауына Әкімшілік Басшысының орынбасарларын, Президент Кеңсесінің бастығын, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілін, Президент көмекшілерін, Президент кеңесшілерін, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді;";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Әкімшілік Басшысының орынбасарларын, Президент Кеңсесінің бастығын, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілін, Президенттің көмекшілерін, Президенттің кеңесшілерін, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшілік құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын Әкімшілік Басшысының ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.";

      32-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге: Әкімшілік Басшысының орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Президент Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі, Президенттің көмекшілері, Президенттің кеңесшілері ие болады.".

О Специальном представителе Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству

Указ Президента Республики Казахстан от 5 апреля 2021 года № 545. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 3 января 2024 года № 429.

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 03.01.2024 № 429 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      В целях обеспечения реализации конституционных полномочий Президента Республики Казахстан, повышения эффективности деятельности органов государственной власти в области внешней политики и продвижения международных инициатив Президента Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Положение о Специальном представителе Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству;

      2) изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан.

      2. Правительству Республики Казахстан в установленном порядке принять меры, вытекающие из настоящего Указа.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНО
Указом Президента
Республики Казахстан
от 5 апреля 2021 года № 545

ПОЛОЖЕНИЕ
о Специальном представителе Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству

      Настоящее Положение определяет статус, полномочия и деятельность Специального представителя Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству.

Глава 1. Общие положения

      1. Специальный представитель Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству (далее – Специальный представитель) является политическим государственным служащим.

      2. Специальный представитель назначается на должность и освобождается от должности Президентом Республики Казахстан по представлению Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан.

      Специальный представитель подотчетен Президенту Республики Казахстан.

      3. Кандидатуры на занятие должности Специального представителя вносятся на рассмотрение Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан заместителем Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан, ответственным за вопросы международной деятельности Президента (далее – заместитель Руководителя Администрации Президента).

      4. Специальный представитель в своей деятельности руководствуется Конституцией, законами Республики Казахстан, актами Президента Республики Казахстан и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, международными договорами и настоящим Положением.

      5. Специальный представитель имеет бланки установленного образца.

Глава 2. Основные задачи и функции Специального представителя

      6. Основными задачами Специального представителя являются:

      1) налаживание международных связей в политической, экономической, гуманитарной и экологической сферах;

      2) обеспечение продвижения основных направлений внешней политики Республики Казахстан и инициатив Президента Республики Казахстан.

      7. Специальный представитель при осуществлении своей деятельности взаимодействует с Правительством Республики Казахстан и другими государственными органами и организациями по вопросам внешней политики Республики Казахстан.

      8. Специальный представитель в установленном законодательством порядке осуществляет следующие функции:

      1) вносит предложения Президенту Республики Казахстан по развитию внешней политики и международного сотрудничества, реализации международных инициатив Президента Республики Казахстан;

      2) организует и проводит в пределах своей компетенции переговоры с политическими и общественными деятелями, представителями деловых кругов зарубежных стран и международных организаций, участвует в продвижении приоритетных проектов в торгово-экономической, инвестиционной, технологической и других сферах;

      3) участвует в подготовке проекта Концепции внешней политики Республики Казахстан и ее последующей реализации;

      4) участвует в подготовке проекта ежегодного Послания Главы государства народу Казахстана в части внешней политики Республики Казахстан;

      5) осуществляет мониторинг, анализ и прогнозирование процессов мирового развития, а также актуальных проблем международных отношений и вырабатывает рекомендации Президенту Республики Казахстан по реализации его внешнеполитических полномочий;

      6) в координации с заместителем Руководителя Администрации Президента содействует обеспечению взаимодействия Президента Республики Казахстан с государственными органами зарубежных стран и их должностными лицами, иностранными политическими и общественными деятелями, международными и иностранными организациями;

      7) содействует подготовке содержательной части зарубежных визитов Президента Республики Казахстан и визитов глав иностранных государств в Республику Казахстан, встреч с руководством международных организаций, финансовых институтов и компаний;

      8) содействует привлечению иностранных инвестиций, передового опыта и технологий, продвижению экспорта отечественной продукции на мировые рынки;

      9) формирует и взаимодействует с пулом международных экспертов с целью продвижения основных направлений внешней политики Республики Казахстан и инициатив Президента Республики Казахстан;

      10) популяризирует и разъясняет за рубежом реформы Президента Республики Казахстан в политической и социально-экономической сферах, участвует при необходимости в работе совещательных и консультативных органов при Президенте Республики Казахстан;

      11) осуществляет по решению Президента Республики Казахстан специальные миссии по различным актуальным направлениям внешней политики и международного сотрудничества;

      12) в координации с заместителем Руководителя Администрации Президента участвует в подготовке законопроектов в области внешней политики для внесения их в Парламент Республики Казахстан в порядке законодательной инициативы Президента Республики Казахстан;

      13) исполняет поручения Президента Республики Казахстан.

Глава 3. Права Специального представителя

      9. Специальный представитель в целях реализации основных задач и осуществления своих функций в установленном законодательством порядке имеет право:

      1) запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от государственных органов и должностных лиц;

      2) использовать государственные, в том числе правительственные, системы связи и коммуникации;

      3) вести с государственными органами, должностными лицами и организациями служебную переписку по вопросам своей компетенции;

      4) в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, участвовать, а при необходимости возглавлять делегацию в переговорах и/или консультациях с зарубежными партнерами, в том числе по вопросу заключения двусторонних и многосторонних международных договоров Республики Казахстан;

      5) проводить совещания с участием представителей заинтересованных центральных и местных исполнительных органов и организаций Республики Казахстан, а также участвовать в иных мероприятиях;

      6) подписывать служебную документацию в пределах своей компетенции;

      7) вручать по поручению Президента Республики Казахстан государственные награды Республики Казахстан представителям зарубежных стран;

      8) осуществлять иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

Глава 4. Организация и обеспечение деятельности Специального представителя

      10. Специальный представитель несет ответственность за выполнение поставленных задач, обеспечивает организацию труда и надлежащую трудовую дисциплину.

      11. Деятельность Специального представителя обеспечивает сектор Администрации Президента Республики Казахстан, состоящий из 5 административных государственных служащих.

      12. Обеспечение и финансирование деятельности Специального представителя осуществляются Администрацией Президента Республики Казахстан.

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 5 апреля 2021 года № 545

Изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые указы Президента Республики Казахстан

      1. Утратил силу Указом Президента РК от 31.07.2023 № 290.

      2. В Указе Президента Республики Казахстан от 12 октября 2006 года № 201 "Об утверждении Государственного протокола Республики Казахстан":

      в Государственном протоколе Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      приложение 1 дополнить пунктом 22-1 следующего содержания:

      "22-1. Специальный представитель Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству";

      в приложении 2:

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Заместитель Руководителя Администрации Президента по международным вопросам";

      пункты 16-1, 16-2 и 16-3 изложить в следующей редакции:

      "16-1. Специальный представитель Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству

      16-2. Первый заместитель Секретаря Совета Безопасности

      16-3. Заместители Руководителя Канцелярии Первого Президента –Елбасы (по дате назначения на должность)";

      дополнить пунктом 16-4 следующего содержания:

      "16-4. Заместители Секретаря Совета Безопасности (по дате назначения на должность)".

      3. В Указе Президента Республики Казахстан от 11 февраля 2008 года № 533 "О штатной численности и структуре Администрации Президента Республики Казахстан":

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Установить штатную численность Администрации Президента Республики Казахстан в количестве 414 единиц.";

      в структуре Администрации Президента Республики Казахстан, утвержденной вышеназванным Указом:

      после строки "Канцелярия Президента" дополнить строкой следующего содержания:

      "Специальный представитель Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству";

      после строки "Группа спичрайтинга" дополнить строкой следующего содержания:

      "Сектор по обеспечению деятельности Специального представителя Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству".

      4. В Указе Президента Республики Казахстан от 11 марта 2008 года № 552 "Об утверждении Положения об Администрации Президента Республики Казахстан":

      в Положении об Администрации Президента Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. В состав Администрации входят Руководитель Администрации Президента Республики Казахстан (далее – Руководитель Администрации), Секретарь Совета Безопасности Республики Казахстан, заместители Руководителя Администрации, начальник Канцелярии Президента Республики Казахстан, Специальный представитель Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству, помощники Президента Республики Казахстан, советники Президента Республики Казахстан, руководители структурных подразделений и иные сотрудники Администрации.";

      подпункт 4) части второй пункта 24 изложить в следующей редакции:

      "4) вносит на рассмотрение Президента предложения о назначении на должности и освобождении от должностей заместителей Руководителя Администрации, начальника Канцелярии Президента, Специального представителя Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству, помощников Президента, советников Президента, руководителей структурных подразделений Администрации, за исключением руководителей отдельных секретариатов Администрации;";

      пункт 26 изложить в следующей редакции:

      "26. Заместители Руководителя Администрации, начальник Канцелярии Президента, Специальный представитель Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству, помощники Президента, советники Президента, руководители структурных подразделений Администрации, за исключением руководителей отдельных секретариатов Администрации, назначаются на должности и освобождаются от должностей Президентом по представлению Руководителя Администрации.";

      часть третью пункта 32 изложить в следующей редакции:

      "Полномочиями, предусмотренными подпунктами 1), 2), 3), 4), 5), 6) и 7) настоящего пункта, за исключением абзаца второго подпункта 1), обладают: заместители Руководителя Администрации, Секретарь Совета Безопасности, начальник Канцелярии Президента, Специальный представитель Президента Республики Казахстан по международному сотрудничеству, помощники Президента, советники Президента.".