"Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 591 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 220 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы жөніндегі кеңес туралы ережеде:

      8-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Кеңес отырыстарын өткізу нысанын, күнін, орнын және уақытын айқындайды;";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай, Кеңес төрағасы айқындайтын мерзімде, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі. Кеңес отырыстары оның мүшелерінің тікелей қатысуымен немесе сырттай нысанда өткізіледі және Кеңес төрағасын қоса алғанда, Кеңестің кемінде төрт мүшесі дауыс беруге қатысқан кезде құқықтық күші бар болып саналады.

      Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдау аяқталған күн Кеңестің отырыстарын сырттай нысанда өткізу күні болып табылады.

      Кеңестің құрамына кіретін лауазымды адам орнында болмаған жағдайда, Кеңес отырысына орнында болмаған лауазымды адамның міндеттерін атқаратын адам дауыс беру, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге немесе Кеңес отырысының хаттамасына қол қою құқығымен қатысады.";

      12-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Кеңес мүшелеріне Кеңестің кезекті отырысының өткізілетін нысаны, күні, орны, уақыты және күн тәртібі туралы, Кеңес отырысы сырттай нысанда өткізілген кезде сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді қабылдау аяқталатын күн туралы хабарлайды және оларды қажетті материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Кеңес мүшелеріне және басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарға хаттаманың көшірмесін және өзге қажетті материалдарды жібереді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кеңес отырыстарының қорытындысы бойынша хаттамамен ресімделетін шешімдер қабылданады.

      Отырыс тікелей қатысу нысанында өткізілген кезде Кеңестің жұмыс органы өткізілген отырыстан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді және Кеңестің мүшелеріне келісуге жібереді және Кеңестің жұмыс органы оларға хаттаманы жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде отырысқа қатысқан Кеңестің барлық мүшелері қол қояды.

      Отырыс сырттай нысанда өткізілген кезде Кеңестің жұмыс органы хаттаманы сырттай дауыс берудің алынған бюллетеньдері негізінде дауыстарды санау қорытындысы бойынша өткізілген отырыстан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімдейді және оны Кеңестің жұмыс органы ресімдеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Кеңес төрағасы қол қояды.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 220 "О Совете по финансовой стабильности Республики Казахстан"

Указ Президента Республики Казахстан от 3 июня 2021 года № 591

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 18 декабря 2019 года № 220 "О Совете по финансовой стабильности Республики Казахстан" следующие изменения:

      в Положении о Совете по финансовой стабильности Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:

      подпункт 3) части второй пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "3) определяет форму, дату, место и время проведения заседаний Совета;";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Заседания Совета проводятся по мере необходимости в сроки, определяемые председателем Совета, но не реже одного раза в квартал. Заседания Совета проводятся в очной или заочной форме и считаются правомочными при участии в голосовании не менее четырех членов Совета, включая председателя Совета.

      Датой проведения заседаний Совета в заочной форме является дата окончания приема бюллетеней для заочного голосования.

      В случае отсутствия должностного лица, входящего в состав Совета, на заседании Совета принимает участие лицо, исполняющее обязанности отсутствующего должностного лица, с правом голосования, подписания бюллетеня для заочного голосования или протокола заседания Совета.";

      в пункте 12:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) оповещает членов Совета о форме, дате, месте, времени проведения и повестке дня очередного заседания Совета, о дате окончания приема бюллетеней для заочного голосования при проведении заседания Совета в заочной форме и своевременно обеспечивает их необходимыми материалами;";

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня принятия решений Совета направляет копию протокола и иные необходимые материалы членам Совета и другим заинтересованным государственным органам и иным организациям.";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. По итогам заседаний Совета принимаются решения, оформляемые протоколом.

      При проведении заседания в очной форме протокол оформляется и направляется на согласование членам Совета рабочим органом Совета в течение 5 (пяти) рабочих дней после проведенного заседания и подписывается всеми членами Совета, присутствовавшими на заседании, в срок не более 10 (десяти) рабочих дней с даты направления им протокола рабочим органом Совета.

      При проведении заседания в заочной форме протокол оформляется рабочим органом Совета по итогам подсчета голосов на основании полученных бюллетеней для заочного голосования в течение 5 (пяти) рабочих дней после проведенного заседания и подписывается председателем Совета в срок не более 10 (десяти) рабочих дней с даты его оформления рабочим органом Совета.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев