Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 3 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабына сәйкес, елден заңсыз шығарылған активтерді Қазақстан Республикасына қайтару, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған активтерді (бұдан әрі – заңсыз шығарылған активтер) анықтау және оларды мемлекетке қайтару мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен), Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігімен, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, 2023 жылғы 31 наурызға дейін:

      1) заңмен реттелетін құқық қатынастарының субъектілерін анықтауға;

      2) заңсыз шығарылған активтердің шығу тегін ашу, растау және оларды қайтару тетіктерін регламенттеуге;

      3) заңсыз шығарылған активтерді қайтару рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге;

      4) заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке өз еркімен беруді ынталандыруға;

      5) активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен себептер мен шарттарды жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауға;

      6) өкілеттіктерін айқындай отырып, заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органды құруға;

      7) келіп түсетін заңсыз шығарылған активтерді жинақтайтын және оларды Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін басқаратын арнаулы мемлекеттік қорды құруға бағытталған Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін.

      2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымында заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жеке бөлімше құру жөнінде ұсыныс енгізсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңсыз шығарылған активтерді анықтау және мемлекетке қайтару үшін шет елдермен және халықаралық ұйымдармен, оның ішінде халықаралық құқықтық көмек шеңберіндегі тиімді өзара іс-қимылды жүйелі негізде қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға маманданатын бөлімшелерді айқындасын.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар осы Жарлықты іске асыру бойынша шаралар қабылдасын.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

О мерах по возврату государству незаконно выведенных активов

Указ Президента Республики Казахстан от 26 ноября 2022 года № 3

      В соответствии со статьей 21 Конституционного закона Республики Казахстан "О Президенте Республики Казахстан" с целью возврата в Республику Казахстан активов, незаконно выведенных из страны, а также выявления активов, полученных незаконным путем (далее – незаконно выведенные активы), и их возврата государству ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Правительству Республики Казахстан совместно с Генеральной прокуратурой Республики Казахстан, Национальным Банком Республики Казахстан, Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан, Агентством Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службой), Агентством Республики Казахстан по финансовому мониторингу, Агентством Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка, Акционерным обществом "Фонд национального благосостояния "Самрук-Казына" и другими заинтересованными государственными органами и организациями до 31 марта 2023 года разработать и внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан, направленный на:

      1) определение субъектов правоотношений, регулируемых законом;

      2) регламентацию механизмов раскрытия, подтверждения происхождения и возврата незаконно выведенных активов;

      3) обеспечение прозрачности процедур возврата незаконно выведенных активов;

      4) стимулирование добровольной передачи государству незаконно выведенных активов;

      5) принятие системных мер, направленных на устранение причин и условий, способствовавших незаконному выводу активов;

      6) создание консультативно-совещательного органа по вопросам возврата незаконно выведенных активов с определением его полномочий;

      7) образование специального государственного фонда, аккумулирующего поступающие незаконно выведенные активы и управляющего ими, для финансирования социальных и экономических проектов, направленных на повышение благосостояния народа Казахстана.

      2. Генеральному Прокурору Республики Казахстан внести предложение по образованию в структуре Генеральной прокуратуры Республики Казахстан отдельного подразделения по возврату незаконно выведенных активов.

      3. Правительству Республики Казахстан совместно с Генеральной прокуратурой Республики Казахстан и другими заинтересованными государственными органами на системной основе обеспечить эффективное взаимодействие с зарубежными странами и международными организациями, в том числе в рамках международной правовой помощи для выявления и возврата государству незаконно выведенных активов.

      4. Правоохранительным и специальным государственным органам Республики Казахстан определить подразделения, специализирующиеся на возврате незаконно выведенных активов.

      5. Правительству Республики Казахстан и государственным органам, непосредственно подчиненным и подотчетным Президенту Республики Казахстан, а также иным организациям принять меры по реализации настоящего Указа.

      6. Контроль за исполнением настоящего Указа возложить на Администрацию Президента Республики Казахстан.

      7. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ