Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 744 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында және
республикалық баспасөзде
жариялануға тиiс

      Ескерту. Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 07 сағат 00 минуттан бастап жойылды – ҚР Президентінің 12.01.2022 № 764 Жарлығымен.

      Павлодар облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына, "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Азаматтардың маңызды және тікелей қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында 2022 жылғы 5 қаңтардағы 22 сағат 00 минут пен 2022 жылғы 19 қаңтардағы 00 сағат 00 минут мерзімі кезеңінде Павлодар облысының шекараларында төтенше жағдай енгізілсін.

      2. Павлодар облысында төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде 23 сағат 00 минуттан 7 сағат 00 минутқа дейін коменданттық сағат енгізілсін.

      3. Төтенше жағдайдың кезеңінде Павлодар облысының комендатурасы құрылып, оған "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген өкілеттіктер берілсін.

      Павлодар облысының коменданты болып Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімов тағайындалсын.

      4. Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер енгізілсін:

      1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;

      2) Павлодар облысында жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленсін;

      3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілсін;

      4) Павлодар облысына кіру, сондай-ақ одан шығу шектелсін;

      5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;

      6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;

      7) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режимі белгіленсін;

      8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін.

      5. Төтенше жағдай режимі кезінде қолданылатын шаралардың іске асырылуына жауапты болып Павлодар облысының комендатурасы, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі белгіленсін.

      6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры осы Жарлықта белгіленген шаралар мен уақытша шектеулерді іске асыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасының Үкіметі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қажетті қаражатты бөлсін.

      8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

О введении чрезвычайного положения в Павлодарской области

Указ Президента Республики Казахстан от 5 января 2022 года № 744.

  Подлежит опубликованию в
Собрании
актов Президента и
Правительства
Республики Казахстан
и республиканской печати

      Сноска. Отменено с 07 часов 00 минут 13 января 2022 года чрезвычайное положение в границах Павлодарской области Указом Президента РК от 12.01.2022 № 764.

      В целях обеспечения безопасности населения Павлодарской области в соответствии с подпунктом 16) статьи 44 Конституции Республики Казахстан и статьями 4, 5, 6 Закона Республики Казахстан "О чрезвычайном положении" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. В связи с серьезной и непосредственной угрозой безопасности граждан в целях обеспечения общественной безопасности, восстановления законности и правопорядка, защиты прав и свобод граждан ввести в границах Павлодарской области чрезвычайное положение на период с 22 часов 00 минут 5 января 2022 года на срок до 00 часов 00 минут 19 января 2022 года.

      2. Ввести в Павлодарской области на период действия чрезвычайного положения комендантский час с 23 часов 00 минут до 7 часов 00 минут.

      3. Создать на период чрезвычайного положения комендатуру Павлодарской области и наделить ее полномочиями, предусмотренными Законом Республики Казахстан "О чрезвычайном положении".

      Назначить комендантом Павлодарской области начальника Департамента полиции Павлодарской области Масимова Нурлана Мырзахановича.

      4. Ввести на период действия чрезвычайного положения следующие меры и временные ограничения:

      1) усилить охрану общественного порядка, охрану особо важных государственных и стратегических объектов, а также объектов, обеспечивающих жизнедеятельность населения и функционирование транспорта;

      2) установить ограничения на свободу передвижения, в том числе транспортных средств, в Павлодарской области;

      3) обеспечить проверку документов, удостоверяющих личность физических лиц, личный досмотр, досмотр находящихся при них вещей, транспортных средств;

      4) ограничить въезд в Павлодарскую область, а также выезд из нее;

      5) запретить организацию и проведение мирных собраний, зрелищных, спортивных и других массовых мероприятий;

      6) запретить забастовки и иные способы приостановления или прекращения деятельности юридических лиц;

      7) запретить продажу оружия, боеприпасов, взрывчатых веществ, специальных средств, ядовитых веществ, установить особый режим оборота лекарственных, наркотических средств, психотропных веществ, прекурсоров, а также этилового спирта, алкогольной продукции;

      8) обеспечить временное изъятие у физических лиц оружия и боеприпасов, ядовитых веществ, а у юридических лиц временное изъятие, наряду с оружием, боеприпасами и ядовитыми веществами, также боевой и учебной военной техники, взрывчатых и радиоактивных веществ.

      5. Определить ответственными за осуществление мер, применяемых в условиях режима чрезвычайного положения, комендатуру Павлодарской области, Министерство внутренних дел Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Министерство обороны Республики Казахстан, Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      6. Генеральному Прокурору Республики Казахстан обеспечить соблюдение законности при реализации мер и временных ограничений, установленных настоящим Указом.

      7. Правительству Республики Казахстан выделить необходимые средства из резерва Правительства Республики Казахстан для обеспечения режима чрезвычайного положения.

      8. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев