ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 29-бабының 8-тармағына, 30-1-бабының 3-тармағына және 38-1-бабының 4-тармағына сәйкес қаулы етемін:";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ережеде:
"4. Тағылымдамадан өту мерзімі аудандық және оған теңестірілген сотта (бұдан әрі – аудандық сот) он бір айды, облыстық және оған теңестірілген сотта (бұдан әрі – облыстық сот) бір айды құрайды.
Заң мамандығы бойынша кем дегенде он жыл жұмыс өтілі бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі алты айды, оның ішінде аудандық сотта бес айды, облыстық сотта бір айды құрайды.
Заң мамандығы бойынша он бес жылдан астам жұмыс өтілі бар адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі үш айды, оның ішінде аудандық сотта екі айды, облыстық сотта бір айды құрайды.
Жоғарғы Соттың ұсынысы бойынша тізбесін Жоғары Сот Кеңесі бекітетін құқықтың жекелеген салаларында мамандар болып табылатын адамдар үшін тағылымдамадан өту мерзімі облыстық сотта бір айды құрайды.
Судьялыққа кандидат ұзақтығы екі айдан артық уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысы тағылымдаманы тоқтатады.
Осы Ереженің 26-тармағының 5) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, судьялыққа кандидаттың өтініші бойынша уәкілетті органның басшысы белгіленген мерзім өткенге дейін тағылымдаманы тоқтатады.
Кейіннен судьялыққа кандидат жалпы негіздерде тағылымдамадан өтуге жіберілуі мүмкін.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Сот жюриі туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Сот жюриінің құрамына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы мен сот алқаларының төрағалары, облыстық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі – облыстық соттар) төрағалары мен сот алқаларының төрағалары, Судья әдебі жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның мүшелері – судьялар сайлана алмайды.";
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
"24-1. Сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселе, судьяның дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақытты есептемегенде, тәртіптік теріс қылық анықталған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ тәртіптік іс жүргізуді бастау үшін Конституциялық заңның 42-бабының 1-тармағында көзделген мерзімдер өткенге дейін кемінде бір ай бұрын, облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының талқылауына шығарылады.
Судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселе судья әдебі жөніндегі комиссия туралы ережеде көзделген тәртіппен және мерзімде, бірақ Конституциялық заңның 42-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік іс жүргізуді бастау үшін мерзімдер аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын судья әдебі жөніндегі комиссияның талқылауына шығарылады.
Лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін сот төрағасына немесе соттың сот алқасы төрағасына қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы мәселе, дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақытты есептемегенде, қызметтік тексеру нәтижелері бойынша тиісті қорытынды шығарылған күннен бастап үш ай ішінде, бірақ Конституциялық заңның 42-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік іс жүргізуді бастау мерзімдері өткенге дейін кемінде бір ай бұрын облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының талқылауына шығарылады.
Судьяға қатысты материалдар облыстық соттың, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының тиісті шешімі немесе судья әдебі жөніндегі комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап бір ай ішінде, бірақ Конституциялық заңның 42-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік іс жүргізуді бастау үшін мерзімдер өткенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын Сот жюриіне жіберілуге тиіс.";
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Судьяларға қатысты тәртіптік істер және судьялардың іс-әрекеттерін тексеру нәтижелері бар материалдар келіп түскен кезде Сот жюриінің төрағасы бес жұмыс күні ішінде:
1) Сот жюриінің мүшелеріне тәртіптік істер мен материалдарды зерделеу үшін бөлу;
2) толық ресімдеу үшін тәртіптік істер мен материалдарды қайтару;
3) Сот жюриінің судьялар қатарындағы мүшелерінен және Жоғарғы Соттың судьяларынан тұратын бірлескен комиссияның тексеру жүргізуі;
4) тәртіптік істер мен материалдарды біріктіру немесе бөлу туралы шешім қабылдайды.";
мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын:
"25-1. Бір судьяға қатысты тәртіптік істер мен материалдар біртектес тәртіптік теріс қылықтар бойынша бір тәртіптік іс жүргізуге біріктірілуі мүмкін.
Тәртіптік іс немесе материал мынадай жағдайларда жеке-жеке тәртіптік іс жүргізуге бөлінуі мүмкін:
1) бірнеше судьяға қатысты;
2) бір судьяға қатысты жеке тәртіптік теріс қылықтар бойынша.
Тәртіптік істер мен материалдарды біріктіру немесе бөлу кезінде осы Ереженің 28-тармағында белгіленген мерзімдерді есептеу Сот жюриінің төрағасы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап жүзеге асырылады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу теріс қылық анықталған күннен бастап – бір жылдан кешіктірілмей және теріс қылық жасалған күннен бастап екі жылдан кешіктірілмей басталуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерге судьяның тәртіптік теріс қылық анықталған күннен кейін дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақыты қосылмайды.
Жоғары тұрған сот сатысының заңдылықты бұзу фактісін анықтаған сот актісінің заңды күшіне енген күні судьяның сот ісін қарау кезінде заңдылықты бұзуына байланысты тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал заңсыз сот актісі шығарылған күн осындай теріс қылықтың жасалған күні болып есептеледі.
Судья әдебі жөніндегі комиссияның судьяның судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасау фактісін анықтаған шешім шығарған күні судья әдебіне қайшы келетін тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал осындай теріс қылық жасалған күн немесе кезең оның жасалған күні болып есептеледі.
Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы енгізілген, облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының лауазымдық міндеттерді тиісінше орындамау фактісін анықтаған шешімдер қабылдаған күні соттар төрағаларының, соттардың сот алқалары төрағаларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты тәртіптік теріс қылықтың анықталған күні болып есептеледі, ал соттар төрағаларының, соттардың сот алқалары төрағаларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамаған күні немесе кезеңі осындай теріс қылықтың жасалған күні болып есептеледі.
Егер тәртіптік теріс қылық жасалған күн уақыт кезеңімен айқындалатын болса, осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімдерді есептеу кезең аяқталғаннан кейінгі келесі күннен бастап жүзеге асырылады.";
27-тармақ алып тасталсын;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтату үшін негіздер:
1) судьяның іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауы;
2) судьяға қатысты Конституциялық заңның 42-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіптік істі қарау мерзімдерінің аяқталуы;
3) жасалған тәртіптік теріс қылықтың теріс құқықтық салдары болмай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соқтырмай, маңыздылығы шамалы болып, егер Сот жюриі судьяның іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) ауызша мін тағумен шектелу мүмкіндігі туралы тұжырымға келсе;
4) Конституциялық заңның 34-бабында көзделген негіздер бойынша судьяны атқаратын лауазымынан босату және сот төрағасының, сот алқасы төрағасының және судьяның өкілеттіктерін тоқтату;
5) жоғары тұрған сот сатысының тәртіптік іс жүргізуді қозғауға негіз болған сот актісін жоюы болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 54-1 және 54-2-тармақтармен толықтырылсын:
"54-1. Жоғары тұрған сот сатысы сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу фактісі анықталған сот актісінің күшін жойған немесе өзгерткен жағдайда, Сот жюриі судьяның өтініші негізінде тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешімнің күшін жояды және істі қайта қарайды.
54-2. Тәртіптік істі қайта қарауды Сот жюриі осы Ереженің 25-47, 51 және 52-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Комиссия жеті мүшеден – облыстық соттардың (бұдан әрі – облыстық сот) үш судьясынан, Жоғарғы Соттың (бұдан әрі – Жоғарғы Сот) үш судьясынан және отставкадағы бір судьядан тұрады.";
21-тармақтың 2) тармақшасындағы "мерзімді;" деген сөз "мерзімді жүргізіледі." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақшасы алып тасталсын;
24-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот төрелігін жүзеге асыру сапасының көрсеткіштері, деректерді жинау әдістері мен рәсімдері Жоғары Сот Кеңесімен алдын ала келісілгеннен кейін Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекітетін Судьяның кәсіби қызметіне бағалау жүргізу әдістемесімен айқындалады және Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында жарияланады.";
2) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген шешімі ұсынымдық сипатта болады.";
36-тармақ алып тасталсын;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Судьяны кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы, басқа сотқа, басқа мамандануға ауыстыру туралы хаттамалық шешімнің көшірмесі тиісті облыстық сотқа, сондай-ақ өзіне қатысты шешім қабылданған судьяға жіберіледі.";
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"48. Жоғары Сот Кеңесінің "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Заңның 24-бабы 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген шешімді қабылдауы Жоғары Сот Кеңесінің не Комиссияның "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 44-бабында көзделген өзге шешімді қабылдауына негіз болып табылады.".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |