ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе Президенттің көмекшісі, төрағаның орынбасары" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі көмекшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі";
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"QazaqGaz" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)";
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 қазандағы № 659 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңестің құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары немесе әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, төрағаның орынбасары" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары";
"Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі көмекшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті |
Қ.Тоқаев |