Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 957 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, 50-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 129-бабына жəне "Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мəселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Абай, Жетісу жəне Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалсын.

      2. Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын белгілеу жəне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 129-бабына сəйкес жүзеге асырылатын болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Абай, Жетісу жəне Ұлытау облыстарының əкімдері Абай, Жетісу жəне Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жəне қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

О назначении выборов депутатов Сената Парламента Республики Казахстан от областей Абай, Жетісу и Ұлытау

Указ Президента Республики Казахстан от 11 июля 2022 года № 957.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 44, пунктом 2 статьи 50 Конституции Республики Казахстан, подпунктом 2) пункта 1 статьи 69, статьей 129 Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года "О выборах в Республике Казахстан" и Указом Президента Республики Казахстан от 3 мая 2022 года № 887 "О некоторых вопросах административно-территориального устройства Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Назначить на 24 августа 2022 года выборы депутатов Сената Парламента Республики Казахстан от областей Абай, Жетісу и Ұлытау.

      2. Установить, что проведение голосования, установление итогов выборов и определение срока полномочий депутатов Сената Парламента Республики Казахстан осуществляются в соответствии со статьей 129 Конституционного закона Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан".

      3. Правительству Республики Казахстан, акимам областей Абай, Жетісу и Ұлытау принять меры по организационному, материально-техническому и финансовому обеспечению выборов депутатов Сената Парламента Республики Казахстан от областей Абай, Жетісу и Ұлытау.

      4. Настоящий Указ вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. ТОКАЕВ