Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 сәуірдегі № 190 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 10 сәуірдегі
№ 190 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамында:

      "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының хатшысы" деген абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының төрағасы".

      2. "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мәслихаттың үлгі регламентінде:

      бүкіл мәтін бойынша "мәслихат хатшысы", "мәслихат хатшысының", "Мәслихат хатшысы", "мәслихат хатшысына", "мәслихаттарының хатшылары", "Мәслихаттың хатшысы", "мәслихаттың хатшысы", "Мәслихат хатшысының", "мәслихат хатшысын", "мәслихатының хатшысы", "жаңа хатшыны", "мәслихаты хатшысының", "Мәслихат хатшысын" деген сөздер тиісінше "мәслихат төрағасы", "мәслихат төрағасының", "Мәслихат төрағасы", "мәслихат төрағасына", "мәслихаттарының төрағалары", "Мәслихаттың төрағасы", "мәслихаттың төрағасы", "Мәслихат төрағасының", "мәслихат төрағасын", "мәслихатының төрағасы", "жаңа төрағаны", "мәслихаты төрағасының", "Мәслихат төрағасын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 639 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында:

      "Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үрдістері мен пайымы" деген 4-бөлімде:

      "Барлық деңгейдегі мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыру" деген кіші бөлімде:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мәслихаттардың депутаттары мен төрағаларының құқықтық мәртебесі жиындар мен Кеңестің отырыстарына қатысу, мәслихат сессиясында азаматтардың қоғамдық маңызы бар жолданымдарын жария ету, мәслихаттардың құрылатын тұрақты және уақытша комиссияларының құрамына кандидатуралар ұсыну, мәслихатқа заңнамалық актілердің орындалуын тексеру қажеттігі туралы ұсыныстар енгізу сияқты қосымша өкілеттіктер беру арқылы арттырылатын болады.";

      Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      реттік нөмірлері 2 және 6-жолдарды қоспағанда, бүкіл мәтін бойынша "Нұр-Сұлтан" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 5.5-жолдағы "БҒМ" деген аббревиатурасы "ОАМ" және "ҒЖБМ" деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

      "Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"ҒЖБМ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігі

ЖАП

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

ИИДМ

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

ОАМ

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

ҰЭМ

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі".

      4. "Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларында:

      бүкіл мәтін бойынша "мәслихатының хатшысына", "мәслихатының хатшысы", "мәслихаты хатшысының", "мәслихат хатшысы", "Мәслихат хатшысы" деген сөздер тиісінше "мәслихатының төрағасына", "мәслихатының төрағасы", "мәслихаты төрағасының", "мәслихат төрағасы", "Мәслихат төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысына облыс және тиісті облыстың аудандары (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының депутаттары қатысады. Жиналысты облыс мәслихатының төрағасы басқарады.

      Республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаты депутаттарының жиналысына тиісті мәслихаттардың депутаттары қатысады. Жиналысты тиісті мәслихаттың төрағасы басқарады.

      Егер жиналысқа облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қала және астана мәслихаты депутаттарының жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, оның құқықтық күші болады. Әрбір жиналыстың алдында қатысатын депутаттарды тіркеу жүргізіледі, оның нәтижелерін мәслихат төрағасы отырыс басталар алдында жариялайды.".

О внесении изменений в некоторые акты Президента Республики Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 10 апреля 2023 года № 190.

  Подлежит опубликованию
в Собрании актов Президента и
Правительства Республики
Казахстан

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые акты Президента Республики Казахстан.

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Президент Республики Казахстан К. Токаев

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 10 апреля 2023 года
№ 190

Изменения,
которые вносятся в некоторые акты Президента Республики Казахстан

      1. В Указе Президента Республики Казахстан от 7 марта 2013 года № 520 "О Национальной комиссии по кадровой политике при Президенте Республики Казахстан и кадровых комиссиях областей, городов республиканского значения, столицы":

      в Типовом должностном составе кадровой комиссии области, города республиканского значения, столицы, утвержденном вышеназванным Указом:

      абзац "Секретарь маслихата области, города республиканского значения, столицы" изложить в следующей редакции:

      "Председатель маслихата области, города республиканского значения, столицы".

      2. В Указе Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата":

      в Типовом регламенте маслихата, утвержденном вышеназванным Указом:

      по всему тексту слова "секретарем маслихата", "секретаря маслихата", "секретарь маслихата", "секретарю маслихата", "секретари маслихатов", "нового секретаря" заменить соответственно словами "председателем маслихата", "председателя маслихата", "председатель маслихата", "председателю маслихата", "председатели маслихатов", "нового председателя".

      3. В Указе Президента Республики Казахстан от 18 августа 2021 года № 639 "Об утверждении Концепции развития местного самоуправления в Республике Казахстан до 2025 года":

      в Концепции развития местного самоуправления в Республике Казахстан до 2025 года, утвержденной вышеназванным Указом:

      в разделе 4 "Тенденции и видение развития местного самоуправления":

      в подразделе "Повышение эффективности работы маслихатов всех уровней":

      часть третью изложить в следующей редакции:

      "Правовой статус депутатов и председателей маслихатов будет повышен через предоставление дополнительных полномочий, таких как участие в сходах и заседаниях Кенеса, оглашение на сессии маслихата обращений граждан, имеющих общественную значимость, выдвижение кандидатур в состав образуемых постоянных и временных комиссий маслихатов, внесение в маслихат предложений о необходимости проверки исполнения законодательных актов.";

      в Плане действий по реализации Концепции развития местного самоуправления в Республике Казахстан до 2025 года:

      по всему тексту слово "Нур-Султана" заменить словом "Астаны", за исключением строк, порядковые номера 2 и 6;

      в строке, порядковый номер 5.5, аббревиатуру "МОН" заменить аббревиатурами "МП" и "МНВО";

      раздел "Примечание: расшифровка аббревиатур" изложить в следующей редакции:

"ВАП

Высшая аудиторская палата Республики Казахстан

МИИР

Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

МНВО

Министерство науки и высшего образования Республики Казахстан

МНЭ

Министерство национальной экономики Республики Казахстан

МП

Министерство просвещения Республики Казахстан

МЦРИАП

Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан".

      4. В Указе Президента Республики Казахстан от 8 июня 2022 года № 912 "Об утверждении Правил дачи согласия депутатами маслихатов, расположенных на территории области, или маслихатов городов республиканского значения и столицы на назначение на должность акима области, города республиканского значения и столицы":

      в Правилах дачи согласия депутатами маслихатов, расположенных на территории области, или маслихатов городов республиканского значения и столицы на назначение на должность акима области, города республиканского значения и столицы, утвержденных вышеназванным Указом:

      по всему тексту слова "секретарю маслихата", "секретарь маслихата", "секретаря маслихата", "секретарем маслихата" заменить соответственно словами "председателю маслихата", "председатель маслихата", "председателя маслихата", "председателем маслихата";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. На собрании депутатов маслихатов, расположенных на территории области, принимают участие депутаты маслихатов области и районов (городов областного значения) соответствующей области. Собранием руководит председатель маслихата области.

      На собрании депутатов маслихата города республиканского значения и столицы принимают участие депутаты соответствующих маслихатов. Собранием руководит председатель соответствующего маслихата.

      Собрание правомочно, если на нем присутствует не менее двух третей от общего числа депутатов маслихатов, расположенных на территории области, или маслихата города республиканского значения и столицы. Перед каждым собранием проводится регистрация присутствующих депутатов, ее результаты оглашаются председателем маслихата перед началом заседаний.".