Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2 және 8-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Абай облысы Жарма ауданының № 2 аудандық соты;
Жетісу облысы Кербұлақ ауданының № 2 аудандық соты;
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының № 2 аудандық соты;
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының № 2 аудандық соты;
Қарағанды облысы Осакаров ауданының № 2 аудандық соты;
Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 2 аудандық соты таратылсын.
2. Мыналардың:
Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының атауы Қарағанды облысының Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты;
Қарағанды облысының Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 3 аудандық сотының атауы Қарағанды облысының Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының № 2 соты болып өзгертілсін.
3. Судья қызметіне:
Абай облысы бойынша:
Семей қалалық сотына |
Құрбанова Бақыт Қабидоллақызы |
Алматы облысы бойынша:
Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына |
Шәріпбаев Абай Қанатұлы |
Қарағанды облысы бойынша:
Осакаров аудандық сотына |
Баянбеков Нұрлан Жаңаталапұлы |
Шахтинск қалалық сотына |
Әлменов Данияр Қайырберліұлы |
Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына |
Жаманқұлова Шынар Тілеуғабылқызы |
Қарқаралы аудандық сотына |
Майпасов Ербол Әбікенұлы |
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының сотына |
Жапарова Жанна Хматқызы |
Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотына |
Цай Олеся Юрьевна |
тағайындалсын.
4. Атауы өзгертілетін соттардың төрағалары мен судьялары атауы өзгертілген соттардың төрағалары мен судьялары болып есептелсін.
5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |