Қазақстан Республикасының кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарын тарату, олардың атауын өзгерту және Қазақстан Республикасы соттарының кадр мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 196 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2 және 8-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Мыналар:

      Абай облысы Жарма ауданының № 2 аудандық соты;

      Жетісу облысы Кербұлақ ауданының № 2 аудандық соты;

      Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының № 2 аудандық соты;

      Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының № 2 аудандық соты;

      Қарағанды облысы Осакаров ауданының № 2 аудандық соты;

      Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 2 аудандық соты таратылсын.

      2. Мыналардың:

      Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының атауы Қарағанды облысының Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты;

      Қарағанды облысының Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 3 аудандық сотының атауы Қарағанды облысының Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының № 2 соты болып өзгертілсін.

      3. Судья қызметіне:

Абай облысы бойынша:

Семей қалалық сотына

Құрбанова Бақыт Қабидоллақызы
осы облыстың Жарма ауданының № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Алматы облысы бойынша:

Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына

Шәріпбаев Абай Қанатұлы
Жетісу облысы Кербұлақ ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;
Шамұратов Аруслан Нәжмәдинұлы
Жетісу облысы Кербұлақ ауданының № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қарағанды облысы бойынша:

Осакаров аудандық сотына

Баянбеков Нұрлан Жаңаталапұлы
осы облыстың Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Шахтинск қалалық сотына

Әлменов Данияр Қайырберліұлы
осы облыстың Осакаров ауданының № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына

Жаманқұлова Шынар Тілеуғабылқызы
осы облыстың Қарқаралы ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Қарқаралы аудандық сотына

Майпасов Ербол Әбікенұлы
осы облыстың Қарқаралы ауданының № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының сотына

Жапарова Жанна Хматқызы
осы облыстың Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып;
Нығметов Талғат Әлиханұлы осы облыстың Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып;

Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының № 2 аудандық сотына

Цай Олеся Юрьевна
осы облыстың Қарағанды қаласы Октябрь ауданының № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып

      тағайындалсын.

      4. Атауы өзгертілетін соттардың төрағалары мен судьялары атауы өзгертілген соттардың төрағалары мен судьялары болып есептелсін.

      5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады