"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 8 сәуірде Алматыда жасалған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы аумағына құқық қорғау және арнаулы органдары қызметкерлерінің келу тәртібі мен өзара іс-қимылдары туралы шартқа қатысушы болмау ниеті туралы Қырғыз Республикасын заңнамада белгіленген тәртіппен хабардар етсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Қ.Тоқаев |