Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қойылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 228 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН Жоба |
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы XATTAMА
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 20-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Одақ органдарының қызметін қаржыландыру, сондай-ақ осы Шарттың 92-бабында көзделген тәртіппен мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде Комиссияның қаржылық жәрдем көрсетуі Одақ бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Одақ бюджетінің қаражатын қалыптастыру және жұмсау тәртібі Еуразиялық экономикалық одақ бюджеті туралы ережеде айқындалады.";
2) 92-баптың 9-тармағының 1) тармақшасы "өнеркәсіптік кооперацияны" деген сөздерден кейін ", оның ішінде осы Шартқа № 27 қосымшаға сәйкес өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыру арқылы ынталандыру;" деген сөздермен толықтырылсын;
3) Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттама (көрсетілген Шартқа № 27 қосымша) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Тізбесін Үкіметаралық кеңес айқындайтын өнеркәсіп салаларында мүше мемлекеттердің бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруын қолдау мақсатында Комиссия Кеңесі Одақ бюджетінің қаражаты есебінен оларды іске асыруға қаржылық жәрдем көрсету туралы шешім қабылдай алады.
Одақтың кезекті қаржы жылына арналған бюджетінде мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық жәрдем көрсетуге көзделетін қаражат көлемі мүше мемлекеттердің бюджеттеріне Одақтың бюджеті бекітілетін жылдың алдындағы қаржы жылындағы арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарынан түсетін түсімдердің жалпы сомасынан пайыздық қатынаста айқындалады.
Аталған пайыздық қатынастың мөлшерін және мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық көмек көрсету нысанын Жоғары кеңес айқындайды.
Мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іріктеу және оларды іске асыру, сондай-ақ Одақ бюджетінің қаражаты есебінен қаржылық жәрдем көрсету тәртібі Үкіметаралық кеңес бекітетін ережеге сәйкес айқындалады.
Осы тармақта көзделген қаржылық жәрдемдесу тетігі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылық жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы 202_________жылғы__________ қол қойылған хаттама күшіне енген күннен бастап 5 жыл бойы қолданылады.
Қаржылық жәрдемдесу тетігінің қолданысын ұзарту туралы шешімді Жоғары кеңес қабылдайды.
Аталған тетіктің қолданысы тоқтатылған жағдайда мүше мемлекеттер мен Комиссия оның қолданысы шеңберінде Комиссия Кеңесінің өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруға қаржылық жәрдем көрсету туралы қабылдаған шешімдерінің негізінде туындаған қаржылық міндеттемелердің осындай жобаларды іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бұл міндеттеме тетік қолданысының тоқтатылуына қарамастан, ол толық орындалғанға дейін күшінде қалады.".
2-бап
Осы Хаттама мүше мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
20____жылғы "___" ____ _______қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарий бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін | Беларусь Республикасы үшін | Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |