ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Сарбасов Дос Жұрмаханбетұлы | - | "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы "National Laboratory Astana" жекеше мекемесінің бас директоры, |
Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, |
Ахмедов Дәулет Шафуғұллаұлы | - | техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі; |
мына:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары",
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)" деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін бірінші орынбасары",
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті";
мына:
"Закарья Күнсулу | - | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, биология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)" |
деген жол алып тасталсын;
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан: Д.Ж. Ахмед-Заки, М.М. Дәуленов шығарылсын.
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:
Құлкенов Мереке | - | Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, "Достық" орденінің иегері, "Қазақстан жазушылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы (келісім бойынша), |
Сатыбалды Азамат | - | тележүргізуші, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры; |
жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан: Ұ. Есдәулет, А.Ә. Жүдебаев шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |