"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 269 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

Сарбасов Дос Жұрмаханбетұлы

-

"Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы "National Laboratory Astana" жекеше мекемесінің бас директоры,

Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы

-

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері,

Ахмедов Дәулет Шафуғұллаұлы

-

техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі;

      мына:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары",

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)" деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін бірінші орынбасары",

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті";

      мына:

"Закарья Күнсулу

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, биология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)"

      деген жол алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан: Д.Ж. Ахмед-Заки, М.М. Дәуленов шығарылсын.

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

Құлкенов Мереке

-

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, "Достық" орденінің иегері, "Қазақстан жазушылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы (келісім бойынша),

Сатыбалды Азамат

-

тележүргізуші, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры;

      жоғарыда аталған Комиссияның құрамынан: Ұ. Есдәулет, А.Ә. Жүдебаев шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады