Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
"Мемлекеттік қаржыны басқару саясатын қалыптастыруға қатысты негізгі қағидаттар мен тәсілдер" деген 5-бөлімде:
"5.3. ҚРҰҚ қаражатын қалыптастыру және пайдалану саясаты" деген кіші бөлімде:
"ҚРҰҚ қаражатын пайдалану" деген тарауда:
екінші бөлік 3) тармақшасындағы "жабуға пайдаланылады." деген сөздер "жабуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысаналы талаптардың төлемдері түрінде және нысаналы жинақтардың аударымдары мен төлемдеріне байланысты банктің көрсететін қызметтеріне ақы төлеу бойынша шығыстарды жабуға пайдаланылады.
Нысаналы талаптар деп Үкіметтің он сегіз жасқа толмаған Қазақстан Республикасының азаматтары алдындағы міндеттемелері түсініледі, ол есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл үшін орташа алынған ҚРҰҚ-ның инвестициялық кірісінің және есепті жылдың алдындағы он сегіз жыл үшін орташа алынған, жыл сайын осы сомаға есепке жазылатын инвестициялық кірістің елу пайызы есебінен жьгл сайын қалыптастырылады.";
"ҚРҰҚ пайдалану бойынша шектеулер" деген тарауда:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрақтандыру функциясын іске асыру республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген трансферта қамтамасыз етуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша нысаналы трансферттерді аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және жалпы елдік маңызы бар жобаларды іске асыруға пайдалануды болжайды.";
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару" деген тарауда:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚРҰХ-ның активтерін сенімгерлік басқаруды - ҰБ, ҚРҰҚ-ны пайдалану мәселелері бойынша жәрдем көрсетуді және Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынымдарды тұжырымдауды Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес туралы ережеге сәйкес Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес жүзеге асырады.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |