ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 489 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Құрмет медалімен үш жылда бір реттен сиретпей марапатталады.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы лауреатының дипломы мен естелік белгісінің сипаттамасында:
Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы лауреатының дипломы мен естелік белгісінің сипаттамасына 1, 2 және 3-қосымшалар осы Жарлыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалінің және оның куәлігінің сипаттамасында:
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалінің және оның куәлігінің сипаттамасына 2 және 3-қосымшалар осы Жарлыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының лауреаты дипломының БЕЙНЕСІ (қатты мұқаба)
Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының лауреаты дипломының БЕЙНЕСІ (жапсырма беттің беткі жағы)
Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының лауреаты дипломының БЕЙНЕСІ (жапсырма беттің ішкі жағы)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 362 Жарлығына 4-ҚОСЫМША Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалінің және оның куәлігінің сипаттамасына 2-ҚОСЫМША |
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі куәлігінің БЕЙНЕСІ (қатты мұқаба)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 362 Жарлығына 5-ҚОСЫМША Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалінің және оның куәлігінің сипаттамасына 3-ҚОСЫМША |