"Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 489 Жарлығына өзгерiстер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 26 қыркүйектегі № 362 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 489 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Құрмет медалімен үш жылда бір реттен сиретпей марапатталады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы лауреатының дипломы мен естелік белгісінің сипаттамасында:

      Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы лауреатының дипломы мен естелік белгісінің сипаттамасына 1, 2 және 3-қосымшалар осы Жарлыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалінің және оның куәлігінің сипаттамасында:

      Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалінің және оның куәлігінің сипаттамасына 2 және 3-қосымшалар осы Жарлыққа 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 362 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Дінаралық диалогқа қосқан
үлесі үшін Астана халықаралық
сыйлығы лауреатының дипломы
мен естелік белгісінің
сипаттамасына
1-ҚОСЫМША

Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының лауреаты дипломының БЕЙНЕСІ (қатты мұқаба)



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 362 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Дінаралық диалогқа қосқан
үлесі үшін Астана халықаралық
сыйлығы лауреатының дипломы
мен естелік белгісінің
сипаттамасына
2-ҚОСЫМША

Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының лауреаты дипломының БЕЙНЕСІ (жапсырма беттің беткі жағы)



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 362 Жарлығына
3-ҚОСЫМША
Дінаралық диалогқа қосқан
үлесі үшін Астана халықаралық
сыйлығы лауреатының дипломы
мен естелік белгісінің
сипаттамасына
3-ҚОСЫМША

Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығының лауреаты дипломының БЕЙНЕСІ (жапсырма беттің ішкі жағы)



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 362 Жарлығына
4-ҚОСЫМША
Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлері съезінің құрмет
медалінің және оның куәлігінің
сипаттамасына
2-ҚОСЫМША

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі куәлігінің БЕЙНЕСІ (қатты мұқаба)



  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 362 Жарлығына
5-ҚОСЫМША
Әлемдік және дәстүрлі діндер
лидерлері съезінің құрмет
медалінің және оның куәлігінің
сипаттамасына
3-ҚОСЫМША

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің құрмет медалі куәлігінің БЕЙНЕСІ (ішкі бөлігі)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады